5В120100- ветеринариялық медицина мамандығы студенттеріне арналған «Ветеринариялық хирургия»



Pdf көрінісі
бет7/57
Дата07.09.2024
өлшемі3,19 Mb.
#203921
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57
Байланысты:
Abdulla OPH-1

АСЕПТИКА ЖӘНЕ АНТИСЕПТИКА 
1750 жылы ағылшын әскери хирургы Прингл «асептика» ұғымын енгізді.
Асептика

(а-жоқ, septicus-іріп-шіру) –инфекцияның болмауы. Асептика 
дегеніміз –жараға немесе ауру малдың денесіне ифекцияның түсуінің алдын-
алуға бағытталған шаралар кешенін айтамыз, басқаша айтқанда микробсыз 
жағдайда жұмыс істеу мүмкіндігін жасау.
Қазіргі таңда мынадай қағидалардың қатаң түрде сақталғанын талап етеді, 
олар:
1.
Жараға жанасатын заттың барлығы таза және залалсыз болу керек.


10 
2.
Барлық хирургиялық аурулар екі топқа бөлінуі керек –таза және 
инфекцияланған немесе іріңді.
Асептиканы механикалық, физикалық, химиялық әдістердің көмегімен іске 
асырады.
Антисептика 
– («anti»-қарсы, septicus»- іріп-шіру)-бар инфекциямен қарсы 
күресу шараларының кешені. Хининнің антисептикалық әсерін тапқан Дж. 
Прилинг 1750 жылы «антисептика» терминін медициналық тәжірибеге 
енгізді. Сонымен, антисептиканы механикалық, физикалық, химиялық және 
биологиялық факторлардың көмегімен жараға, патологиялық ошаққа, 
ағзалар мен ұлпаларғамалдың денесіне түскен микробтарды жоюға 
бағыталлған шаралардың кешені деп айтуымызға болады.
 
Антисептика 
Операциялық жараның инфицирлену көздері мен жолдары 
Инфекцияның жараға түсуінің алдын –алу үшін, оның денеге қандай 
жолдармен және қалай түсетінін білу керек. Инфекция жараға 
экзогенді
және 
эндогенді ж
олдарымен енеді.
Экзогенді инфекцияның көздері:

баццилотасымалдаушылар, 

іріңді хирургиялық ауру малдыр. 
Эндогенді инфекцияның ену жолдары: 

ауа-тамшылы жұғу жолы (ауа, шаң, тамшы арқылы), 

жанасу жолы (құрал-саймандар, таңғыштар, төсек жапқыштар, 
хирургтың қолы және т.б.) 

имплантациялық жол (тігетін, пластикалық материлдар, 
протездер және т.б.) 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет