Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет160/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Әңгімелей түсiндiру
әдісi қисынды бiрiздiлiк анықтау, се-
беп-салдарлы байланыстарды ашу, игерiлiп жатқан құбылыстар 
немесе принциптер арасындағы тәуелдiлiктердi байқау үшiн 
пайдаланылады. Оқушылар жанында қалуы тиiс әрекет 
тәсiлдерiнің мәнiн түсiнуде, балаларды әңгіменің ой бағыты 
мен желісінің дамуын сезе бiлуге үйретуде және мазмұнның 
аса құнды тұстарын анықтап, есте қалдыруға да осы әңгімелей 
түсiндiру әдісi көп жәрдем бередi.


216
Түсiндiру
– күрделi мәселелердi бiрiздi, қисынды, анық 
әрi жеңiл тiлмен балалар ұғымына жеткiзудің белсендi әдісi. 
Түсiндiру iсi мiндеттi түрде балалар катынасында, олардың 
өз бақылаулары мен тәжiрибе iстерiнің нәтижелерiмен бай-
ланыста жүргізіледi. Бұл әдіс көбiне математика, тiл, еңбек, 
дене шынықтыру, табиғаттану сабақтарында әрекет-қимыл 
ережелерiмен таныстыру мақсатында қолданылады. Түсiндiру 
көрсетпе беру (инструктаж) тәсiлiмен толыға түседi. Мысалы, 3 
– сынып оқушылары өзбетiнше жаттығу орындаудан бұрын ке-
лесiдей көрсетпе алады: 1) тапсырманы оқып шық; 2) не iстеу 
керектiгiн анықта; 3) ереженi еске түсiр; 4) жаттығуды орында; 
5) ережемен салыстыр.
Бастауыш мектепте қолданылатын түсiндiру әдісiнің қай 
түрі де бiрдей талаптарға жауап беруi тиiс: кiрiспе бөлiмi, 
әрекет өрiстеуi, шарықтау және қорыту бөлiктерi. Қысқа да 
нұсқа ұйғарымдар, басты желiге сай қорыту (резюме) - ұтымды 
түсiндiру жұмыстарынының мiндеттi элементтерi.
Әңгіме-сұхбат.
Бұл әдісте мұғалiм өз оқушыларының 
тәжiрибесiне сүйене отырып, сұрақтар жәрдемiмен балалардың 
материалды түсiнуiне көмектеседi, олардың бұрыннан бiлген-
дерiн нақтылап, тереңдете дамытады. Әңгіме-сұхбат оқудың 
шығармашылық әдістерiнің бiрi ретiнде қабылданған. Оны за-
манында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   156   157   158   159   160   161   162   163   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет