Кiтаппен жұмыс әдісі
Мектеп тәжiрибесiне кiтап енген дәуiрден бастап, оны-
мен жұмыс iстеу аса маңызды оқу әдісiне айналды. Бұл
әдістің ұтымды тарапы – оқушы қажет материалды өзіне
қолайлы жағдай мен уақыт мерзiмiнде, қалаған жеделiкте көп
қайталап, меңгеруге мүмкіндiк алады. Оқу кiтаптары негiзiн-
де педагогикалық қызметтердің: оқыту, оқу-үйрену, дамыту,
тәрбиелеу, ынталандыру, бақылау-реттеу (түзету) – бәрiн бiр-
дей орындауға болады.
Өкiнiшке орай, бастауыш мектепте кiтаппен жұмыс iстеуге
қажеттi мән берiлмеуде. Педагогтардың көрнекi-жарқын, әсерлi
әдістердi әсiрелей көп пайдалануынан сабақтағы кiтап, онымен
жұмыс қажетсiз дүниеге айналып, көлеңкеде қалады. Нәтиже
ашынарлық: балалар аз оқиды, тiптi де оқымайды, оқыса, әрiп
не буын басын қосып, бiрiктiре алмайды, осыдан оқығанын
түсiнбейдi. Мұның тауқыметi бастауыш сыныпты бiтiрiп, орта
мектепке өткен балалар тағдырына үлкен зиян келтiруде. Ал
осыған байланысты барша қиыншылықтарды жеңiп, баланы
жасынан ең алдымен кiтап оқуға, онымен жұмыс iстеуге үйрету
алғашқы оқу тетiгiн ұстаған бастауыш сынып мұғалiмiнің
қолында.
Кiтаппен жұмыс
оқушылар үшiн өте күрделi қиын оқу әдісi.
Мектептің парызы балаларды өзбетiнше кiтап пайдалануға
баулу. Бұл әдістi қолдануға қойылатын басты талаптар: еркiн
оқып, оқығанды түсiну ептiлiктерiн тәрбиелеу; оқылып жатқан
материалдың негiзгi мәнiн бөлектей ұға бiлу; оқылғанның
өзектi тұжырымдарын өрнектеп, жаза бiлу және
(тiрек-конс-
пекттер)
түзуге үйрету.
Өзбетiнше
кiтаппен жұмыс iстеуде-
гi негiзгi
мақсат
– оқу материалымен танысу, жүгіртiп көзден
өткiзу, жеке бөлiктерiн оқу, нақты қойылған сұрақтарға жауап
iздестiру, материалды мұқият зерттеп, игеру; мысалдар мен
мәселелердi шешу, бақылау тестерiн орындау, ақырында,
қажет болса, материалды жаттап алу.
Мектеп тәжiрибесiнде кiтаппен жұмыс iстеудің екi түрі кең
қолданымға түскен: бірінші сабақта мұғалiм басшылығында
және екінші сабақта меңгерiлгендi бекiту және кеңейту
мақсатында жүргізілетін үйдегi өзiндiк жұмыстар. Педагог ба-
лаларды бiлiм топтау жолында кiтапты пайдалануға дайындай
отырып, жаңа материалды бұрын өтiлген қай материалмен
байланыстыру, бiрiктiру немесе салыстыру қажет болатынын
түсiндiредi, көрсетедi. Егер жұмыс сабақ барысында орында-
латын болса, материалды кiтап бойынша игеру үдерісi жеке
бөлiмдерге келтiрiледi де, әрқайсысы өз алдына бақыланады,
тексерiледi. Мәтiн үзiндiсiн оқып болудан бала тыныстап,
қажеттi әрекеттердi: түсiну, есте қалдыру, салыстыру, теңеу
және т.б. – орындауға кiрiседi. Оқушының кiтап мәтiнi бойын-
ша үй жұмысы дәрiсте қабылдап, есте қалғандарын қайта
жаңғыртудан басталады. Сабақта игерiлгендi оқулық мәтiнiмен
бiрiктiру – кiтаппен жұмыс жасаудың қалтықсыз дұрыс жолы.
Кiтап оқуда шәкiртке қойылатын шарт – мүмкін болғанша
мәтiн мазмұнын есте қалдыруға тырысу. Сондықтан оқушыны
мәтiннің баяндалу тәртiбiн аңдауға үйретiп, оқу барысында
мәтiн мазмұнының ойдағы жоспарын түзуге баулу. Тiрек кон-
спект түзiп, негiзгi мән-мағына қамтушы сөздер, сөз тiркестерi
мен сөйлем-тұжырымдарды жазуға үйрету – оқу тиiмдiлiгiнің
артуына себепшi өте маңызды жағдаят.
Кiтаппен жұмыс алып бару оқушылардың өзiндiк бақылау
дағдыларын қалыптастыруына байланысты келедi. Оқушы
материалды бiлетiнiн кiтапты қанша рет қайталап оқығанымен
емес, сол оқығанының мазмұнын саналы да толық баяндай
бiлу ептiлiгiнің дәрежесiмен бағалауы тиiс. Бұл үшiн балаларда
уақытының көбiн материалды жәй оқуға емес, ал оны жадтан
қайта жаңғыртып, белсендi қайталап тұру әдетiн қалыптастыру
қажет.
Кiтаппен жұмыс әдісiнің кемшiлiгi – оқушының көп
уақыты мен күш-қуатын қажет етуiнде, сондықтан бұл
әдіс ысыраптылығымен ерекшеленедi. Сонымен бiрге ол
оқушылардың даралық өзгешелiктерiн ескеруде қолайсыз.
Төмен сапада құрастырылған кiтаптар өзiндiк бақылау мен
оқу үдерісін басқаруға қажет жеткiлiктi материалдарды
қамтымайды. Осыдан мұғалiм тек жоғары дәрежеде түзiлген
кiтаптарды таңдап, мiндеттi түрде кiтаппен жұмыс тәсiлiн
басқа да оқу әдістерiмен ұштастыра пайдалануға тырысады.
өз сабақтарында кiтаппен жұмыс ұйымдастыруды күнделiктi
әдетiне айналдырады.
Сонымен, кiтаппен жұмыс мектеп тәжiрибесiнде басқа
әдістер қатарында тең құқылы әрi маңызды оқу әдісi ретiнде
жоғары дәрежеде пайдаланатын болып, қайта тiктеледi. Оқушы
223
тыңдап, қабылдағаны ғана емес, тiптi түсiнгеннің өзiнде – тез
арада ұмытады, ал өзі мұқият оқыса, одан ұққанын бiлiм
қорына қосып, жадынан шығармайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |