Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет19/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

тұлғалық бағдарлы 
педагогикаға бет 
бұрыс. Бұл үдерiстi iзгiлендiрудің басты мақсаты – оқушылардың 
оқымауына, өз мүмкіндiктерiнен төмен оқуына, тәрбиелiк 
iстердің бейтарап қатысушысы немесе бұрқып тасыған өмiрдің 
сырттай бақылаушысы болып қалуына мүмкіндiк бермейтiн 
жағдайларды жасау. Гуманистiк педагогика әрдайым мектеп-
тi оқушыға икемдестiру тарапында, балаға қолайлы жағдай 
түзiп, оның 
“психологиялық қауiпсiздiгiн”
қамтамасыз етуге 
ұмтылады. 
Гуманистiк педагогиканың талаптары: 1) тәрбиеленушiге 
адамгершiлiк қатынас; 2) баланың еркiндiгi мен құқына 
құрмет; 3) оқушы күшiне сай және түсiнiктi талаптар қою; 4) 
тәрбиеленушiнің көзқарас – бағытын, тiптi ол қойылған талап-
тарды орындауға қарсылық бiлдiрген жағдайда да – сыйлай 
бiлу; 5) балаға шынайы болмысын танытуға мүмкіндiк жасау; 
6) тәрбиеленушiнің санасына тәрбиенің нақты мақсаттарын 
жеткiзе бiлу; 7) бала тәрбиесiне қажет болған сапа-қасиеттердi 
зорлықсыз қалыптастыру; 8) тұлға намысы мен беделiне нұқсан 
келтiрушi әдістердi қолданбау; 9) баланың өз наным-сенiмдерi-
не қайшы келетiн сапа-қасиеттерден бас тарту құқын тану.
Адамдар құқы жалпы декларациясының
бірінші бабы: 
«Барлық адамдар бедел және құқық тұрғысынан еркін 
және тең. Олар ақыл-парасатты және намысты, сондықтан 
да өзара туысқандық рухында қатынас жасауы тиіс» – де-
ген тұжырымды алға тартады. Тәрбиеленушілерде, осыдан, 
қорыққан, үріккендерді емес – тәуелсіз, еркін тұлғаны танып, 
тәрбиеші-педагог оның үстінен ала таяқ ойнатып, күш көрсету 


25
ниетінен бас тартады, нәтижеде өз тәрбиеленушісімен бірле-
се өздерінің жарқын болашағы үшін қосылып ат салысады.
Гуманистiк педагогика жүйесiн уағыздап, бүкiл дүниеге 
белгiлi болған педагогтар – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет