232
атау, атамалар қолданылуы тиiс; шынайы ойын элементтерiнен
құралуы мiндеттi; бұлжымай орындалуы тиiс ережелерi болуы
шарт; өлең, тақпақ, жаңылтпаш, санамақ т.с.с. ойын элемент-
терi мол болғаны жөн. Ойынға дайындала отырып, мұғалiм де
өзiнің “әртiстiк” шеберлiгiн баптайды: әрекет-қимылын, оты-
рыс-тұрысын, айтар сөзін ойын мазмұны мен шартына орай
әсем де сұлу, қызықты да тосын етiп көрсетуге тырысады. Егер
ойын барысында балалар күлiп, мәз-мейрам болмаса, кейiн
оны қуана еске алып жүрмесе, мұғалiм еңбегiнің еш болғаны.
Мектептiк оқу мәселелерiн тәжірибелік әдістердi қолданбай
шешу мүмкін емес. Мұндай әдістер көбiне бекiту, қайталау
үдерісi және пән сабақтары мен саяхаттарда пайдалы оқу және
ойын жаттығулары жүйесi арқылы iске асып барады.
Достарыңызбен бөлісу: