Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет10/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫН РФ 
КОНСТИТУЦИЯСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІМЕН 
ЖƏНЕ РФ ЕҢБЕК КОДЕКСІМЕН РЕТТЕУ 
 
Біз өз Конституциямыз – құқықтық мемлекеттің негізгі заңын 
мақтан ете аламыз, өйткені онда ерлер мен әйелдердің еңбекке тең 
құқығы белгіленген. Ол 1993 жылғы 12 желтоқсанда бүкілхалықтық 
дауыс берумен қабылданды. 
Ішінара айтқанда, РФ Конституциясының 37-бабында: «Еңбек 
ерікті. Əркім өзінің еңбекке қабілетін еркін басқаруға, қызмет түрі 
ІІ ТАРАУ 


18 
мен кәсіпті таңдауға құқығы бар» деп жазылған. 37-баптың 
мәжбүрлі еңбекке тыйым салатынын атап өткен орынды. РФ Еңбек 
кодексі мәжбүрлі еңбекке тыйым салуды оның еңбек қатынастарын 
реттеудегі негіз салушылық рөлін көрсете отырып, жеке бапқа 
бөледі. 
Бұл арада ескерте кететін жағдай: заңнама мәжбүрлі еңбекке 
жатпайтын еңбек түрлерін белгілеп отыр. Мысалы, орындалуы 
әскери міндеттер және әскери қызмет немесе оны ауыстыратын 
баламалы азаматтық қызмет туралы заңнамамен шарттандырылған 
жұмыс мәжбүрлі еңбек ретінде қаралуы мүмкін емес. Сондай-ақ 
төтенше жағдайлар шарттарында, яғни, апат немесе апат қауіпі (су 
тасқыны, ашаршылық, жер сілкінісі) жағдайында және бүкіл 
халықтың немесе оның бөлігінің өмірін немесе қалыпты өмір 
жағдайларын қауіпке ұрындыратын жағдайларда орындалатын 
жұмыс мәжбүрлі еңбек болып табылмайды. 
РФ Конституциясының 37-бабында «әркімнің қауіпсіздік 
және гигиена талаптарына жауап беретін, еңбегі үшін қандай да 
болмасын кемсітусіз және федералдық заңмен белгіленген 
минималды еңбекақы төлемі мөлшерінен (МЕТМ) кем емес сыйақы 
алу жағдайларында жұмыс істеуге, сондай-ақ жұмыссыздықтан 
қорғалуға құқығы бар» деп айтылған. 
Алайда, адам жұмыс істеп қана қоймай, демалуы да тиіс. Бұл 
оған физикалық және рухани күшін қалпына келтіру, 
«психологиялық күйіп кетуді» қысқарту және жұмыс қабілетін 
жоғарылату мүмкіндігін береді. РФ Конституциясында былай 
делінген: «Əркімнің демалу құқығы бар. Еңбек келісім-шарты 
бойынша жұмыс істейтін адамға федералдық заңмен белгіленген 
жұмыс мерзімінің ұзақтығы, демалыс және мерекелік күндер, жыл 
сайынғы төлемақылы демалыс кепілдендіріледі». 
Жұмысқа қабылдау барысында жұмыс беруші жұмысшымен 
еңбек келісім-шартын жасайды. Еңбек келісім-шартының 
анықтамасы РФ Еңбек кодексінің 56-бабында берілген: «...еңбек 
келісім-шарты — соған сәйкес жұмыс беруші қызметкерге 
шарттандырылған еңбек функциясы бойынша жұмыс беретін, РФ 
ЕК-мен, заңдармен және басқа нормативтік актілермен, ұжымдық 
келісімдермен, 
оқшауландырылған 
нормативтік 
актілермен 
қарастырылған еңбек жағдайларын және қызметкерге толық 


19 
мөлшерде еңбекақы төлеуді қамтамасыз етуге, ал қызметкер 
келісіммен белгіленген еңбек функциясын, ұйымда қолданылатын 
ішкі еңбек тәртібі ережелерін жеке орындауға міндеттеме алатын 
жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы келісім...». Тек келісім- 
шарт жасалғаннан соң азамат нақты ұжымның толық құқылы 
қызметкері болады. Бұл құжат әрқайсысының тең заңдық күші бар 
екі данада жасалады». 
Келісім-шарттың 
қажетті шарттары деп 
оларсыз еңбек 
шарты жасалуы мүмкін емес, ал жасалған жағдайда, ол жарамсыз 
болатын шарттар аталады. Олардың тізбесі РФ ЕК 57-бабының 2-
бөлігінде бекітілген. Оларға: 

еңбек функциясының сипаты (еңбек тегі);

жұмыс орыны және оның басталу күні;

қызметкердің еңбек ақысы мөлшері;

тараптардың құқықтары мен міндеттері жатады.
Қосымша шарттар тараптардың келісімімен белгіленеді, алайда 
олар 
қызметкердің 
жағдайын 
қолданыстағы 
заңнамамен 
салыстырғанда төмендетпеуі тиіс. Мысалы, ондай шарттарға 
мектепке дейінгі мекемеден кезектен тыс орын беру, жұмысқа 
қабылдау барысында сынақ мерзімін белгілеу жатқызылуы мүмкін. 
РФ Еңбек кодексі еңбек шартын жасау тәртібіне талап етілетін 
біртұтас талаптарды белгіледі: 

кесімді жасқа жету;

тиісті түрде ресімделген құжаттарды ұсыну;

жұмысқа орналасу үшін заңмен белгіленген процедуралардан 
өту.
Жалпы ереже бойынша жұмысқа қабылдау 16 жасқа толғаннан 
кейін ғана мүмкін, ол екі данада еңбек шартын ресімдеу және 
қызметкерге қол қоюға ұсынылатын кәсіпорын басшысы 
бұйрығының шығарылуы арқылы жүргізіледі. 
РФ Конституциясының 41-бабында «Əркімнің денсаулығын 
қорғауға және медициналық көмекке құқығы бар» делінген. 
Міндетті медициналық сақтандырудың медициналық сақтандыру 
полисі қызметкерге тұрғын орынына және белгілі медициналық 
мекемеге қатаң байланбай, медицина мекемелерінде қызмет алу 
кепілдігін береді.. 
Қызметкер өндірістік жағдайлардың жай-күйі туралы хабардар 
болуы тиіс, ол РФ Конституциясының 42-бабында бекітілген: 
«Əркімнің жағымды қоршаған ортаға, оның жай-күйі туралы 
шүбәсіз ақпаратқа және денсаулығына зияны тиген залалға өтем 
алуға құқығы бар» 


20 
Кәсіпорындарда жұмыс орнының аттестациясы жүргізіледі. 
Еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарының аттестациясы: 

қауіпті немесе зиянды өндірістік факторларды анықтау 
мақсатында еңбек жағдайларын бағалау;

еңбек жағдайларын мемлекеттік нормативтік талаптарға келтіру 
жөніндегі шараларды міндетті іске асырудан тұрады.
Аттестация еңбек саласындағы мемлекеттік саясатты және 
нормативтік-құқықтық реттеуді әзірлеу жөніндегі функцияларды 
іске асыратын орындаушылық биліктің федералдық органы 
белгілеген тәртіпте жүргізіледі. Оның барысында ең минималды 
болуы тиіс зиянды ықпалдың болуы мен сандық көрсеткіштері 
белгіленеді. 
Олай болмаған жағдайда қызметкерлерге өтемақы төленеді, 
жеңілдіктер белгіленеді. Өндірісте жазатайымдық жағдайы 
туындауы барысында, ол тергеледі, үш данада акт жасалады, 
кінәлілер анықталады, зардап шеккендерге өтемақылар төленеді, 
сондай-ақ мұндай жағдайлардың алдын алу жөніндегі шаралар 
қабылданады. 
2001 жылғы 30 желтоқсанда қабылданған №197-ФЗ РФ Еңбек 
кодексі қызметкер үшін негізгі федералдық заң болып табылады. 
РФ ЕК 34-тарауында 210 – 215 баптарға назар аударамыз. Еңбекті 
қорғау туралы жалпы ережелерде өндірістік қызмет ұғымы 
берілген. Ол техникалық құралдар қолдану арқылы шикізатты, 
немесе құрылысты, немесе түрлі қызметтер көрсету түрлерін дайын 
өнімге айналдыруға бағытталған қызметкер әрекеттерінің 
жиынтығын жобалайды. 
210-бапта еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың 
негізгі бағыттары берілген: 

қызметкерлердің денсаулығы мен өмірін сақтау;

еңбекті қорғау саласындағы Ресей Федерациясының, сондай-ақ 
субъектілердің федералдық заңдарын және басқа нормативтік- 
құқықтық актілерін қабылдау және жүзеге асыру;

еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған аумақтық нысаналық 
бағдарламаларды қабылдау;

еңбекті қорғау талаптары сақталуының мемлекеттік бақылауы 
мен қадағалауын іске асыру;

қызметкерлер құқықтарын сақтаудағы қоғамдық бақылауға 
көмектесу;

еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару;

өндірістегі жазатайым жағдайлардың профилактикасы және 
алдын алу, актілерді зерттеу, зардап шеккен қызметкерлердің 
құқықтарын қорғау;;

еңбекті қорғау бағдарламаларын қаржыландыруға мемлекеттің


21 
қатысуы; 

өндірістік жарақаттану және алынған кәсіптік аурулар және 
қабылданған қауіпсіздік шаралары туралы мемлекеттік 
статистиканы ұйымдастыру;

еңбекті қорғау жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибені тарату;

қызметкерлерді зиянды факторлар ықпалынан жеке қорғаныс 
құралдарымен қамтамасыз ету тәртібін бекіту;

жұмыс берушінің қаржыландыру көздерінен емдеу- 
профилактикалық құралдарымен қамтамасыз ету.
212-бапта жұмыс берушіге еңбектің қауіпсіз жағдайларын 
қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктеледі, яғни, өндірістік 
объектілерді сертификациялауды жүргізу, жеке қорғаныс 
құралдарымен қамтамасыз ету, РФ Конституциясына сәйкес 
қызметкерлердің еңбек режимі мен демалысын ұйымдастыру, 
жұмысты орындаудың қауіпсіз әдістері мен тәсілдеріне және 
өндірісте зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсетуге оқыту, 
еңбекті қорғау жөнінде нұсқама, жұмыс орынында тағлымдама, 
еңбек қауіпсіздігі талаптары бойынша білімді тексеруді жүргізу. 
РФ ЕК 213-бабында қарастырылған медициналық тексерулер 
(зерттеулер) қызметкерлердің кейбір санаттары үшін жұмыс беруші 
қаражаты есебінен іске асырылады. Медициналық тексерулер бұл 
қызметкерлердің кәсіби жарамдылығын анықтау және кәсіптік 
аурулардың алдын алу үшін жұмысқа түсу барысында жүргізіледі. 
21 жасқа толмаған тұлғалар медициналық тексерулерден жыл 
сайын өтеді. Жоғарғы қауіптілік жағдайларында жұмыс істейтін 
қызметкерлер міндетті психиатриялық куәландырудан өтеді. 
Осы заңнама бойынша жұмыс беруші міндетті медициналық 
тексеруден өтпеген қызмтекерді лауазымдық міндеттерін 
орындаудан шеттетуге толық құқылы. 
Медициналық тексерулер және оларды өткізу тәртібі РФ Үкіметі 
өкілеттігін белгілеген орындаушылық биліктің федералдық органы 
тәртібін бекіткен нормативтік құқықтық акітлермен белгіленеді. 
РФ ЕК 214-бабында қызметкердің міндеттері көрсетілген: 
«Адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін кез келген 
жағдай, өндірісте болған әрбір жазатайым оқиға немесе өз 
денсаулығының нашарлауы, оның ішінде кәсіптік аурудың өткір 
белгілері туралы өзінің тікелей басшысына немесе жоғарғы 
басшылыққа дереу хабарлау». Қызметкер қауіпсіздік техникасы 
ережелері мен еңбекті қорғау талаптарын сақтауға міндетті. 
РФ 
ЕК 
215-бабы 
өнімнің, 
өндірістік 
объектілердің, 
технологиялардың федералдық заңның нормативтік талаптарына 
қажетті сәйкестігін регламенттейді (30.06.2006 ж. № 90-ФЗ 
редакциясында). 


22 
РФ Еңбек кодексінде әйелдер (және отбасылық міндеттері бар 
тұлғалар) еңбегін реттеу ерекшеліктері заңды түрде белгіленген 
(41-тарау). РФ Еңбек кодексінің 253...264-баптарына сәйкес әйелдер 
еңбегін жұмыстардың белгілі түрлеріне қолдануға шектеулер 
белгіленеді (253-бап), жүктілігіне және босануына байланысты 
демалыс (255-бап), бала күтіміне байланысты демалыс (256-бап), 
баланы тамақтандыру үшін үзілістер (258-бап) беріледі, жыл 
сайынғы төлемақылы демалыстарды беру кезектілігін белгілеу 
барысында әйелдерге кепілдіктер белгіленеді (260-бап), еңбек 
келісім-шартын бұзу барысында жүкті әйелдер мен балалары бар 
әйелдерге кепілдіктер белгіленеді (261-бап). 
Соңғы жылдары біздің елімізде шеңберінде мүмкіндігі шектеулі 
адамдарды қоғамда бейімдеу үшін қолайлы жағдайлар жасалатын 
«Қолжетімді орта» мемлекеттік бағдарламасы кеңінен енгізілуде. 
Ондай адамдар үшін оқу, мамандық алу және кәсіби қызметте жеке 
тұлғаның қалыптасуы үшін жағдайлар жасалуда. Жыл өткен сайын 
түрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмыс 
істейтін мүгедек-қызметкерлердің саны артуда. 
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа қабылдай ала отырып, 
мекеме кепілдіктер мен жеңілдіктер беруге, еңбектің тиісті 
жағдайларын қамтамасыз етуге дайын болуы тиіс. 
Кәсіпорындар мен ұйымдар мүмкіндігі шектеулі адамдарды 
ерікті бастамамен де, сондай-ақ заңнама белгілеген міндеттерді 
орындау мақсатында да жұмысқа орналастыра алады. 
Егер ұйымдағы қызметкерлердің саны 100 адамнан астам болса, 
онда Ресей Федерациясы субъекті оған мүгедектер үшін жұмыс 
орындарының квотасын белгілейді. Оны қызметкерлердің 
ортатізімдік санына шаққандағы пайызда анықтайды, алайда 
2 пайыздан кем және 4 пайыздан аспауы тиіс («Ресей 
Федерациясында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» 
24.11.1995 ж. № 181-ФЗ федералдық заңының 21-бабы). 
Жұмысқа қабылдаудың өзіне қатысты, РФ Еңбек кодексі 
жұмысқа қабылдау барысында мүгедектік туралы құжаттарды 
ұсыну талаптарын белгілемеген (РФ ЕК 65-бабы). Əкімшілік құқық 
бұзушылықтар туралы РФ Кодексінің 5.42-бабы 1-тармағына 
сәйкес, белгіленген квота шегінде мүгедекті жұмысқа қабылдаудан 
бас тарту ұйымның жауапты тұлғаларына 2 000 рубльден - 3 000 
рубльге дейін әкімшілік айып салуға әкеліп соқтырады. Бұл 
еңбектің қызметкерге рұқсат етілген түрі болуы және мүгедек- 
қызметкердің денсаулығына теріс ықпал етпеуі тиіс екенін ескеру 
қажет. 
Мүгедек-қызметкерлер үшін жеңілдіктер мен кепілдіктер 
беріледі, оларға: ұзақтығы қысқартылған жұмыс уақыты, қосымша 


23 
демалыстар, еңбекке жарамсыздық жөніндегі жәрдемақыны 4 айдан 
артық төлеу құқығы, салықтық шегерім құқығы және т.б. жатады. 
I және II топтардағы мүгедектер үшін – еңбек төлемақысы 
толықтай сақтала отырып, аптасына 35 сағаттан аспайтын жұмыс 
уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленген (бұл туралы РФ 
ЕК 92-бабында және Ресей Федерациясында мүгедектерді 
әлеуметтік қорғау туралы» заңның 23-бабында айтылған). 
Қысқартылған жұмыс аптасы мұндай қызметкердің еңбек ақысына 
ықпал етпеуі, барлық ынталандыру үстемақылары толық мөлшерде 
төленуі тиіс, себебі қызметкерлердің бұл санаты үшін заңмен 
бекітілген қысқартылған ұзақтық олар үшін еңбектің толық 
нормасы болып табылады, сондықтан еңбек ақысын азайтуға әкеліп 
соқтырмайды (Ресей Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму 
министрлігінің 11.05.2006 ж. № 12918/МЗ-14 хаты). 
РФ ЕК 94-бабына сәйкес мүгедектер үшін күн сайынғы 
(ауысымдық) жұмыс ұзақтығы федералдық заңдар және басқа 
нормативтік-құқықтық актілермен белгіленген тәртіп бойынша 
берілген медициналық қорытындыға сәйкес белгіленуі тиіс. 
Мүгедектер түнгі уақыттағы жұмысқа, үстеме жұмысқа, 
демалыс және мереке күндеріндегі жұмысқа, егер олар үшін мұндай 
жұмыстарға медициналық көрсетулер бойынша тыйым салынбаған 
болса, олардың жазбаша келісімімен ғана тартуға болады. Бұл 
жағдайда олар мұндай жұмыстан бас тарту құқығымен жазбаша 
түрде таныстырылуы тиісті (РФ ЕК 96, 99- баптары). 
Жыл 
сайынғы 
демалысқа 
қатысты 
айтар 
болсақ, 
қызметкерлердің мұндай санаты үшін РФ ЕК 23-бабына сәйкес, 
оның ұзақтығы 30 күннен кем болмауы тиіс, сондай-ақ 
қызметкерлердің мұндай санаты жылына ұзақтығы 60 күнге дейінгі 
еңбекақысы сақталмайтын демалысқа құқылы (РФ ЕК 128-бабы. 
Əрине, бұл үшін қызметкер тиісті өтініш жазуы тиіс. 
Одан өзге, мүмкіндігі шектеулі адамдардың жекелеген 
санаттарына төлемақылы қосымша демалыс берілуі мүмкін 
(«Чернобль АЭС апаты салдарынан радиация ықпалына ұшыраған 
азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» РФ Заңы 14-бабының 5- 
тармағы). Төлемақылы қосымша демалыс қызметкерлерге 
ұйымдағы еңбегі үшін ақы ретінде емес, Чернобль АЭС апаты 
салдарынан денсаулығын жоғалтқаны үшін өтемақы ретінде 
төленеді (Ресей Қаржы министрлігінің 22.11.2007 ж. № 03-04-06- 
02/210 хаты). 
Жасы 
18-ден 
төмен 
қызметкерлердің 
еңбегі 
ерекше 
регламенттеледі. Түрлі өмір жағдайларына байланысты кейбір жас 
адамдардың еңбек қызметі кәмелеттік жастан бұрын басталады. РФ 
Еңбек кодексінің 42-тарауында осы санаттағы қызметкерлердің 


24 
еңбегін реттеу ерекшеліктері белгіленген. Ішінара айтқанда, РФ ЕК 
265-бабында 18 жасқа дейінгі тұлғалар еңбегін қолдануға тыйым 
салынатын жұмыстарға қатысты жалпы құқықтық нормалар, оларға 
белгіленген шектеулі нормалардан асатын ауыр заттарды 
тасымалдау мен қозғалту жөніндегі шектеулер белгіленген. 
Кәмелетке жетпеген қызметкерлерге олар үшін қолайлы уақытта 
ұзақтығы 31 күнтізбелік күн төлемақылы жыл сайынғы негізгі 
демалыс белгіленеді. Мұндай қызметкерлерді қызметтік іссапарға 
жіберуге, үстеме жұмысқа, түнгі уақыттағы жұмысқа, демалыс және 
мереке күндеріндегі жұмысқа тартуға тыйым салынады. 
РФ Үкіметінің 25.02.2000 жылғы № 163 Қаулысымен орындалуы 
барысында жасы 18-ден төменгі тұлғалардың еңбегін қолдануға 
тыйым салынатын ауыр жұмыстар және зиянды немесе ауыр еңбек 
жағдайлары бар жұмыстар тізбесі белгіленген. Қаулы ескертпесінде 
16 жасқа толған, жалпы білім беретін және орта кәсіби білім беру 
мекемелерінде оқитын оқушылар мен студенттер өндірістік 
практикадан өту барысында бұл жұмыстарда қолданыстағы 
санитарлық ережелер мен еңбекті қорғау жөніндегі нормалар және 
ережелер сақталған жағдайда, тізбеге енгізілген жұмыстарда күніне 
4 сағаттан аспайтын уақыт бола алатыны көрсетілген 
РФ Еңбек кодексінің жұмыс уақыты туралы негізгі ережелерін 
барынша толығырақ қарастырайық. РФ ЕК 4-тарауы осы мәселеге 
арналған. 
РФ Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақытының қалыпты 
ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс. Жасөспірімдер, 
мүгедектер және зиянды (қауіпті) жұмыс атқаратын қызметкерлер 
үшін жұмыс аптасының қысқартылған ұзақтығы қарастырылған. 
Мысалы, оқытушылар, дәрігерлер және мәдениет қызметкерлері 
36 сағаттық апта бойынша жұмыс істейді. 
Түнгі уақыт (кешкі 22 сағ. - таңғы 6-ға дейін) адамның жүйелі 
жұмысы үшін қажеттілікті болып табылмайды. Түнгі уақыттағы 
жұмыс ұзақтығы жұмыс аптасының ұзақтығы қысқартылған немесе 
ауысымдық жұмыс орындарынан басқа жұмыс орындарында бір 
сағатқа қысқартылады. 
Қызметкердің бастамасы бойынша шұғыл жұмыстарды орындау 
үшін үстеме жұмысқа, сондай-ақ қоса атқарылатын жұмысқа 
әдеттен тысқары рұқсат берілуі мүмкін. Үстеме жұмыстардың 
ұзақтығы әр қызметкер үшін екі күн қатар уақыт ішінде төрт 
сағаттан және жылына жүз жиырма сағаттан аспауға тиіс. 
Екі біріктірілген демалыс күндері бар бес күндік жұмыс 
аптасына жұмыс уақытының негізгі құрылымдық бірлігі болып 
табылады. Алайда ұйым қызметінің және қызметкер лауазымының 


25 
ерекшеліктеріне байланысты РФ Еңбек кодексінде басқа да 
нұсқалар қарастырылады (мысалы, алты күндік жұмыс аптасы
демалыс күндерін жылжымалы кесте бойынша беру және т.б.). 
Еңбекшілердің кейбір санаттары нормаланбаған жұмыс күні, икемді 
жұмыс уақыты, жұмыс күні бөліктерге бөлінетін ауысымды жұмыс 
режимінде жұмыс істеулері мүмкін. Кез келген жағдайда жұмыс 
уақытының жиынтық ұзақтығы есептік кезеңдегі жұмыс 
сағаттарының қалыпты санынан аспауы тиіс. 
РФ ЕК 5-тарауында демалыстың қолданыстағы түрлері берілген: 
жұмыс күні ішіндегі үзілістер, күн сайынғы демалыс, демалыс және 
мереке күндері, еңбек демалыстары. 
Түскі тамақтану үзілістері жұмыс уақытына кіргізілмейді және 
30 минуттан кем болмауы тиіс. Түскі тамақтану үзілістерін жұмыс 
уақытына кіргізілетін технологиялық үзілістермен (жылдың суық 
мерзімінде, қауіпті және аса қауіпті жұмыстарды орындау 
барысында ) шатастырмау қажет. 
Дербес компьютерде жұмыс істеу барысындағы технологиялық 
үзілістерге келсек, оператордың үздіксіз жұмыс ұзақтығы 2 сағаттан 
аспауы тиіс. Осылайша, жұмыс уақытында жұмыс ауысымы 
басынан 2 сағаттан соң және түскі тамақтану үзілісінен кейін 
2 сағаттан соң 15 минуттан, немесе жұмыс ауысымы басынан 
2
сағаттан соң және түскі тамақтану үзілісінен кейін 1,5...2,0 
сағаттан соң 15 минуттан, немесе әрбір сағат сайын 10 минуттан 
үзілістер қарастырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет