229
улы жабдықтар мен мұғалiм
және оқушының мұқият нақты
дайындығын қажет етедi. Оны орындау көп күш-қуат пен
уақытқа байланысты. Сондықтан, мұғалiм зертханалық әдістi
жоспарлай отырып, оқушылардың өзбетiнше орындайтын оқу-
iзденiс жұмыстарының басқа оқу тәсiлдерiмен салыстырғанда
үнемдi әрi жеңiл боларына сенiмдi болуы қажет.
Тәжірибелік жұмыстар.
Оқушылар
iс-әрекетi игерiлген
бiлiмдер мен ептiлiктердi
тұрмыста қолдануға
орайласты-
рылады. Бұл әдістің атқаратын қызметi – бiлiм мен ептiлiктер-
дi тереңдете жетiлдiру, сонымен бiрге бақылау және түзету
мiндеттерiнің орындалуына сеп тигiзу, танымдық iс-әрекеттерге
ынталандыру. Бiлiм және ептiлiктердi қолдану сабақтарындағы
оқушылардың танымдық жұмыстары кезең, сатылап өтедi:
1. Мұғалiм түсiнiктемесi. Алдағы жұмысты теориялық тұрғы-
дан ұғу кезеңi.
2. Үлгi, өрнек көрсету кезеңi.
3. Сынап көру. Бұл кезеңде 2-3
оқушы жұмыс орындай-
ды, ал қалғандары бақылайды әрi мұғалiм басшылығында,
жұмыс барысында қате, кемшiлiктер болса, ескертулер жасап,
түзетулер енгiзiледi.
4. Жұмысты орындау. Тапсырылған жұмысты әр оқушының
өз бетiнше iске асыру кезеңi. Мұғалiм жұмыс орындау бары-
сында қиналуы мүмкін балаларға көбiрек назар аударады.
5. Бақылау, тексеру. Бұл кезеңде балалардың орындаған тап-
сырыстары қабылданады, тексерiледi әрi бағаланады. Орын-
дау сапасына, уақыт жұмсау, материал үнемдеу, тапсырманың
жылдам әрi дұрыс орындалуына мән берiледi.
Тәжірибелік әдіс басқаларға
қарағанда балаларды жұмыс
орындау барысында адал ниеттiкке тәрбиелеу тұрғысынан өте
маңызды келедi, еңбек үдерісін мұқият ұйымдастыруға, бұл
үшiн алдағы жұмыстың мақсатын пайымдауға, мiндеттерi мен
шарттарын талдап, материалдар меңгеруге, құрал-жабдықтар
дайындауға, жұмыс сапасына тынымды бақылау қойып,
қорытынды жасауға үйренедi.
Достарыңызбен бөлісу: