216
Түсiндiру
– күрделi мәселелердi бiрiздi, қисынды, анық
әрi жеңiл тiлмен балалар ұғымына жеткiзудің белсендi әдісi.
Түсiндiру iсi мiндеттi түрде балалар катынасында, олардың
өз бақылаулары мен тәжiрибе iстерiнің нәтижелерiмен бай-
ланыста жүргізіледi. Бұл әдіс көбiне математика, тiл, еңбек,
дене шынықтыру, табиғаттану сабақтарында әрекет-қимыл
ережелерiмен таныстыру мақсатында қолданылады. Түсiндiру
көрсетпе беру (инструктаж) тәсiлiмен толыға түседi. Мысалы, 3
– сынып оқушылары өзбетiнше жаттығу орындаудан бұрын ке-
лесiдей көрсетпе алады: 1) тапсырманы оқып шық; 2) не iстеу
керектiгiн анықта; 3) ереженi еске түсiр; 4) жаттығуды орында;
5) ережемен салыстыр.
Бастауыш мектепте қолданылатын түсiндiру әдісiнің қай
түрі де бiрдей талаптарға жауап беруi тиiс: кiрiспе бөлiмi,
әрекет өрiстеуi, шарықтау және қорыту бөлiктерi. Қысқа да
нұсқа ұйғарымдар, басты желiге сай қорыту (резюме) - ұтымды
түсiндiру жұмыстарынының мiндеттi элементтерi.
Әңгіме-сұхбат.
Бұл әдісте мұғалiм өз оқушыларының
тәжiрибесiне сүйене отырып, сұрақтар жәрдемiмен балалардың
материалды түсiнуiне көмектеседi, олардың бұрыннан бiлген-
дерiн нақтылап, тереңдете дамытады. Әңгіме-сұхбат оқудың
шығармашылық әдістерiнің бiрi ретiнде қабылданған. Оны за-
манында
Достарыңызбен бөлісу: