Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет162/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Кiрiспе
(дайындық) 
сұхбаттасу
әдетте оқу жұмыстарының 
алдынан жүргізіледi. Оның мақсаты – оқушылардың алдағы 
оқу iстерiн қаншалықты дұрыс түсiнгенiн анықтау, қай жұмысты 
қаншалықты дәрежеде орындай алатынына көз жеткiзу.
Хабарлау сұхбатының
формалары: 
қатехезистiк
сұрақ-жауап күйiнде (жауаптары алдын ала жатталып, сол 
күйiнде қайталап айтып беруге негiзделген); 
сократтық
(жа-
уап оқушы тарапынан жұмсақ, ұстазға деген сый-құрмет ны-


218
шанын сақтаумен орындалып, бiрақ шәкiрт өз пiкiрiн, күмән-
қарсылығын бiлдiруге құқылы); 
эвристикалық
(оқушы ал-
дына мәселе қойылады, оның шешiмiн тауып, жауап беруде 
оқушы толық еркiндiкке ие). Бастауыш мектепте сұхбаттасудың 
барша түрлері қолданылуы мүмкін. Көбiне мұғалiмдердің пай-
даланатыны – балаларды өзбетiнше жұмысқа ынталандырып, 
өзiнше жаңалық, шындық ашуға бағыттайтын сұхбат түрі – бұл 
эвристикалық әдіс. Мұндай әңгімелесу барысында оқушылар 
бiлiм игеру үшiн өз ой-толғаныстарына, табиғи күш-қуатына 
жүгінеді.
Бiрiктiрушi-қорытынды 
немесе 
бекiту 
сұхбаты 
оқушылардың өткен сабақтарда меңгерген бiлiм, ептiлiктерiн 
жинақтап, қажеттi жүйеге келтiру үшiн оқу үдерісiне қосылады. 
Ал 
бақылау-реттеу
(тексеру) мақсатты сұхбат қызметi 
оқушыларға ұсынылған бiлiмдердің қай деңгейде және сипат-
та игерiлгендiгiн анықтау жұмыстарымен байланысты. Соны-
мен бiрге бұл әдіс оқушылардың игерген бiлiмдерiн жаңа де-
рек не тұжырымдамалармен толықтыру, дамыту ниетiмен де 
қолданылады.
Өткiзiлген сұхбаттың нәтижелi болуы үшiн мұғалiм тиянақты 
дайындық көруi қажет. Бұл үшiн ол сұхбат тақырыбын, оның 
мақсатын дәл анықтап, белгiлейдi; сабақ жоспарын түзедi, 
көрнекi құралдар iрiктейдi, сұхбат барысында туындап қалуы 
мүмкін негiзгi және қосымша сұрақтарды өрнектеп, оларға 
жауаптар дайындайды, сұхбат ұйымдастыру мен өткiзудің 
әдістемесiн ойластырады. Мұндай оқу әдісiн орындауда аса 
жауапкерлiк мiндет – дұрыс сұрақ өрнектеп, оны оқушыға қоя 
бiлу. Сұрақтар тобына қойылатын талаптар: қисынды бiрiз-
дiлiк, өзара байланыстық, өтiлiп жатқан тақырыптың мән-
мағыналарын аша бiлу, бiлiмнің жүйелi игерiлуiне жәрдем беру. 
Мазмұны және формасы жағынан сұрақтар оқушылардың 
бiлiм, жалпы даму жағдайларына сәйкес болуы шарт. 
Сұрақтар қарапайым болып, қай оқушының да түсiнiмiне жеңiл 
болғаны жөн. Дегенмен, сұрақтар өте жеңiл де, шектен тыс 
ауыр да болмауы тиiс. Бұл екi жағдайда да оқушы белсендi 
ой қызметiне бара алмайды. Бiрiншiсiнде - баланың белсендi 
танымдық қызметке ынтасы болмайды, ал екiншiсiнде – оқушы 
сұрақ мазмұнын түсiнбегендiктен жауап iздеуден бас тартады. 


219
Сұрақтар дайын жауапқа негiзделмей, өткенде игерiлген сабақ 
материалдарына байланыстырылуы қажет. Мысалы, “Сөйлем 
деген не? Сөйлемнің түрлері қандай?” секiлдi сұрақтардан 
гөрi “Жай сөйлем белгiлерiн сипатта. Сөйлемнің бiр түрінен 
екiншiсiнің айырмашылығын дәлелде” сияқты тапсырмалар 
берiп, оқушыларға “Неге?”, “Нелiктен?”, “Не себептi?” формада 
келтiрiлген сұрақтар қою тиiмдi келедi. Мүмкін, мұндай сұрақ, 
тапсырмалар бастауыш сынып оқушылары үшiн қиындау да бо-
лар, алайда, оқу мiндетi баланы шығармашыл ой-толғанысқа 
келтiру, шығармашылыққа жетелеу. Осыдан балауса шәкiрттi 
мәселелi сұрақтарға ерте бастан үйрете берудің зияны бол-
мас. 
Сұхбат басқа әдістермен салыстырғанда жекелеп, жiк-
теп, нақты тұлғаға бағытталған оқуды ұйымдастыруда үлкен 
мүмкіндiктерге ие. Балалардың дайындық деңгейiне орай 
сұрақтарды жiктеумен педагог сыныптағы барша оқушыларды 
белсендi оқу-таным үдерісiне қосу мүмкіндiгiн алады. Сұхбат 
жаңа материалды бұрын өтiлгендермен байланыстыра бекi-
ту әрi тексеруде өте қолайлы. Сұрақтар жүйесiн түзе отырып, 
мұғалiм олардың әрқайсысының өзiндiк атқарар қызметiн есiн-
де сақтағаны жөн: кей сұрақтар дерек iздеп, табуға бағытталса, 
екiншiлерi – бұрыннан игерiлген бiлiмдер мен тәжiрибенi 
қайта жаңғыртып, жарыққа шығару (актуализация) үшiн 
қажет, үшiншiлерi – жаңа байланыстар жасауға көмектессе, 
төртiншiлерi – бар бiлiмдердi жаңа жағдайларда қолдануға 
ынталандырады, т.с.с. Бар бiлiмдер мен ептiлiктердi бақылау 
және олардың қаншалықты қалыптасқанын аңғару үшiн педа-
гог нақтама сұрақтар тобын iске қосады.
Оқудың сұрақ-жауап формасын iске асыру жолдарын, яғни 
техникасын бiлу – педагог қызметiндегi басты мәселелердің 
бiрi. Әр сұрақ бүкiл сыныптағыларға қойылады. Бiршама ой-
лау мезетiнен соң оқушы жауап беруге шақырылады. Орнында 
отырып, “айқаймен” берiлетiн жауаптарға тыйым салған жөн. 
Оқушылардың қателiктi жауаптарын түзетуiне мүмкіндiк бере 
отырып, үлгерiмi төмен балаларды сұрақ-жауапқа көбiрек 
тартқан орынды. Егер қойылған сұраққа оқушылардың ешбiрi 
жауап бере алмаса, оны қайта өрнектеу не бөлшектеу қажет, 
қосалқы, бағдарлау сұрақтармен жәрдем беру керек. Бала жа-


220
уап берген кезде қиналатын болса, оған “сыбырмен” не тiрек 
сөз, сөздің бас әрiбiн дыбыстап жәрдемдесiп, жалған “бiлгiштiк-
ке” жеткiзу – педагогикалық тұрғыдан тiптi де тұрпайы әрекет. 
Әңгіме-сұхбаттың табысты аяқталуы сыныппен орай-
лы қарым-қатынас түзе бiлуге тәуелдi. Мұғалiмнің мiндетi - 
балалардың сұхбатқа белсендi қатысып, сұрақтарды мұқият 
тыңдап, ойлана жауап беруiн қадағалау. Сонымен бiрге 
оқушыларды өз жолдастарының жауаптарын талдауға үйретiп, 
өз пiкiрлерiн бiлдiруге ынталандыру қажет. Әр жауап үлкен 
зейiндiлiкпен қабылданып, бағаланады. Дұрыс жауаптар 
мадақталады, ал қате болғандары – түсiндiрiледi, олқы-кем-
шiлiктерi толықтырылады. Дұрыс болмаған жауап қателiктерiн 
оқушы мүмкіндiгiнше өзi тауып, түзеткенi жөн, ал шәкiрттің 
мұндай өзiндiк жұмысты орындай алмайтынына көз жеткен 
кезде ғана, жолдастарын көмекке шақыруға болады. Мұғалiм 
рұқсатымен оқушылар бiр-бiрiне сұрақ қояды, бiрақ сұрақтар 
танымдық мәнiн жоғалтып, жалған белсендiлiк көрсету үшiн 
берiле бастаса, мұндай оқу жұмысын мұғалiм тыя салғаны 
орынды.
Әңгімелесу – көп уақыт пен күш-қуат жұмсауды қажет 
ететiн күрделi оқу әдісi екенiн педагогтың естен шығармағаны 
жөн. Бұл үшiн тиiстi жағдайлар мен жоғары деңгейдегi 
педагогикалық шеберлiк те қажет. Сұхбаттасу әдісiн таңдай 
отырып, мұғалiм өз мүмкіндiктерiн, оқушылардың дайындық 
дәрежесiн мұқият өлшестiрiп бiлгенi қажет. Себебi алдын-ала 
қисынды ойластырылмаған әңгіме “желге ұшып”, кейiн оның 
орнын толтыру әбден қиын болады.
Барша баяндалғандардан туындайтын қорытынды: бас-
тауыш мектеп мұғалiмiнің педагогикалық қызметiнде оқудың 
ауызекi әдістерi маңызды орынға ие. Әңгімелеп беру, түсiндiру, 
әсiресе, әңгіме-сұхбат оқу-тәрбие үдерiсiнде саналуан 
қызметтердi iске асыруға мұрындық болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   158   159   160   161   162   163   164   165   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет