Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет155/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

қайта 
жаңғырту 
(репродуктив) әдісiнің iске қосылғаны. Жоғарылау 
ой толғастыру әрекетi iске қосылып, қажеттi бiлiмдер оқушының 
өз танымдық еңбегiнің нәтижесiнде игерiлсе, оқу үдерісiне іші-
нара iзденiс немесе
 эвристикалық
әдістің не одан да жоғары 
сипаттағы оқудың 
зерттеу әдісiнің
қолданылғаны.
Бастауыш мектепте толыққанды мәселелi, эвристикалық, 
сонымен бiрге әсiресе зерттеу әдістерiнің кең қолданылуы 
қиындау, дегенмен бұл жағдай бастапқы оқу үдерiсiнде де кең 
етек жаюда. Бұл топтағы әдістердің мұғалiм үшiн маңыздылығы 
оның балаларды ой толғастыруға баулып, бiлiм жинақтауға 
үйретуде қолайлы болуынан. Тұлғаға бағытталған оқуды iске 
асыруда мұндай принциптi ұстану – бастауыш мектеп тәрбиесi 
нәтижелiлігiнің кепiлi.
Бастауыш мектепте кең қолданылып жүрген 
ақпаратты-
көрнекiлiк
әдісiнің мәнi оның келесi өзiндiк белгiлерiнен 
көрiнедi: а) бiлiм оқушыға “дайын” күйiнде ұсынылады; б) 
әртүрлі тәсiлдермен мұғалiм оларды қабылдауға көмектеседi; 
в) бiлiм iштей қабылданып (рецепция), түсiнiмге келедi де 
оқушы жадында бекiтiледi.


Қабылдау барысында барша ақпарат көздерi (сөз, көрнекiлiк 
және т.б.) пайдаланылады, ақпарат мазмұны бала санасы-
на индуктив не дедуктив қисынды жолдарымен жеткiзiледi. 
Педагогтың басқарушылық қызметi бiлiм қабылдату мiндетi-
мен шектеледi.
Репродуктив, яғни 
қайта жаңғырту
әдісiнде келесi бел-
гiлер көзге түседi: а) бұл әдісте де бiлiм оқушыға “дайын” 
күйiнде ұсынылады; б) мұғалiм бiлiм мазмұнын хабарлап қана 
қоймастан, оны жан-жақты түсiндiредi; в) оқушылар бiлiмдi са-
налы игередi, түсiнедi әрi есiнде қалдырады. Игерiлгендiктің 
белгiсi – бiлiмдi қалтықсыз дұрыс қайта айтып не жазып бере 
алу; г) игерiлгеннің қажеттi деңгейдегi бекiмi бiлiмдi көп мәрте 
қайталап жаттау жолымен iске асады.
Түсiндiрме-көрнекiлiк әдістегiдей бұл әдістің де аса үлкен 
артықшылығы – оның 
үнемдiлiгiнде
(экономность), яғни 
қажеттi бiлiм мен ептiлiктер ауқымы аз уақыт iшiнде елен-
бес күш-қуат жұмсаумен игерiледi. Көп мәрте қайталаулар 
мүмкіндiгiнен игерiлген бiлiмдер бекiмi анағұрлым жоғары бо-
лары сөзсiз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   151   152   153   154   155   156   157   158   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет