Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет166/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Тәжірибелік әдістер
Мұндай әдістер қатарында педагогикалық қызметте кең 
қолданылатындары: 
жаттығулар, 
зертханалық 
әдістер, 
танымдық ойындар.
Жаттығулар
– бiлiм, ептiлiктер мен дағдылар иге-
руге, олардың сапасын көтеруге бағышталған жоспарлы, 
ұйымдасқан, қайталай орындау үшiн арналған оқу iс-әрекеттерi. 
Жаттығулар дұрыс ұйымдастырылмай, оқу нәтижесі және еп-
тiлiктер қалыптаспайды. Бұл әдіс ептiлiктер мен дағдылар 
қалыптастырып, орнықтыруға өте тиiмдi, ал ынталандыру 
тұрғысынан - әлсiздеу.
Жаттығулар үш түрге ажыралады: арнаулы, туын-
ды және түсiндiрме. 
Арнаулы
– оқу, еңбек ептiлiктерi мен 
дағдыларын қалыптастыруға бағытталып, көп қайтара орын-
дауды көздейтiн жаттығулар. Егер арнаулы жаттығуларға 
бұрын қолданылғандары ендiрiлсе, олар 
туынды
деп атала-
ды. Туынды жаттығулар бұрыннан қалыптасқан дағдыларды 
қайталау және бекiту үшiн жүргізіледi. Туынды жаттығуларсыз 
дағды жойылады. 
Түсiндiрме
жаттығулар оқу үдерiсiнің бел-
сендiлiгiн арттыру үшiн қолданылып, оқу тапсырмаларын 
саналы орындауға машықтандыруды көздейдi. Мұндай оқу 
жұмысының мәнi – мұғалiм мен оқушы орындалған не орын-
далатын iске түсiнiктеме бередi, iске асырылатын әрекеттерге 
анықтама берiп, дәлелдейдi, нәтижеде көзделген әрекет, 
қимылдар анық-қанығына жетiп, жақсы игерiледi. Алғашқы 
түсiнiктемелердi үлгерiмi жоғары оқушылар бередi, кейiн бұл 


228
жұмысқа бүкiл сынып қосылады. Түсiндiрме жаттығулар әдісi 
сабақтың жоғары қарқындылығын қамтамасыз етiп, барша ба-
лалар тарапынан материалдың саналы игерiлiп, мықты бекуi-
не жәрдемiн тигiзедi.
Бастауыш мектепте 
ауызекi
жаттығулар кең қолданылады. 
Олар тiл мен қисынды ой дамуына, танымдық мүмкіндiктердi 
көтеруге өте пайдалы. Ауызекi жаттығулардың орындай-
тын қызметi әртүрлі: оқу техникасы мен мәдениетiн көтерiп, 
ауызекi есеп, әңгімелеу, бiлiмдердi жүйелi баяндауға 
үйрету. Ауызекi жаттығулардың тiл үйренудегi орыны ерек-
ше. Мұндай жаттығулар бiрте-бiрте күрделенiп барады. Оқу 
қызметтерi қатарында 
жазба
жаттығулардың (стилистикалық, 
грамматикалық, орфографиялық диктанттар, шығарма, баян-
дамалар) маңызы өз алдына. Жазба жұмыстарға байланысты 
мұғалiм қызметi – олардың көптүрлілiгi мен жеткiлiктi санын 
қамтамасыз ету. Жазба жаттығулар қатарына математика, су-
рет сабақтарында кең қолданылатын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет