224
көрсетiлетiн iшкi құрылымдар не жеке қасиеттерi (жәндiк-
жануардың тыныс алуы, қондырғының жұмыс бабы және
т.б.) таныстырылады. Бұл әдістің тиiмдiлiгi:
егер зат, үдеріс
және құбылыспен балалардың өздерi тiкелей зерттеп, таныс-
са, олармен байланысты әрекеттердi өзбетiнше орындап,
аралық тәуелдiлiктерiн өз тәжiрибесi негiзiнде ашып, көзiн
жеткiзсе, оқу тиімділігі арта түседi. Оқу жұмысы оқушының өз
танымдық iзденiс-әрекеттерiн арқау етсе, ол
басқалардың
пiкiр, тұжырымдарын қайталамай, меншiктi бiлiм қорын
қалыптастырады.
Белсендi таным әдісi ретiнде затты көрнекiлiктi қарапайым
көрсетуден ажырата бiлу керек. Нақты затты тiкелей қолға
алып, онымен белсендi мәселелi не зерттеу жұмысымен ай-
налысу кезiнде оқушы назар-зейiнi кездейсоқ белгiлерден гөрi,
сапалық
мәндi қасиеттерге шоғырланып, оларды жылдам,
жеңiл әрi толығырақ тану мүмкіндiгiн алады. Бұл әдістi пайда-
лануда ауызекi баянның рөлi онша үлкен емес, солай да болса,
оқушы бақылаулары сөздік тәсiлдермен үздiксiз байланыста
жүргізіледi. Бала дербестiгiн (самостоятельность) көтеру үшiн,
одан көрген, байқағандарын ауызша баяндап, түсiндiрудi та-
лап еткен жөн. Затты-көрнекiлiк тиiмдiлiгiнің жоғары болуы ны-
санды дұрыс таңдауға, балалардың зейiнiн дұрыс шоғырлап,
зерттелiп жатқан зат, құбылыстың мәндi тараптарына аударуға
бағытталған педагог ептiлiгiне тәуелдi, сонымен бiрге әрқилы
әдістердің
бұл жұмысқа ретiмен, орынды қатыстырылуын да
естен шығармаған жөн. Заттай көрнекiлiктi қолдану үдерісiне
қойылатын талаптар:
– көрсетiлiп жатқан нысан толықтай балалар назарында бо-
луы қажет;
– ол тек көзбен бақыланып қана қоймай, барлық сезiм
мүшелерiнің әсерленуiн қамтамасыз етуі керек;
– балалар өз ықылас-ынтасын
нысанның оқу iсiне тiкелей
байланысты тараптарына аудара бiлу шарт;
Достарыңызбен бөлісу: