47
3.2- кесте.ДЭСМ жасайтын ЭМА уақытша мүмкін деңгейлері
Параметрлер
Уақытша рұқсат етілген
деңгей
Электр алаңының кернеулілігі:
5 Гц-тен 2 кГц дейінгі
жиілік
диапозонында
2Гц –тен 400 кГц дейінгі жиілік
диапозонында
25 В/м
2,5 В/м
Магниттік ағын тығыздығы:
5 Гц –тен 2 кГц дейінгі жиілік
диапозонында
2...400 кГц дейінгі жиілік
диапозонында
250 нТл
25 нТл
Экранның электрстатистикалық әлеуеті
Бейне монитор\
500 В
Сол қосымшада сәулеленудің мүмкін мәні берілген ( 3.2-кесте).
Электрстатикалық алаңдар
(ЭСА) пайда болуы екі тәсілмен
жүреді.
Біріншіден, электрлік индуксия статикалық зарядтар
құрылуының себебі болуы мүмкін, оның салдарынан жерден
ажыратылған денелер сыртқы электр алаңында электр зарядына ие
болады. Екіншіден, электрлену екі диэлектрикалық материалдың
үйкелуі барысында пайда болатыны мәлім.
Электрстатикалық алаңдар немен қауіпті?
Олардың адамға
ықпалы
ол
арқылы
әлсіз
ток
өтуімен
байланысты.
Анализаторлардың теріні тітіркендіруіне рефлекторлық нәтижеде
адам зарядталған денеден алшақтайды, бұл жанындағы затқа
соққыдан механикалық жарақатқа әкеп соқтыруы мүмкін, сондай-
ақ есінен танып қорқу қаупі де бар. Адамның электрстатикалық
алаңдар кернеулілігі 1 кВ/м асатын жағдайда ұзақ болуы жүйке-
сезімі
шиеленісін, шаршау, жұмыс қабілетінің төмендеуін
туындатады.
ЭСА кернеулігінің мүмкін шекті мәнін оның қызметкерге 1 сағат
ішінде 60 кВ/м тең ауысым барысындағы ықпал уақытына
байланысты, СанЕжН 2.2.4.1191-0 белгілейді. ЭСА кернеулігі 20
кВ/м
төмен
болған
жағдайда,
алаңда
болу
уақыты
регламенттелмейді. ЭСА кернеулігі 60 кВ/м асқан жағдайда,
қорғаныс құралдарын пайдаланбай жұмыс істеуге жол берілмейді.
Инфрақызыл (ИҚ) сəулелену
кез келген қызған денемен
генерацияланады. Температурасы 100 °С-тан артық денелер қысқа
толқынды инфрақызыл сәулелену көзі блып табылады.
Инфрақызыл сәулелену көздеріне жылыту құралдары да жатады.
Қысқа толқынды инфрақызыл сәуленің өту қабілеті (0,76... 1,40
48
мкм)барынша жоғары, ол адам
терісіне бірнеше сантиметр
тереңдікке өтеді. Ұзын толқынды диапозонды инфрақызыл
сәулелер (9.420 мкм) терінің жоғарғы қабаттарында бөгеліп қалады.
Ұзын толқынды сәулелену барысында дененің бүкіл үстіңгі
қабатының температурасы көтеріледі, ал қысқа толқындыда —
өкпе, бастың мыйы, бүйректің температурасы өзгереді.
Ми терісіне ықпал ете отырып, қысқа толқынды сәуле «күн
соққысын» туындатады.
Бұл жағдайда адам бас ауруын, бастың
айналуын, тыныс және дем жиілінеуін, көз қарауытуын сезінеді,
қозғалыс үйлесімі бұзылады, есінен тануы да мүмкін. Көзге ықпал
еткен жағдайда қысқа толқынды сәуленің қауіпі басым.
Инфрақызыл сәулелену қауіпін төмендетуге бағытталған негізгі
шаралар мыналардан тұрады:
1)
жұмыс орнын немесе сәулелену көзін қорғанысты экрандау
(металл торшалардан экран жасау);
2)
жеке қорғаныс құралдарын пайдалану (көз және бетті қорғау
үшін сәулефильтрлі қалқаншалар мен көзілдіріктер пайдалану,
дененің үстіңгі қабатын зығырдан
жәні жартылай зығырдан
жасалған қанықтырылған арнаулы киіммен қорғау);
3)
емдеу-профилактикалық шаралар (еңбек пен демалыстың
тиімді режимін ұйымдастыру, кезеңдік медициналық тексерулер
ұйымдастыру және т.б.).
Лазерлер
Достарыңызбен бөлісу: