Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет158/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

ауызекi баяндау 
әдісi 
орын алған. Олардың арасында еленгендерi: әңгімелеу, 
түсiндiру, ұқтыру, әңгіме-сұхбат, көрсетпе беру. Бұл әдістердің 
қызметi келесiдей: 
– 
сеп-түрткілiк
(мотивационная): жаңа материалды иге-
рудің психологиялық негiзiн қолдау, нақты тақырып өтуде 
оқушылардың танымдық iс-әрекетiне қозғау салу, мәселелi 
шарттар түзу;
– 
ақпараттық
нақты материал мазмұнын ашу, табиғи 
орта мен белгiлi нысанға сипаттама беру, оқиғалар және 
құбылыстар жөнiнде мағлұмат жеткiзу, қоршаған орта заттары 
мен құбылыстары арасындағы себеп-салдарлы байланыстар-
ды ашу;
– 
тәрбиелiк
оқу материалын игеру барысында туындай-
тын әрқилы тәлiмдiк мiндеттердi шешу;
– 
жалпылау 
бiлiмдердi белгiлi жүйеге келтiру;
– 
ұйымдастыру
алда орындалатын iс-әрекет тәсiлдерi 
мен жолдарын оқушыларға түсiндiру;
– 
бақылау-реттеу
керi байланыс орнату, балалардың 
бiлiм игеруi жөнiндегi ақпараттарды алу, қате-олқылықтарды 
түзету.


214
Ауызша, сөздік әдістер оқу желiсiнің барша кезеңдерiнде 
қолданымға түседi: жаңа материалды игеруге дайындық 
кезiнде, оны түсiндiру, игеру, қорытындылау және пайдалану 
үдерiсiнде қолданылады.
Әңгімелеу
бұл бiрiздi, жүйелi, түсiнiмдi және көңіл 
көтеріңкiлiгiмен бiлiм ұсынуда қолданылатын оқу материа-
лын монологтық баянмен жеткiзу әдісi. Әңгімелеп беру кiшi 
мектеп жасындағы балаларды оқытуда басқа әдістермен 
салыстырғанда жиiрек пайдаланылады. Балаларға аса жарқын 
да жаңа деректер мен оқиғаларды хабарлау үшiн, олардың 
тiкелей бақылауына келмейтiн құбылыстар жөнiнде ақпарат 
жеткiзу қажеттiгi туындаған жағдайда мұғалiм осы әңгімелеп 
беру әдісiн iске қосады, оқушылардың ойлау әрекетiне, қиялы 
мен көңіл-күйiне, олардың ой өрiсiнің кеңеюiне күштi ықпал 
жасаудың көзi де осы әңгімелеу әдісiнде. Кiшi сыныптарда 
әңгімелеп берудің үш түрі танылған: суреттеп беру, көркемдеп 
әңгімелеу, түсiндiру. Қойылған мақсатқа орай: кiрiспе әңгіме, 
баян әңгіме, қорытынды әңгіме – болып жiктеледi. Бiрiншiсiнің 
мiндетi – балаларды жаңа материалды игеруге дайындау; 
екiншiсiнің мiндетi – мазмұнды әңгімелеп жеткiзу, ал үшiншiсi 
– оқудың нақты бiр кезеңiндегi нәтиженi сабасына жеткiзедi.
Сипаттап беру
әдісi арқылы мұғалiм шәкiрттерiне зат, 
құбылыс не оқиғаның анық, мәнерлi, көркем өрнегін баяндап
жеткiзе алады. Бұл әдіс көбiне нақты да деректi материал-
ды қабылдау үшiн қолданылғаны жөн, мысалы: табиғаттану 
дәрiстерiнде, 
қоршаған 
ортамен 
таныстыруда, 
еңбек 
сабақтарында мұғалiм өсiмдiктер мен жануарлардың сырт 
көрiнiстерiн, табиғат өзгерiстерiн, тау-тас, өзен-көл әсемдiктерiн 
ж.т.б. бейнелеу үшiн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет