Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет193/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Ең жоғары жүктеме нормативтерi
Сынып
1-шi
2-шi
3-шi
4-шi
Мектептегi 
сабақ саны
3-4
4
4-5
5-6
Үй жұмысы
(сағат саны)
Жоқ
1
1
1,5
Бұларға қосымша дербес үй жұмыстарын пайдалана оты-
рып, мұғалiм келесi талаптарды орындауы тиiс:
– үй жұмыстарын өзбетiнше және мұқият орындауға 
тыңғылықты ынталандыру;
– үй жұмыстарын бүкiл сыныптың зейiндi қабылдауымен 
ұсыну;
– үй жұмыстарын орындау жөнiнде түсiнiктемелер беру;
– оқушылардың қызығу ынтасын оятатын шығармашылық 
жұмыстарды көбiрек пайдалану;
– үй жұмыстарын жекешелендiру және жiктемелi жүргізу;
– үй жұмыстарының оқушы мүмкіндiктерiне сай болуын ес-
керу;
– сабақта үй жұмыстарының орындалуын жүйелi тексерiп 
бару;


264
– үй жұмыстарын орындауға орай ата-аналармен байланыс 
түзу.
Озат мұғалiмдер балаларға үй жұмыстарын орындаудың 
төмендегiдей ережелерiн ұсынады:
1. Мектептен қайтқан соң тамақтанып ал, таза ауада дем 
ал немесе ата-аналарыңа үй жұмыстарында көмек бер.
2. Үй жұмыстарын белгiленген уақыттарда орындап жүр.
3. Тұрақты жұмыс орның болсын. Үй жұмыстарын орындауға 
қатысы жоқ нәрселердің бәрiн жұмыс орныңнан жиыстырып 
қой. Жазу құралдарыңды дайындап ал.
4. Жұмыс жоспарын ойластыр.
5. Алғашқыда күрделiрек тапсырмаларды орында, содан 
соң жеңiл жұмыстарға өт.
6. Алдымен ережелердi қайтала, содан кейiн жаттығуларды 
орындауға, мәселелер мен мысалдарды шешуге кiрiс. 
7. Жоспар бойынша жұмыс қыл, асықпа.
8. Жұмыс арасында қысқа уақыт демалыс үшiн үзiлiстер 
жаса, бөлменің ауасын тазартып тұр.
9. Соңында iстелiнген жұмыс дұрыстығын тексер.
10. Кiтаптарыңды, дәптерлеріңдi – ертеңгi мектепке 
қажеттердің бәрiн сөмкеңе жинап сал.
Сонымен, оқушылардың дербес үй жұмыстарын жүйелi әрi 
тұрақты мұқият ойластырмай, жоғары сапалы оқу нәтижесiне 
қол жеткiзу мүмкін емес. Бастауыш сыныптардағы оқушылардың 
өзбетiнше 
үй 
тапсырмаларын 
орындау 
жұмыстарын 
ұйымдастыру, сонымен олардың танымдық қызығуларын 
арттыру – мұғалiм қызметтерiнің аса маңыздыларынан. Үй 
жұмыстарын жүргізуде мұғалiм белгiлi ережелердi ұстанады, 
сол арқылы олардың оқушылар үшiн қажеттi және тартымды 
болуын қамтамасыз етедi.


265


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   189   190   191   192   193   194   195   196   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет