Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет187/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Сабақтар типi мен құрылымы
Көп санды да сан-алуан сабақ түрлерінің арасындағы жал-
пы ортақтас сипатты аңдастыру үшiн оларды 
топтастыққа 
келтiру
(классифицировать) қажет. Әр сабақтың өзiндiк 
мақсаттары мен мiндеттерi болғандықтан, әрқилы матери-
алдар өтiлетiндiктен, бiр-бiрiне ұқсамас технологиялар мен 
әдістемелер қолданатындықтан олардың басын қосатын ортақ 
белгi табудың өзi оңай шаруа емес. Оқу негiзiн қалауға арқау 
болған шарттарды ескере отырып, сабақтардың бiрнеше типiн 
ажырата бөлу қабылданған:
– сабақтарды 
мазмұны және өткiзу тәсiлi
бойынша топ-
тау. Мазмұндық жағынан, мысалы, математика дәрiстерi ариф-
метика, алгебра, геометрия сабақтарына ажыралып, ал олар өз 
iшiнде – теориялық не тәжірибелік болып бөлiнуi мүмкін. Өткiзу 
жолдарына байланысты – сабақ-саяхаттар, киносабақтар, 
өзiндiк жұмыс сабақтарына және т.б. жiктеледi.
– өткiзiлетiн оқу жұмыстарын 
логикалық мазмұны
мен 
танымдық iс-әрекеттер сипатына
орай топтау. Бұл 
тұрғыдан келесi сабақ типтерi бөлiнген: 1) кiрiспе, 2) материал-
мен алғашқы таныстыру, 3) жаңа бiлiмдердi игеру, 4) игерiлген 
бiлiмдердi тұрмыста қолдану, 5) дағдылар қалыптастыру, 6) 
бекiту, қайталау және қорытындылау, 7) бақылау, 8 ) аралас.
– жалпы жүйедегi 
дидактикалық мақсаттары мен 
сабақ ретiне
қарай топтау. Мұндай ортақ сипатты сабақтар 
типi: 1) аралас, 2) жаңа материалдармен танысып, оны игеру, 
3) жаңа ептiлiктердi қалыптастыру, 4) бiлiм, ептiлiктердi бекiту, 
5) қорытындылау және жүйелеу, 6) бiлiмдер мен ептiлiктердi 
тәжірибеде қолдану, 7) бiлiм мен ептiлiктердi бақылау және 
реттеп, түзету.
Әр сабақ өзiнің iшкi 
құрылымына,
яғни жекеленген 
сатыларының бiрiздiлiгiне ие. Сатыланған дәрiс бөлiмдерiнің 
белгiленген тәртiбiне орай сабақ типi анықталады. Егер сабақ 
бiлiм мен ептiлiктердi орнықтыру мақсатын қоятын болса, 
бұл 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет