240
клубтық жұмыстар, оқу саяхаттары, тәжiрибе учаскелерiндегi
жұмыстар, шеберханалардағы еңбек сабағы, өлкелiк сапар-
лар, денешынықтыру жарыстары және т.б.
Сабақ (урок)
– 1) оқу үдерiсiнің бiтiмдi бөлiгi, 2) негiзгi
форма.
Сабаққа қойылатын талаптар:
1. Ғылым жетiстiктерi
мен озық педагогикалық тәжiрибенi пайдалану; 2. Оқу-тәрбие
үдерiсiнің заңдылықтарын қолдану; 3. Барша дидактикалық
принциптер мен ережелердi тиiмдi ұштастыра бiлу; 4.
Оқушылар қызығуларын, икемдерi мен қажеттерiн ескеру;
5. Пәнаралық байланыстарды iске асыру; 6. Өткендегiлердi
пайдалана бiлу; 7. Тұлғалық дамуға жол ашу; 8. Оқу-тәрбие
жұмыстарының логикасы мен эмоционалдығын сақтау; 9. Өмiр
және оқушының жеке тұрмысымен байланыстыру; 10. Бiлiм
игеруге, толықтырып баруға үйрену; 11. Әр сабақты тиянақты
анықтап, болжап, жобалап, жоспарлап бару; 12. Педагогикалық
құрал-жабдықтарды тиiмдi пайдалану.
Сабақ мақсаты:
тәрбиелеу, бiлiм игерту, дамыту.
Сабақтың iске асуы мыналарға байланысты:
мазмұнға,
оқу әдістерiне, мұғалiм тұлғасына, қатынас-көзқарасқа, қызмет
қарым-қатынастарына мән беру.
Сабақ түрлері (типтерi)
– аралас сабақ, жаңа материалды
өту, жаңа ептiлiктер қалыптастыру, бiлiм, ептiлiктердi бекiту,
қорытындылау және жүйелеу, бiлiм, ептiлiктердi қолдану, бiлiм
және ептiлiктердi бақылау және реттеу.
Достарыңызбен бөлісу: