Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет16/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Политехникалық бiлiм
- қазiргi заман өндiрiсiнің негiз-
гi принциптерiмен таныстырады, тұрмыста және күнделiктi 
өмiрде қолданылатын қарапайым еңбек құралдарын пайдала-
ну дағдыларын қалыптастырады. 
Қалыптасу
– адамның әлеуметтiк тiршiлiк иесi ретiнде жетi-
лу үдерісi. Мұндай жетiлуде адам шексiз жағдаяттар ықпалына 
түседi: экологиялық, әлеуметтiк, экономикалық, идеологиялық, 
психологиялық және т.б. Тәрбие тұлға қалыптасуында себепшi 
көп шарттардың аса маңыздысы. Қалыптасу – адам тұлғасының 


белгiлi бiр кемелденген деңгейiн, нақты тұрақтылыққа келу 
жағдайын байқатады. 
Даму
– бұл адамда жүріп жататын сандық және сапалық 
өзгерiстердің желiсi мен нәтижесi. Даму үдерісi тұрақты да 
үздiксiз өзгерiстермен, бiр жағдайдан екiншi жағдайға өту
қарпайымнан күрделiге, төменгiден ең жоғары деңгейге 
ауысулармен байланысты келедi. Адамның дамуында сандық 
өзгерiстердің сапалыққа және керi жүрісiнде көрiнетiн әмбебап 
философиялық өзара ауысу заңы iске қосылып барады. 
Тұлға дамуы
– шынайы болмыстағы аса күрделi үдеріс. Бұл 
үдерiстi тереңдей зерттеу үшiн қазiргi заман ғылымы дамуды 
құрайтын бiрлiктердi жiктеу жолына түстi, яғни дамуға байла-
нысты тән-дене, психикалық, рухани, әлеуметтiк және басқада 
сапа-қасиеттер дараланып, өз алдына қарастырылуда. Ал пе-
дагогика болса, негiзiнен 
тұлғаның рухани даму
мәселеciн 
зерттейдi, бiрақ оны басқа даму жағдаяттарымен орайлас-
тыра үйренедi. Негiзгi педагогикалық ұғымдар қатарына, сон-
дай-ақ жалпы мағынадағы “өзiндiк тәрбие”, “өзiндiк даму”, 
“педагогикалық 
үдеріс”, 
“педагогикалық 
ықпалдастық”, 
“педагогикалық қызмет өнiмдерi”, “әлеуметтiк қалыптасу”, 
“педагогикалық технология”, “оқу-тәрбие инновациялары” сын-
ды ұғымдар да кiредi. 
Сонымен, басты педагогикалық ұғымдар қатарында 
қолданылатын түсiнiк сөздер: тәрбие, оқу, бiлiм, даму 
және қалыптасу. Олар өзара байланысты келедi. Нақты 
педагогикалық үдерiсте олардың бәрi бiрдей iс-әрекетте 
көрінеді: оқыту барысына тәрбие қосылады, тәрбиелей оты-
рып, тұлға қалыптастырамыз, бiлiм алу үдерiсiнде барлық 
қажеттi қасиет-сапаларды қалыпқа келтiремiз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет