Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет173/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқу әдістерiн таңдау
Сабақ оқу-тәрбие мiндеттерiнің толыққанды шешiмi жалғыз 
әдіспен қамтамасыз етiлмейдi. Ұдайы белгiлi әдістің тиiмдi та-
лаптары мен кемшiлiктерiн сараптай отырып, олардың ара-
сынан нақты белгiленген мәселелердің орындалуына сай 
келетiндерiн таңдастыруға, әрқилы әдістердi үйлестiре бiрiк-
тiрiп, пайдалануға тура келедi. Қандай да әдістi iрiктеумен 
әрдайым көптеген тәуелдi байланыстарды ескеру қажет. Оқу 
әдістерiн таңдау және пайдалануда есепке алынатын жал-
пы дидактикалық жағдаяттар маңыздылық деңгей ретiмен 
төменде келтiрiлген:
Оқу мақсаты.
Қол жеткiзiлуi қажет оқу деңгейi.
Iске асырылуы тиiс талаптар мен мазмұн көлемi.
Оқу материалының күрделiлiгi.
Оқушылардың дайындық деңгейi.
Балалар белсендiлiгi мен қызығуы.
Оқушылардың жас деңгейi.
Балалардың жұмыс қабiлетi.
Оқуға дағдылануы мен көнбестiлiгi.
Оқу мерзiмi.
Оқу жағдайлары.


236
Оқу еңбегi барысында қалыптасқан мұғалiм мен балалар 
арасындағы өзара қарым-қатынас (бiрлiктi қызметтестiк неме-
се әкiмшiлдiк).
Сыныптағы балалар саны.
Мұғалiмнің өз дайындық деңгейi.
Аталғандарға қосымша мұғалiм келесi сұрақтарға жауап iз-
дестiргенi жөн:
– тақырыпты қай әдіспен өткен тиiмдi – оқушылардың өзiндiк 
жұмыстары әдісiмен бе әлде мұғалiм басшылығында ма?
– сабақта ол қандай құрал-жабдықтарды пайдаланғанды 
жөн көредi?
– балаларды белсендiлiкке ынталандырудың қай әдістерiн 
қалар едi?
– жалпы оқу не сабақ аяғында бақылау мен өзiндiк 
бақылаудың қандай жолдарын пайдаланған тиiмдi?
Әр сабаққа дайындала отырып, педагог бағдарламаны, 
оқу мазмұнын мұқият талдайды, жоғарыда келтiрiлген 
жағдаяттарды бағалау сарабына салады, ниеттелгендер мен 
мүмкін болар, ойдағы мен нақты iстегiлердi салыстыра отырып, 
алда өтiлетiн сабақтағы қадам әрекеттерiн бiржақты тоқтамға 
келтiредi. Кәсiптiк саналы тексерiлiп, тыянақталған қызмет 
осылай жасалуы шарт.
Сонымен, ертеңгi сабаққа таңдастырылған әдіс жөн-
жосақсыз болмауы тиiс. Әдiс мейлiнше оқу мiндеттерiне, 
оқушылар мүмкіндiктерiне барынша сай болуы үшiн мұғалiм 
олардың жағдаяттарға сәйкес, үйлесiмдi келуiне мән берiп, 
талдау жұмыстарын мүлде тоқтатпайды.


237


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет