Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет188/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бекiту сабағы
деп аталады. Сабақ түгелiмен осыған 
бағышталған оқу-таным жұмыстарын орындауға арналып, 45 
минут уақыттың басым көпшiлiгiн қамтиды.


256
Бұл күндегi сабақ өзiнің кезең, сатыларының ара 
қатынасы мен iзбе-iздiлiгiне қарай формальдық сипатымен 
бағаланбайды. Басты назар оның көздеген мақсаты мен оған 
жеткiзер құндылықтарына және танымдық iс-әрекеттерiнің 
тиiмдiлiгiне аударылады әрi осы тұрғыдан бағасы берiледi. 
Сабақ құрылымын таңдау мұғалiмнің өз қалауында – оқу мен 
тәрбиенің жоғары нәтижелiлiгiн қамтамасыз ете алса, ниет 
ақталғаны. Әңгіме – ақырғы нәтижеде, яғни жалпы оқу-тәрбие 
үдерісінің мемлекеттiк бiлiмдену стратегиясының талаптарына 
сай өнiм беруi.
Қазіргі таңда бастауыш мектепте кең қолданымдағы дәстүрлi 
төрт сатылы сабақ құрылымы Коменский мен Гербарт заманы-
нан бiзге жетiп келген дидактикалық мұра; 1) жаңа бiлiмдердi 
игеруге дайындық; 2) жаңа бiлiмдер мен ептiлiктердi игеру; 3) 
оларды бекiту және жүйелестiру; 4) тәжірибеде қолдану. Бұл 
құрылымға сәйкес сабақ типi 
аралас
(комбинированный) деп 
аталады. Уақыт аралығына бөлiнген аралас сабақ кезеңдерiн 
төмендегiдей өрнектеуге болады.
Жұмыс-
тарды 
ұйым-
дастыру
Өтiлген-
дердi
қ а й т а л а у 
(жаңғырту)
Жаңа
мате-
риалдарды 
өту жаңа 
ептiлiк-
тердi қалып-
тастыру
Бекiту, 
жүйе-
леу, 
қолдану
Үйге 
тапсырма
2 мин.
10 мин.
25 мин.
5 мин.
3 мин.
Аралас сабақта мұғалiм бiрнеше мақсат, мiндеттердi орын-
дай алады. Оның кезеңдерi қалаған тәртiпте өзара байланысқа 
келуi мүмкін, осыдан ол икемдi, кең ауқымды, оқу-тәрбие 
шарттарының шешiлуiне қолайлы. Осыдан, аралас сабақ 
типi мектеп тәжiрибесiнде басқа сабақ түрлеріне қарағанда 
анағұрлым кең тараған.
Аралас сабақ өмiршеңдiгiнің және бiр себебi – ол оқу-тәрбие 
үдерісi заңдылықтары және ой қабiлетi динамикасымен үндес 
келедi, педагогтардың оқу үдерiсiндегi нақты жағдайларға 
икемдесе жұмыс алып баруына мол мүмкіндiктер ашады.


257
Бiр сабақта бiрнеше мақсат, мiндеттердi орындау 
мүмкіндiгiнің болуымен маңызды аралас сабақ, сонымен бiрге 
елеулi кемшiлiктерге ие: жеке-дара жұмыстарға ешбiр уақыт 
жетпейдi, жекеленген тұлға тәрбиесi көмескiленедi. Себебi 
аралас сабақтың тәжiрибеге енгенiнен берi талай заман ауыс-
ты, түбегейлi өзгерiстер қылаң бердi: сабақта ұсынылатын 
бiлiмдер көлемi анағұрлым артып, балалардың оқуға де-
ген қатынасы өзгердi, осыдан сабақтың барша кезеңдерiнің 
тиiмдiлiгi төмендедi. Ендi оқу дәрiстерiнің нәтижелiлiгiн көтеру 
үшiн қандай да тек бiр iске бағышталған сабақ қажеттiгi туында-
ды. Мұның салдарынан келесi сабақ түрлері тәжiрибеге келдi: 
жаңа бiлiмдердi игеру; жаңа ептiлiктердi қалыптастыру; бiлiм, 
ептiлiктердi қорыту және жүйелеу; игерiлген бiлiм, ептiлiктерi-
мен байланысты қате-кемшiлiктердi реттеу-түзету; бiлiм және 
ептiлiктердi тәжірибеде қолдану. Аталған типтердің бәрi ара-
лас сабақтардың ықшамдалған түрлеріне сәйкес келетiнiн 
байқау қиын емес. Сабақтың өз алдына ажыралған типтерiнің 
құрылымы әдетте үш бөлiмнен тұрады: 1) оқу жұмыстарын 
ұйымдастыру (1-3 мин), 2) негiзгi бөлiм (қалыптастыру, игеру, 
қайталау, бекiту, бақылау, қолдану және т.б.) (25-40 мин), 3) 
қорытынды жасау және үй тапсырмасын беру (2-3 мин).
Сонымен, оқу ұйымдастыру жағдайларының баршасына 
бiрдей пайдалы болатын қатаң құрылымды, әмбебап сабақ бо-
луы мүмкін емес. Келесi кезеңдерi: оқу ұйымдастыру, өткендi 
қайталау, жаңа бiлiм, ептiлiктердi игеру, қабылданған бiлiм-
дердi қорыту және үй тапсырмасын беру – бөлектенген аралас 
сабақ оқу-тәрбие үдерісінің негiзiне алынады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет