217
Әңгіме-сұхбат – бұл мұғалiм сұрағы мен оқушы жауабы-
нан құралған диалог. Екеуара сөз алысу үдерісi оқушы ойын
мұғалiм ойы iзiмен жетелей отырып, нәтижеде шәкiрттi қадам-
қадаммен жаңа бiлiм игеруге жақындата түседi.
Әңгіме-сұхбаттың және бiр артықшылығы: ойлау белсен-
дiлiгiн мейлiнше көтередi, бiлiмдер мен ептiлiктердің игерi-
лу деңгейiн анықтап баруға мүмкіндiк бередi, оқушылардың
танымдық күш-қуатына қозғау салады, танымдық әрекетіне
дер мезетiнде қажеттi басқарым жасаудың жолын ашады. Ал
мұндай әдістің тәрбиелiк маңызы өз алдына орасан.
Өзге де оқу әдістерiндегiдей, сұхбаттасу барысындағы
таным дедуктив не индуктив жолдармен жүргізіледi.
Дедук-
тив сұхбат
оқушыларға танымал жалпы ереже, принцип,
түсiнiктерден басталып, оларды талдау, сарапқа салу арқылы
жекелеген ұйғарымдар шығарылады. Ал
индуктив форма-
да
жүргізілген сұхбатқа жеке деректер мен түсiнiктер талдауға
алынып, әрi оның нәтижесiнде жалпы қорытынды жасалады.
Бастауыш мектепте әңгіме-сұхбат әдісi төмендегiдей
жұмыстарды iске асыруда тиiмдi:
– оқушыларды сабақтағы оқу жұмыстарына дайындауда;
– оларды жаңа материалмен байланыстыру барысында;
– игерiлген бiлiмдердi жүйелестiру мен бекiтуде;
– ағымдағы бақылау және бiлiм игерiлуiн анықтау үшiн.
Мектеп тәжірибесінде әңгіме-сұхбаттың бiрнеше тобы бел-
гiлi. Атқаратын мiндетi бойынша келесiдей сұхбаттасу әдістерi
ажыралады: 1) кiрiспе немесе ұйымдастырушы; 2) жаңа бiлiм-
дердi хабарлау; 3) бiрiктiрушi немесе бекiтушi; 4) бақылау-рет-
тестiрушi. Оқушылардың өзбетiнше дербес оқу әрекеттерiн
атқаруына орай сұхбат қайта жаңғыртушы (репродуктив) не
шығармашыл (эвристикалық) болып бөлiнедi.
Достарыңызбен бөлісу: