Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет165/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Суреттi көрнекiлiк
(иллюстрация). Бұл әдістегi көзделген 
мақсат плакат, карта, портрет, фотосурет, сурет, сұлба, көшiрме 
сурет (репродукция), жайылма модельдер және т.б. жәрдемiмен 
зат, үдерістің не құбылыстың рәміздік өрнектерiн көре отырып, 
нысанды қабылдау.


225
Затты көрнекiлiк пен суреттi көрнекiлiк оқу үдерiсiнде тығыз 
байланыста қолданылып, бiрiн-бiрi толықтырып, әсерлiлiгiн 
күшейте түседi. Зат, құбылыс не үдерісті тұтастай қабылдау 
қажет болса, затты көрнекiлiк қолданылып, ал құбылыс мәнiн 
ұғу, оның құрылымдары арасындағы байланысты тану қажет 
болса, суреттi көрнекiлiк пайдалы. Мұндай көрнекiлiк тиiмдiлiгi 
суреттi көрсете бiлуге тәуелдi. Көрнекi құралдарды көрсете 
ұсыну жолдарын таңдауға, мұғалiм көздеген нысандарының 
танымдық үдерiстегi қажетiн, орнын және рөлiн ойластыра-
ды, қолданылуы барынша мүмкін болған көрнекi заттар саны 
мен көлемiн анықтайды. Тәжiрибе көрсеткендей, көрнекi құрал 
саны көбейген сайын, оқу талабына байланысты мән-мағынаға 
зейiн қою қабiлетi кемидi. Суреттер алдын ала дайындалады, 
бiрақ әрқайсысы өз құндылығына орай сабақ үдерiсiнің қажеттi 
мезетiнде ғана ұсынылады.
Қазіргі кезең бастауыш мектебiнде сапалы көрнекiлiк 
қамтамасыз ету үшiн 
экранды техникалық құралдар
жиi 
қолданылуда. Диапроекторлар мен эпидиаскоптар пайдалану-
да қарапайым, сенiмдi, арзан, сақтауы да оңай. 6-7 жастағы 
балаларды дифильмдердi өзбетiнше қолданып, пайдалануға 
жеңiл үйретуге болады. Диафильм қолдануда келесi кезеңдердi 
есте ұстанған жөн: мақсат түсiндiру, көрсету кезiнде әр кадрға 
түсiндiрме беру, көрсету аяқталғаннан соң, қорыту әңгіме-
сұхбатын ұйымдастыру, материалды жалпылап, тұжырымға 
келтiру.
Видеоәдістер.
Оқу орындары тәжiрибесiне ақпараттарды 
ұсынудың экрандық көздерiн (кодоскоп, проектор, киноаппарат, 
оқу бағдарламалы теледидар, видеоқондырғылар мен видео-
магнитофондар, дисплейлi компьютерлер, DVD) жеделдiкпен 
енуiнен видеоәдістi жеке оқу әдісi ретiнде тануды мойындатып 
отыр. Бұл әдіс бiлiм жеткiзуге ғана емес, сонымен бiрге оқу 
нәтижесiн бақылау, бекiту, қайталау, жалпылау, жүйелестiру, 
яғни дидактикалық мiндеттердің бәрiн орындау барысында 
тиiмдiлiгi орасан.
Бұл әдістің оқу және тәрбиелiк маңызы оның көрнекi бей-
нелердi күштi әсерлендiре, ықпалды қоданымға келтiрiп, оқиға 
желiсiн басқару мүмкіндiгiн беруiнде. Егер балалар экран 
мазмұнына әсерлене араласып, оған байланысты өз ықпал-ни-


226
етiн бiлдiре алмаса, оларға көрiп, сезгендерiне орай бақылау, 
тексеру жаттығулары мен тестерi ұсынылмаса, видеоәдістен 
келер пайда шамалы. Киноэкран мен теледидар дерексiзден-
ген (абстракт) ой, шығармашылық пен дербес iс-әрекет ептiлiк-
терi мен дағдыларын қалыптастыруда тигiзер көмегi болым-
сыз. Мұндай экрандық бейнелер көбiне сезiмге әсер етiп, ой 
толғастыруға байлау болады.
Егер бастауыш сынып мұғалiмiнің оқытуы бағдарламалы 
ақпарат жүйелерiмен байланысты болса, онда ол видеоәдіспен 
келесiдей дидактикалық және тәрбиелiк мiндеттердi табысты 
шешуi мүмкін:
– жаңа бiлiм ақпараттарын, әсiресе тiкелей көрiп, талдауға 
түспейтiн жай жүрістi үдерiстер (өсiмдiк дамуы, сұйықтық бу-
лануы, тау жыныстарының үгiлуi және т.б.) мен қарапайым 
бақылау тәсiлiмен мәнiн аңғару қиын өте жылдам үдерiстер 
(серпiлiсте денелер соғуы, жұлдыз, планеталар ағымы және 
т.б.) жөнiндегi бiлiмдердi игеру үшiн;
– күрделi механизмдер мен машиналардың әрекетке келу 
принциптерiн даму желiсiмен байланыстыра түсiндiру;
– әрқилы iс-әрекет түрлерінің орындалу тәртiбiмен (алго-
ритм) таныстырып, оны iске асыруға үйрету;
– шет тiлi сабақтарында арнайы тiлдiк орта түзу;
– тарих, этика, қоғамтану, әдебиет сабақтарында оқу-
ды өмiрмен байланыстыру мақсатында видеоқұжаттар 
пайдалану;
– тест сынақтарын өткiзу;
– дағдыландыру жаттығуларын орындау;
– сыныптағы әрбiр оқушы үлгерiмiн компьютерлi есепке 
алу;
– оқу ұйымдастыруда әрбiр оқушының жеке даралығына 
орай iс алып бару;
– оқу үдерісiне жаңалықтар енгiзу, оның өнiмдiлiгiн көтеру, 
педагогикалық басқарым сапасын көтеру арқылы ұсынылып, 
игерiлетiн ғылыми ақпарат көлемiн мүмкіндiгiнше ұлғайту.
Бұл әдіс тиiмдiлiгiн көтеруде мұғалiмнің жеке шебер-
лiгi аздық етедi, оқудың нәтижелiлiгi мұндайда видео оқу 
құралдары мен қолданымдағы техникалық жабдықтардың са-
пасына тiкелей байланысты келедi. Оқу үдерiсiнің видеоәдіспен 


227
ұйымдастырылуы нақты, анық, үлкен ой сарабынан өткiзiлiп, 
мақсатты бағытта болғаны әбден қажет. Видеоәдіс пайдала-
нушы мұғалiм оқушыларын таныстырылып жатқан мәселелер 
шеңберiне енгiзе отырып, олардың оқу iс-әрекеттерiн бағыттап, 
тиiстi қорытындылар жасап, өзiндiк жұмыстар үдерiсiнде жеке-
дара көмек көрсетуде үлкен ептiлiкке ие болуы тиiс.
Сонымен, көрнекi әдістер оқу үдерiсiнің барша желiсiнде 
қолданымға түседi. Олардың қызметi - жан-жақты, бейнелi 
қабылдауды қамтамасыз етiп, ой-өрiс дамуына сүйенiш болу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   161   162   163   164   165   166   167   168   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет