Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет159/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Көркемдеп әңгімелеу
теңеу мен салыстыруларға бай бола 
келiп, бала ес-елесi мен көңіл-күйiн дамытуға бағышталған. 
Оқу, сурет, қоршаған ортамен танысу сабақтарында кең 
қолданылады. Өткендегiлер мазмұны жарқын бейнелi 
формада әңгімеленiп, балалар сезiмi мен оқиға және сол 
оқиға кейiпкерлерiне деген қатынасын қалыптастыру үшiн 
пайдаланылады.
Бұл әдістің тиiмдiлiгi ең алдымен педагогтың әңгімелеу 
ептiлiгiне байланысты, сонымен бiрге мұғалiм қолданған 


215
сөздер мен сөз тiркестерi оқушыларға неғұрлым түсiнiктi 
болса, әрi олардың даму деңгейiне сай келсе, әдіс тиiмдiлiгi 
арта түседi. Сондықтан әңгіме мазмұны балалардың игерген 
тәжiрибесiне негiзделiп, оның әрi қарай жаңа элементтермен 
толығып, кеңеюiне ықпал тигiзедi. Әңгіменi өздерiне тартым-
ды, байланысқан, қисынды сөйлеу, сөз-баян құрудың үлгiсi 
ретiнде қабылдап, өз ойын жоғары сауаттылықпен, әрi мәдени 
деңгейде жеткiзуге үйренедi.
Бастауыш мектептегi әңгіме мазмұны тереңнен ойлас-
тырылып, әңгіме барысындағы екiншi дәрежелi жағдаяттар 
(тәтпiштеп түсiндiру, майда-шүйдеге көп назар аудару, түсiнiксiз 
сөздердің көп болуы) негiзгi мән мағынаны көлеңкелемеуi 
тиiс, ал әңгіме әсерiнен туған көңіл шарпуы (эмоция) баланың 
ақыл-ой әрекетiне тосқауыл болмағаны жөн. Әңгімелесуге 
қойылатын басты талаптар: қызықты мазмұн, нақ, бiрiздi баян-
дау формасы.
Әңгімелесуге дайындық барысында, мұғалiм жоспар бел-
гiлейдi, қажеттi материалдар жинақтайды, сонымен бiр-
ге мақсаттың iске асуында мейлiнше жәрдем беретiндей 
әдістемелiк тәсiлдер таңдастырды. Көбiне салыстыру, теңеу, 
қорытындылауға логикалық тәсiлдер қолданылады. Әңгімелеу 
барысында мазмұндағы басты мәселелерге (оқиға, кейіпкер, 
iс-әрекеттер ж.т.б.) көп көңіл бөлiнiп, балалар назарына сом-
далып ұсынылады. Мұғалiм әңгімелеуi қысқа уақыт аралығына 
(5-7 минут) реттелiп, тыңдаушылар көңілiне қонғандай, жоғары 
көңіл-күй үйлесiмдiлiгiнде өткенi дұрыс. Балалар зейiндiлiгiн 
көтеру үшiн мұғалiм олардың көңіл кейпiн дөп басып, зейiн 
тұрақтату шараларын қарастыруы тиiс. Бұл үшiн педагог ән-
күй, көрнекiлiктер мен көз тартар бұйымдар және басқа да оқу 
әдістерiн (тақтаға жазу, әңгіме-сұхбат және т.б.) пайдалана, 
әңгімелеп беру жұмысын орындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   155   156   157   158   159   160   161   162   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет