Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


педагогтың жеке шығармашылығы, дара шебер-



Pdf көрінісі
бет153/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

педагогтың жеке шығармашылығы, дара шебер-
лiгi
байқалады, сондықтан да оқу әдістерi қашанда да жоғары 
педагогикалық өнер саласы ретiнде қабылданған, қабылдана 
бермек.
Оқу әдістерiнің орындайтын қызметтерi мол. Олар арасын-
да бастылары: оқыту, сеп-түрткілiк (мотивационная), дамы-
ту, тәрбиелiк, ұйымдастырушылық, яғни әдістер жәрдемiнде 
мұғалiм оқытумен ғана шектелмей, балаларды оқуға ынталан-
дырады, оларға тәрбиелiк ықпал жасайды, оқу-тәрбие үдерісін 
ұйымдастыруға әсер етедi.
Сонымен, 
оқу әдісi
– көзделген мақсатқа жету жолы. Оқу 
әдістерi 
жеке әрекет – тәсiлдерден
құралады. Әдiстер 
шынайы және субъектив қырларымен байқалады. Әдiске 
қандай да өзгерiстер енген тұста педагог шығармашылығы 
көрiнiс бередi.
Әдiстердi топтастыру
Оқу мақсатына жетудің жолдары көп, мұғалiм олар арасы-
нан қалағанын таңдауы мүмкін, бiрақ ол әрқашан ең тиiмдiсiн 
алғанды жөн көредi. Таңдастыруды жеңiлдету үшiн әдістердi 
тиiмдiлiгiне орай салыстыра бiлу қажет. Ал салыстыру үшiн сол 
әдістердi топтастырып, санын шығарып алу керек. Мұндайда 
оқу әдістерiн реттестiруде жәрдемге келетiн iс – 
классифика-
циялау,
яғни ғылыми сәйкестiгiне орай топтастыру.
Алғашқы топтастырулар мұғалiм мен оқушының сабақта 
орындайтын жұмыстарының көзге түсетiн тараптарына байла-
нысты жүргізілген. Оқушылар дәрiсте тыңдайды, оқиды, жауап 
бередi, мәселелер шешедi, жазады және т.б. Осы әрекеттерге 
орай оқу, жазу және т.б. әдістер бөлiнген. Тез арада бұл 


209
классификацияның оқу-тәрбие үдерісiне тигiзетiн пайдасының 
шамалы екендiгi байқалды. Ендi әдістердің мәндiк қырларын 
негiзге алып, салыстыру мен таңдастыруға көмектесетiн 
топтастырудың жаңа негiздерiн iздестiруге тура келдi. Әдiстің 
қай
 белгiсi,
қандай тарапы негiзге алынуына тәуелдi топтас-
тыру iсiнің жаңа түрлері ғылымға ендi. Әдiс – көп қырлы кате-
гория. Солардың әрбiрiн ескерумен әдістер жүйеге келтiрiледi. 
Ал мұндай жолмен реттестiрiлген әдістер топтасуы қазiргi за-
ман педагогикасында орасан көп. 
Солар арасынан бүгiнгi күнде ғылыми негiздемесi мейлiнше 
нақтыланған оқу әдістерi топтарын қарастырайық.
1. Құрамындағы әдістердің ортақ белгiсiне негiзделiп, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет