40
жауапкершілік қарастырылған. Ұқсас әкімшілік құқық бұзғаны
үшін бұрын әкімшілік жазаға тартылған тұлғаның еңбек туралы
және еңбекті қорғау туралы заңнаманы бұзуы бір жылдан үш жылға
дейінгі мерзімге біліктілігінен айыруға әкеп соқтырады.
Ресей Федерациясы Əкімшілік құқық бұзушылықтар туралы
кодексі (РФ ƏҚБ Ко) 5.27-бабының 1-бөлігінде еңбекті қорғау
талаптарын бұзғаны салдарынан ұйымның немесе оның
құрылымдық бөлімшесінің қызметін әкімшілік тоқтата тұру
қарастырылған. Ұйымды тарату немесе оның құрылымдық
бөлімшесінің қызметін тоқтату туралы шешімді еңбек жағдайларын
мемлекеттік сараптау органының қорытындысы болған жағдайда,
еңбекті қорғау мәселелерін басқаратын орындаушылық билік
органы басшысының, немесе федералдық еңбек инспекциясы
жетекшілерінің және оның аумақтық органдарының талабы
бойынша сот қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісу: