37
оның еңбекке қабілеттілігінен уақытша немесе тұрақты айрылуына
немесе өліміне әкеп соқтырған өндірістегі барлық жазатайым
оқиғалар егер олар:
■
жұмыс күні ішінде ұйым аумағында немесе одан тысқары жерде
(белгіленген үзілістерді қоса алғанда), сондай-ақ демалыс және
мереке күндері үстеме жұмыс орындау барысында;
■
жұмыс орнына немесе жұмыстан жұмыс берушінің көлігінде,
немесе оны өндірістік мақсатта пайдалану туралы шарт болған
жағдайда, жеке көлігінде жүру барысында;
■
іссапар орнына келу және кері қайту барысында;
■
қызметкерді
зіл-зала, апат және басқа төтенше жағдайлар
салдарларын жоюға тарту болған жағдайда тергеледі және есепке
алуға жатады.
Тергеп-тексеру себептерді анықтау және мұндай оқиғаларды
болдырмау мақсатында жүргізіледі.
Өндірістегі әрбір жазатайым оқиға туралы зардап шегуші немесе
көзімен көрген адам тікелей басшысына дереу хабарлауы тиіс, ал
тікелей басшысы:
■
шұғыл түрде зардап шегушіге алғашқы көмек көрсетуді және
оның емдеу мекемесіне жеткізілуін ұйымдастыруға;
■
болған жағдай туралы құрылымдық бөлімше басшысына
хабарлауға;
■
тергеп-тексеру комиссиясының
жұмысы басталғанға дейін
жазатайым оқиға болған жердегі ахуалды және құрал-
жабдықтардың жай-күйін, егер бұл басқа адамдардың өмірі мен
денсаулығына қатер төндірмесе және апатқа әкеп соқпайтын
болса, оқиға болған кездегі күйде сақтауға міндетті.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру тәуелсіз болуы
тиіс — тергеп-тексеруді кәсіподақтың өкілетті өкілінің, сондай-ақ
зардап шегушінің (оның ықыласы болған жағдайда) қатысумен, осы
кәсіпорынның еңбекті қорғау жөніндегі маманы жүргізеді.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге оған зардап
шегушінің еңбегін қорғау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
тікелей жүктелген басшы жіберілмейді.
Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру үш күннен
аспайтын
мерзімде жүргізілуі тиіс. Көрсетілген мерзімге сараптама жүргізу,
құқық қорғау органдарының, денсаулық сақтау ұйымдарының
қорытындыларын алу үшін қажет уақыт кіргізілмейді. Бұл шараға
еңбекті қорғау талаптарына (өндірістегі жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру, қауіпті және зиянды өндірістік факторлар
параметрлерін өлшеу, жарақат факторы бойынша жабдықты
бағалау жөніндегі хаттамалар, Н-1 нысанындағы актілер және басқа
құжаттар) қатысты құжаттарды ресімдеу және сақтау ере жүреді.
38
Өндірісте жарақат алу барысында
өндіріспен байланысты
жазатайым оқиға туралы акт жасалады, ол: кәсіпорынның атауы,
мекен-жайы; зардап шегушінің Т.А.Ə.А. және мекен-жайы; жасы;
мамандығы; жұмыс орны (цех, бөлім); мамандығы бойынша жұмыс
және жалпы өтілі; қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқау өткені
туралы белгі; жазатайым
оқиға уақыты және орны; учаскесінде
оқиға болған шебердің Т.А.Ə.А.; жазатайым оқиға жағдайларының
сипаттамасы; басшылардың қолдарында тұрады.
Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру барысында
жазатайым оқиға болған орындағы еңбекті қорғау және
жағдайларының жай-күйіне зерттеу жүргізіледі:
■
зардап шеккендерден, куәлерден,
лауазымдық және басқа
тұлғалардан жауап алынады;
■
түсініктемелер алынады, қажет құжаттар зерттеледі;
■
жазатайым оқиға жағдайлары мен себептері, сондай-ақ
заңнамалық, нормативтік құқықтық актілерді бұзуларға жол
берген тұлғалар анықталады;
■
жазатайым оқиға себептерін жою және мұндай оқиғалардың
алдын алу жөніндегі шаралар әзірленеді.
Тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін өндірістегі жазатайым оқиға
туралы акт үш данада ресімделеді.
Актінің даналары:
■
зардап шегушіге немесе оның мүдделерін білдіретін тұлғаға;
■
мемлекеттік еңбек инспекторына;
■
еңбекті
қорғау
жөніндегі
маманға
(тергеп-тексеру
материалдарымен бірге) тапсырылады.
Кәсіпорында практикадан өтіп жүрген
оқушылармен болған
жазатайым жағдайды жалдаушы оқу орны өкілімен бірге тергеп-
тексереді және жалдаушы оны ескереді.
Достарыңызбен бөлісу: