Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет184/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Э.Паркхерст
(1887-1937). Даль-
тон жоспарлы оқуының ерекшелiктерi: балалар оқу мазмұнын, 
пәндердi өту ретiн, оқу жұмыстарын орындау уақытын өз 
қалаулары бойынша таңдаған. Оқу жылы басында әр оқушы 
белгiлi материалды өзбетiнше игеруi жөнiнде мұғалiммен 
келiсiм-шарт жасайды. Оқушылар жеке кабинет – лаборато-
рияларда отырып, оқу жұмыстарын орындайды, осыдан бұл 
оқу әдісi зертханалық жоспар атауын да алған. 20-жылдар бұл 
оқу формасы бригадалы – лабораториялық оқу атамасымен 
кеңестiк мектептерде кең қолданымда болды. Бұл формадағы 
оқу сипаты: 1) бүкiл сыныппен жалпы жұмыс; 2) бригаданың 
(оқушылар тобы) бiрлiктi iсi; 3) әр баланың жеке оқу жұмысы. 
Уақыт өтумен бұл оқу формасы өзiн ақтамады, мектеп дәстүрлi 
сынып-сабақтық оқу формасына қайта өттi.
Елдердің көпшiлiгiнде ХVII ғасырда пайда болып, 300 жыл 
дамумен әрi жетiлiп келе жатқан 
сынып-сабақтық
оқу жүйесi 
қабылданған. Бұл жүйе ерекшелiктерi:
– жас деңгейi мен дайындығы бiркелкi оқушылардың құрам 
тұрақтылығы;
– әр сыныптағы оқу жұмыстарының жылдық жоспарға 
сәйкестiгi;
– оқу үдерiсiнің өзара байланысты кезегiмен өткiзiлетiн 
бөлiктерге (сабақтарға) жiктелуi;
– әр сабақтың тек бiр пәнге арналуы (монизм);
– сабақтардың ұдайы ауысып баруы (сабақ кестесi);
– мұғалiм басқарымы (педагогикалық жетекшiлiк);
– оқушылардың әр түрлі және формадағы танымдық iс-
әрекеттерi (iс-әрекет баламалылығы).
Сынып-сабақтық форма басқа оқу түрлеріне қарағанда, 
бiрқатар артықшылыққа ие: материал, мазмұн қатаң ұйымды 
құрылымда келтiрiлген; үнемдi, себебi бiр мұғалiм оқушылардың 
үлкен тобымен жұмыс жүргізедi; өзара оқу, бiрлiктi оқу iстерiн 
ұйымдастыруға, жарыстыруға, тәрбиелеп, дамытуға қолайлы. 


252
Сонымен бiрге бұл форманың оқу тиiмдiлiгiн көтеруге кедергi 
болар кемшiлiктерi де баршылық, солардың арасында басты-
сы - “орташа” оқушыға бағытталуы мен жеке-дара оқу-тәрбие 
жұмыстарын жүргізуге мүмкіндiгiнің болмауы.
Сынып-сабақтық оқу формасы қазiргi мектептегi басты (не-
гiзгi) оқу түрі. Бұдан басқа да әртүрлі атамадағы оқу түрлері 
де қолданылады, мысалы: көмекшi, сыныптан тыс, сабақтан 
тыс, үй жұмыстары, өзбетiнше жұмыс орындау, т.с.с. Көмекшi, 
қосымша формалар оқушылардың сынып-сабақтық оқу iс-
терiн толықтырып, дамыта түседi. Олар қатарында: кеңестер, 
қосымша дәрiстер, көрсетпе-нұсқау сабақтары, үйiрмелер, клуб 
жұмысы, сыныптан тыс оқу, оқушылардың өзiндiк үй жұмыстары 
және т.б. Кейде сыныптан тыс оқу формалары қатарына 
танымдық экскурсиялар, мектептің тәжiрибе алаңдарындағы 
жұмыстар, шеберханалардағы еңбек, өлкелiк саяхаттар, 
денешынықтыру және спорт жарыстарын да жатқызады.
Оқуды сынып-сабақтық жүйеде ұйымдастырудың басты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   180   181   182   183   184   185   186   187   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет