247
– жiктемелi оқуды науқандыққа айналдырмай, оқудың бүкiл
барысында жүйелi қолдану.
Егер жiктемелi оқу нақты бір оқушыға бағышталса,
жеке-
дара
сипат алады. Жеке-дара оқудың iске асуы оның қай балаға
арналғанын анықтаудан басталады. Ал мұндай оқу ең алдымен
мектеп оқуына дайын болмаған не дайындығы кем шәкiртке
қажет. Мектеп оқуын ендi бастаған балалар арасындағы
айырмашылықтар елеулi келедi – кей бiреулерi түк бiлмейтiн
әрi ебедейсiз болса, ендi бiреулерi қайсы бiр бағытта толықтай
қалыптасқан бiлiм және ептiлiктермен көзге түседi. Педагог
оқушылар әрекет-қылығына мұқият назар сала отырып, оларды
мiндеттi түрде сараптап өткiзедi де оқу мүмкіндiктерi деңгейiн
анықтап, әрбiрiмен бөлек жұмыс тәсiлдерiн өткізеді. Мұндайда
ата-аналармен кеңесу де қажет.
Оқуға қиналатын балалар ерекше қамқорлықты қажет етедi.
Оқуды қиындастыратын бiрнеше себептер тобы анықталған:
– көңіл-күй – ерiктiк аймағы мен жалпы тұлғалық дамуы
шектелiп,
инфантилизм
жағдайына түскен балалар. Мұндай
оқушылар жасы жеткенiмен оқу iс-әрекеттерiне болымсыз
келедi. Бұл балалармен оқу-тәрбие жұмыстарын жеке-дара
жүргізіп, арнайы жаттығулар арқылы қалыптасқан тұлғалық
кемшiлiктердің бастау себептерiне мән беру қажет, оқу iс-
әрекеттерiне сәйкес тұлғалық қасиеттердi дамытып, қатарлары
санатына жетiлдiру үшiн арнайы жаттығулар жасап, дағдылық
қалыпқа келтiрудi естен шығармаған жөн.
–
қозғалыс-қимыл
ептiлiктерiнің қалыптасу деңгейi төмен
балалар. Бұлар жазу, сызу, басқа да әрекеттердi қиыншылықпен
игередi. Дене шынықтыру, сурет, еңбек сабақтары олар үшiн
үлкен азап. Себеп баланың енжарлығы не қаламауында емес,
әрекет-қимылдарының дамымауында. Мұндайда баламен
жеке-дара жұмыс жасау әбден қажет. Арнайы жаттығулармен
кемшiлiктердің бастау себептерiн қалпына келтiрiп, тиiстi
бұлшық еттер қызметiн орнына түсiрудi әдейi жоспарлаған
көңілге қонымды.
–
Достарыңызбен бөлісу: