Оқулық «Білімді дамыту федералдық институты»



Pdf көрінісі
бет13/80
Дата08.09.2024
өлшемі3,2 Mb.
#203944
түріОқулық
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80
Байланысты:
Груманова-Компьютерлік-технология-саласындағы-техни-қауірсіздік-және-еңбекті-қорғау.

2.5. 
САНИТАРЛЫҚ НОРМАЛАР 
ЖƏНЕ ГИГИЕНАЛЫҚ 
НОРМАТИВТЕР
Жұмыс орны мен жалпы кәсіпорында санитарлық нормалардың 
сақталуына ерекше назар аудару қажет. ДЭЕМ-де жұмыс жасау 


29 
барысында адамға кері әсерін тигізетін жағымсыз факторлардың 
алдын алу үшін арнайы құжатпен 2003 жылы бекітілген «Дербес 
электрондық-есеп машиналарына және жұмысты ұйымдастыруға 
гигиеналық талаптары» (2.2.2./2.4 1340-03 СанЕжН) санитарлық- 
эпидемиологиялық 
ережелер 
және 
нормативтермен 
регламенттелетін талаптар әзірленген. 
Бұл құжатта жаңа стандарттар мен СанЕжН шетел және 
халықаралық 
стандарттарымен 
барынша 
сәйкестендірілген; 
нормативтік құжаттардың үлкен көлемінің мазмұны сәйкес 
келмеуін жоюға мүмкіндік беретін біртұтас терминология 
әзірленген; дербес компьютерлер (ДК) мен мониторларды 
сынаудың заманауи тәсілдері белгіленген. Ұйымдар мен 
мекемелерде ДЭЕМ-мен жұмыс жасау жағдайларын тексеру 
барысында СанЕжН-де нормалаанатын параметрлер бақыланады: 
жайдағы 
компьютерлердің 
орналасуы 
мен 
қосылуы, 
жарықтандыру, ішкі ахуал және т.б. 
Осы ережелер қолданысқа енгізілуіне байланысты, 14.07.1996 
жылы 
бекітілген 
2.2.2.542-96 
СанЕжН 
«Бейнедисплейлік 
терминалдарға, дербес электрондық-есеп машиналарына және 
жұмысты ұйымдастыруға гигиеналық талаптар» құжатының күші 
жойылды. 
Бұл 
нормалар 
меншік 
нысаны 
мен 
ведомстволық 
бағыныштылығына қарамастан, барлық ұйымдарда сақталуы тиіс. 
2.6. 
ОБЪЕКТІЛЕРДІ СЕРТИФИКАТТАУ 
Сертификат 
– жұмыс орны еңбек қорғаудың эргономиялық 
және басқа да талаптарына сәйкес екенін растайтын мемлекеттік 
мамандандырылған ұйымдармен берілген құжат. 
Осы талаптарды қанағаттандыратын жұмыс орнында жұмыс 
жасаудың тиімді немесе ұйғарымды жағдайлары қамтамасыз 
етіледі, бұл өз кезегінде қызметкерлердің денсаулығының 
сақталуына оң әсерін тигізеді және жұмыс жағдайы бойынша 
зейнетке ерте шығарылуына жол бермейді. Жұмыс істейтін 
өндірістік объектілерді еңбекті қорғау талаптарына сәйкестікке 
сертификаттау еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын 
аттестациялау нәтижелеріне сәйкес жүзеге асырылады. 
Өндірістік объектілерді сертификаттау қажеттілігі мен жүргізу 
тәртібі Ресей Федерациясы Еңбек кодексінде, «Қауіпті өндірістік 


30 
объектілердегі өндірістік қауіпсіздік туралы» РФ 1997 жылғы 21 
шілдесіндегі № 116-ФЗ федералдық заңында, «Өндірістік 
қауіпсіздік 
сараптамасын 
жүргізу 
ережелері» 
Ресейтехбақылауының 2016 жылғы 14 қарашадағы №538 
бұйрығында және басқа да нормативтік және заңнамалық актілерде 
көрсетілген. 
Дербес 
компьютерлер 
мен 
олардың 
сертификаттауға 
байланысты нормативтік құжаттарды қарастырайық. Ресей 
Федерациясында компьютердің нормативтік құжаттар талаптарына 
сәйкес болуын растау үшін өнімді сертификаттау 
«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» 07.02.1992 жылғы 
№2300-1 РФ Заңына және сертификаттаудың міндетті және ерікті 
екі түрін қарастыратын «Техникалық реттеу туралы» 27.12.2002 
жылғы № 184-ФЗ Федералдық заңына сәйкес жүргізіледі. 
Міндетті сертификаттандыруға жататын өнім номенклатурасы 
бойынша дербес компьютерлер электротехникалық, электрондық 
және аспаптар жасау өнеркәсібі тауарлары тобына жатқызылған. 
МСТ жүйесінің шеңберінде тауардың бұл тобын сертификаттау 
үшін Ресей мемлекеттік стандарты электржабдығын қауіпсіздік 
стандарттарына сәйкестікке сертификаттау жүйесін құрды, мысалы 
«Электромагниттік техникалық құралдарының үйлесімділігі. 
Дербес электрондық есеп машиналарының электрондық 
кедергілерге тұрақтылығы. Сынақ жүргізу талаптары мен әдістері». 
Бұл 
стандарт 
жаңадан 
әзірленетін, дайындалатын
жаңартылатын және импортталатын 50 Гц жиілігіндегі айнымалы 
токтың төменвольтты электр жүйелеріне қосылатын дербес 
электрондық есептеу машиналарына, сонымен қатар, ДЭЕМ 
құрамында қолданылатын шеткері құрылғыларға және ДЭЕМ 
негізіндегі түрлі мақсаттарға арналған жабдыққа қолданылады. 
Жеке немесе заңды тұлға қауіпсіздік стандарттары талаптарына 
сәйкестік сертификаты бар компьютерді немесе басқа есептеу 
техникасын сатып алған жағдайда, «Тұтынушылардың құқықтарын 
қорғау туралы» Заңның 12-бабына сәйкес, пайдаланушыға 
келтірілген залал үшін мүліктік жауапкершілікте болады. 
«Техникалық реттеу туралы» федералдық заң міндетті 
сертификаттарға жататын бірақ ол процедурадан өтпеген өнімге 
жарнама жасауға және оны сатуға тыйым салады (бұл ДЭЕМ-ге де 
қатысты). 
Мониторлар, басқа да барлық электр құралдары секілді
регламенттеуші стандарттарда бекітілген қауіпсіз пайдалану 
жөніндегі талаптарға сәйкес болуы тиіс. Ресейде мониторлардың 
сәулеленуінің рұқсат етілетін шекті деңгейін регламенттейтін 
стандарттар еуропалық стандарттарға қарағанда жұмсағырақ, 


31 
алайда біз болашақта бұл жағдай жақсы жағына қарай өзгеріп, 
талаптар еуропалық стандарттарға жақындайды деп үміттенеміз. 
Еуропада мониторлар келесі стандарттарға сай болуға тиісті: 

электрондық аппаратураны байланыс жүйелеріне кедергілерінің
жоқ болуы бойынша аттестаттау стандарттарына;

адам денсаулығы үшін қауіпсіз пайдалану бойынша
стандарттарға;

экологиялық қауіпсіз (кұрылымында улы материалдардың
болмауы) пайдалану және қайта өңдеу бойынша стандарттарға;

энергияны үнемдеу (электр энергиясының болуы мүмкін
шығынын минимумға келтіру үшін) бойынша стандарттарға;

Эргономикалық стандарттарға (құрылғыда жұмыс істеу
барысында пайдаланушының қажуын минимумға келтіру үшін).
Швеция дербес комьютерлермен жұмысты регламенттейтін
еуропалық стандарттардың заң шығарушысы болып табылады. 
Мониторлар әрілейтін жетекші фирмалардың барлығы Швеция 
стандарттарын қолданады. Швецияның Өлшемдер мен сынақтар 
жөніндегі ұлттық комитетінің мамандары ^PR) бірнеше 
нұсқаулықтарды әзірледі: 

MPR 1990 : 8 — сынақтар әдістемелері.

MPR 1990 : 10 —мониторлардың рұқсат етілген параметрлерінің
кестелері.

МРR-П — Офисте қолданылатын мониторлардың сәуле
шығаруына шектеулерді белгілейді.
2-ден 400 кГц-ке дейінгі жиіліктер ауқымындағы электрмагнит
өрісінің рұқсат етілген кернеуі 2,5 В/м құрайды, 5 Гц-тен 2 кГц-ке 
дейінгі жиіліктер ауқымында - 25 В/м. Одан өзге, Швед 
кәсіподақтарконфедерациясының (NUTEC) ТСО-92 стандарты 
мониторлар сапасына барынша қатаң талаптар қояды. 
Қауіпсіздік стандарты тек қана мониторлар үшін әзірленген және 
электрмагниттік сәулеленудің барынша рұқсат етілген көлемін 
белгілейді, 
сондай-ақ 
мониторлардың 
энергия 
үнемдеу 
функцияларына 
стандарт, 
өрт 
және 
электр 
қауіпсіздігі 
стандарттарын белгілейді. 
ТСО-95 стандарты дербес компьютерге толығымен таралады, 
яғни мониторға, жүйелік блок пен клавиатураға және 
эргономикалық сипаттарына, сәуле шығаруына (электр және 
магнит өрістеріне, шу мен жылу бөлуіне), қоршаған ортаға тигізетін 
әсеріне, зиянды заттардың бөлуін шектеуге ықпалын қоса 
алғандағы энергия үнемдеу және экологиялық режимдеріне қатысы 
бар. 
ТСО-99 стандарты алдынғы стандартың кеңейтілген нұсқасы 
болып табылады. Мұнда келесі салаларға: эргономика (физикалық, 


32 
визуалды және пайдалану қолайлылығы), энергия үнемдеу, сондай- 
ақ техниканы өндіру барысында пайдаланылатын материалдарға 
барынша қатаң талаптар белгіленген. 
Мониторларды шығарудың жаңа технологиясы пайда болған 
кезден бастап, барынша қатаң ТСО-03 стандарты белгіленді, мұнда 
LCD-үлгілері үшін параметрлер тізбесі кеңейтілген (түс беру, экран 
жарықтығының біркелкілігі, мониторлар корпустарының түсі 
регламенттеледі); қара түсті қолдану шектеулері қалдырылады; 
экология қауіпсіздігі, дизайн талаптары ескеріледі – түрлі-түсті 
корпустардың шағылдырғыштық қабілетінің рұқсат етілген көлемі 
белгіленген. 
Назар аударуға тұрарлық тағы бір стандарт: EPA Energy Star- 
энергия үнемдеуші, біздің заманымыздағы өзекті стандарт. Бұл 
стандартқа сәйкес, монитордың үш энергия үнемдеу режимі болуы 
тиіс: күту (stand-by деп аталатын), тоқтатып қою (suspend) және 
«ұйқы» (off режимі). Егер пайдаланушы компьютерде жұмыс 
істемесе, монитор төмен энергия тұтынылатын тиісті режимге 
ауысады. 
Осылайша, егер де сіз өзіңіздің денсаулығыңызға күтім 
жасасаңыз және монитор сәуле шығарудың рұқсат нормаларына 
сәйкес болғанын қаласаңыз, кем дегенде осы стандарттардың кез 
келгенімен сертификатталған мониторды таңдаңыз. 
Электронды техника стандарттары мен талаптарының тізімі бір 
мәнді емес. Бұл нарықта технологиялық жаңа үлгілердің пайда 
болуымен түсіндіріледі (мысалы сұйық кристалды матрицалары 
немесе LED технологиясы бар мониторлар). Барынша кең таралған 
дүниежүзілік стандарттар: SEMKO, MPR-II, CE, CSA, MPR 1990: 
10, EPA Energy Star, TCO-92, TCO-95, TCO-99, TCO-03, Сан¬ПиН 
2.2.2/2.41340-03. 
Əрбір техника өндіруші өнімі стандарттардың қайсысына сәйкес 
келетінін өзі шешеді. Заманауи компьютерлерде денсаулық 
сақтағыш 
технологялар 
қолданылады, 
алайда 
монитор 
қауіпсізідігіне толық кепілділікті қамтамасыз ету өте күрделі. 
Қазіргі кезде ғылым мен техника қарқынды даму үстінде, мүмкін, 
10... 15 жылдан соң техника адам денсаулығына теріс ықпал 
жасамайтын да шығар. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   80




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет