207
“Ол (мұғалiм) кiммен iстес болып
отырғанын еш уақытта да ұмытпауы ке-
рек… егер балалар бiрдеменi түсiнбейтiн
болса, онда оқытушы оларды кiнәламауға
тиiс. Ол балалармен сөйлескенде ашу-
ланбай, жұмсақ сөйлеу, шыдамдылық
етуi керек, әрбiр нәрсенi де ықыласпен
түсiнiктi етiп, түсiндiру керек, екi ұшты
астарлы сөз, орынсыз терминдердi
қолданбау керек”.
Ы. Алтынсарин
Әдiстер жөнiнде түсiнiк
Бар мүмкіндiктерi мен әлi бекiмеген күш-қуатын орынды
пайдалана отырып, өз жасына сай бiлiм, ептiлiк, ойлау мен iс-
әрекеттер тәсiлдерiн мүмкіндiгi болған дәрежеге жеткiзе игерту
үшiн кiшi мектеп жасындағы балаларды қалай оқыту қажет?
Бұл дидактикалық сұрақ – мәңгі, ал оның жауабы бiздi әдістер
категориясымен қауыштырады.
Достарыңызбен бөлісу: