5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет5/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

3. Операция техникасы
Барлық хирругиялық операциялар 3 кезеңнен тұрады:
1) 
Оперативтік жету
– патологиялық процесс дамыған ағзаға немесе 
мүшеге тілу арқылы жету (мысалы, құрсақ ішіндегі ағзаларға жету үшін 
құрсақты тілу) (сурет 1).
Сурет 1 – Оперативтік жету 



2) О
перативтік әдіс
— ауру ағзаның өзіне жетіп ,операция жасау. Бұл 
кезде зақымдалған мүшеге өте мұқият болып, оның бүтіндігін және тіршілік 
қызметін бұзбай сақтауға тырысу қажет. Бұл хирургті физиологиялық 
ойлауға, ал операцияны анатомиялық жасауға міндеттендіреді (сурет 2).
Сурет 2 – Оперативтік әдіс 
3) 
Операцияның қортынды кезеңі
операциялық жараны жабу, ол 
операцияның соңы болып табылады, бұл тігін, байлам салу, дренаж енгізу 
(сурет 3).
Сурет 3 – Операцияның қортынды кезеңі (тігіс) 
Операцияның сәтті аяқталуы малдың операция алдындағы жағдайына, 
аурудың сипатына және зақымдалу дәрежесіне, операция әдісін дұрыс 
таңдағаннан және жасалу техникасынан ғана емес, сонымен қатар асептика 
және жансыздандыруға, операция кейінгі ауру малдың күтүміне, 
операциядан кейінгі асқынуды алдын алуға да байланысты.



Операция сәтті аяқталды деп есептеледі , егер малдың шаруашылық 
құндылығы сақталса.
 
Бақылау сұрақтары: 
1.
Ветеринарлық хирургияның дамуына үлес қосқан ғалымдар. 
2.
Оперативтік жету дегеніміз не? 
3.
Қандай сатылардың көмегімен хирургиялық операция іске асады?
4.
Хирургиялық операцияның соңғы сатысы немен аяқталады.
5.
Мақсатына қарай хирургиялық операция қалай бөлінеді?
 
Негізгі қолданылатын әдебиеттер: 
1.
Муралинов К.К., Оперативті хирургия, 2006 ж. 
2.
Магда И.И., Иткин Б.З., Воронин И.И. Оперативная хирургия с 
основами топографической анатомии. М. Колос, 2000 г. 
3.
Шебиц Х. и др., Оперативная хирургия.// М., «Аквариум», 2001. – 
511 с.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет