244
Мәселелi сұрақтар мен тапсырмаларды өрнектеуге
қойылатын талаптар:
– оқушылардың бiлiм, ептiлiк деңгейi мен ойлау қабiлетiне
орайластырыла түзілуi тиiс;
– белгiлi мен белгiсiздердi салыстырудан бала таңдануын
туғызып, аралық кедергiлердi жеңу ықыласын оятуы шарт;
– оқушыларды қиыншылықтарды шешуге ынталандырып,
әртүрлі болжам ұсынуға ойыстыруы тиiс;
– жеке оқу пәнi материалымен шектелмеуi қажет.
МО мәселе мәнiн баяндау, эвристикалық (ішінара iздену),
зерттеу iзденiсi әдістерiмен iске асырылады. Бастауыш мектеп
сабағында мәселелi сұрақ және мәселе мәнiн баяндау секiлдi
МО элементтерiн мұғалiм жиi қолданады, себебi кiшi жастағы
балалар қандай да мәселенi шешуде сезiм толғанысына
берiлiп, белсендi әрекетке келедi. Мұндай жұмыстың табысты
болуы келесi жағдайларға тәуелдi:
– МО шарттарын iске асыруға мұғалiмнің өз дайындығы жет-
кiлiктi деңгейде болса;
– оқушылар сабақтардың қай-қайсысында да мәселелi
сұрақтармен етене араласып барса;
– барша сабақтарда оқу мәселелерiн енгiзу мен оларды ше-
шуге қолайлы жағдайлар түзiлсе.
Көпшiлiкке таныс мәселелi оқу артықшылықтары: мен-
шiктi шығармашылық әрекет жолымен бiлiм жинақтау, оқу
еңбегiне жоғары қызығушылық, өнiмдi ой қабiлетiнің дамуы,
оқудың берiк те әсерлi нәтижелiлiгi. МО кемшiлiктi тараптары
– оқушылардың танымдық iс-әрекеттерiн басқару қиындығы,
көзделген мақсатқа жету жолында уақыттың көп сарп етiлуi,
аса қарқынды күш-қуат талабы.
Достарыңызбен бөлісу: