Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет189/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Бiрiгiмдi сабақтар
Бастауыш мектеп оқу жүйесiн жетiлдiруге бағытталған оқу 
формасы – бұл бiрiгiмдi (интегрированные) немесе 
бiрiгiмдi 
мазмұндық
сабақтар. Мұндай дәрiстерде бiр тақырып 
төңірегiне бiрнеше пән материалдары толықтай тұтастыққа 
келтiрiлiп, оқушыларға ұсынылады. Бұл сабақтың бiрнеше 
артықшылығы бар: оқу мазмұнының молдығынан игерiлетiн 
зат не құбылысты сабаққа енгiзiлген қызықты материалдардың 
арқасында жан-жақты тануынан оқушы өз ойы мен сезiмдерiн 
кеңейте түсуіне мүмкіндік алады.


258
Ескертетiн жәйт, бiрiгiмдi сабақтарды бiрiктiрiле түзiлген 
пән курстарынан ажырата таныған жөн. Мұндай курстар бiр-
неше оқу пәндерiнің бағдарламалық өзектi тақырыптар не бас-
ты ұғымдар төңірегiнде ұйымдастырылып, ұсынылуына жол 
ашады. Мысалы “Қоршаған орта” курсы физика, астрономия, 
химия, биология ақпараттарын бастауыш сынып оқушылары 
түсiнiмiне қолайластырып, ұсынады.
Бiрiгiмдi дәрiстер басқа пән материалдарын ауық-ауық 
енгiзудi көздеген пәнаралық байланыстарды пайдаланатын 
дәстүрлi сабақтардан өзгеше. Бұл сабақтарда бiр тақырыпқа 
бағындырылған әрқилы пән ақпараттары 
бiлiмдiк топқа
(блоки) келтiрiледi. Сондықтан бiрiгiмдi сабақтың 
басты 
мақсатын
дұрыс анықтап алу өте маңызды. Жалпы мақсат 
нақты анықталса ғана, iске асырылуы қажет материалдар-
ды пән мазмұнынан мүлтiксiз бөлiп алуға болады. Деген-
мен, қазiргi таңда бiрiгiмдi оқу материалдарына негiзделген 
оқулықтар жоқтың қасы, сондықтан бұл сабақ мазмұнын iрiктеу 
мен жүйелеу мұғалiмге үлкен қиындық туғызып отыр.
Тәжiрибе көрсеткендей, 1-сыныптың өзiнде-ақ төмендегi 
пән материалдарының басын қосып, бiрiгiмдi сабақтарға негiз 
қалауға болады:
Төңіректегi дүниемен таныстыру
Сауат ашу ———— Ән-күй
Сурет
Төңіректегi дүниемен таныстыру
Математика ———— Еңбек 
Сурет 
Дене шынықтыру 
2-сыныпта ана тiлiн оқу сабақтарының барысында оқу, 
сурет, төңіректегi дүниемен таныстыру, ән-күй; математи-
ка төңірегiнде - қоршаған ортамен таныстыру, еңбек, сурет, 
дене шынықтыру; ән-күй дәрiстерiнде – оқу, сурет, қоршаған 
ортамен таныстыру, дене шынықтыру және т.б. жекеленген 
сабақтарының мазмұнын бiрiктiруге әбден болады.


259
Бiрiгiмдi сабақтарды жоспарлау, ұйымдастыру және өткiзуге 
қойылатын талаптар төмендегiдей: 
– мұндай сабақтар жүйесiн әр сынып үшiн өз алдына бiр 
жылға мөлшерлеп белгiлеу;
– әр сабақты мұқият жоспарлау, басты және қосалқы 
мақсаттарын ажырата бiлу;
– сабақ жоспарын жобалап (талдау, iрiктеу, көп мәрте 
қайталап тексеру), оны басты мақсатқа тiкелей қатысы бар ма-
териалдармен байыту;
– сабақ типi мен құрылымын, оқу әдістерi мен құрал-
жабдықтарын мұқият таңдау;
– балаларды заңдылықтарға сәйкес деңгейде әсерлендiру;
– бiрiгiмдi сабақтарды ұйымдастыру мен өткiзуге әрқилы оқу 
пәні мұғалiмдерi мен мамандарды тарту.
Мазмұнды әрi мақсатты бағытталған бiрiгiмдi сабақтар 
мектеп оқуының үйреншiктi құрылымына бала үшiн ұнамды 
жаңалық енгiзiп, пән бойынша оқудың қатаң шектерiн 
босаңсытады, мұғалiм мен оқушының оқу мазмұны және 
формаларын таңдастыруына еркiндiк бередi. Бұл оқушыға 
бастауыш мектепте игерiлуi тиiс аса маңызды түсiнiктер мәнi 
мен мазмұнын тереңiрек ұғуға жәрдем бередi, пәндiк ұғым, 
құбылыс, үдерiстер бiртұтастықта қарастырылуымен бiрге жан-
жақты талданып, қабылданады. Жалпы оқу-тәрбие үдерiсiнде 
бiрiгiмдi сабақтар үлесiнің күннен-күнге артуы – заман талабы-
на орай заңды құбылыс.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет