Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет168/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Танымдық (дидактикалық) ойындар 
– оқушылар жол та-
уып шығуы қажет шындыққа сәйкестендiрiлiп, арнайы түзiлген 
жағдаяттар. Бұл әдістің басты мiндетi – балалардың танымдық 


230
үдерісiне қозғау салып, шығармашылыққа ынталандыру. 
Баланың қандай да iске ынта-ықыласы болмысты белсендi 
қайта жасау, не өзгертуге қатысуынан туындайды. Ал мұндай 
жасампаздық әрекет бала ойынында шын мәнiнде көрiнедi.
Танымдық ойындар әдісi
ұзақтан келе жатқан тарихы-
на ие. Ол ежелгi дидактикалық жүйелердің өзiнде қолданым 
тапқан. Гуманистiк тәрбие жүйелерiнде бұл әдіс жаңа өрнек 
тауып, кең өрiс алуда. Оқу барысында ойындарды пайдала-
ну тәрбиешiнi балалармен қарым-қатынас түзудегi әкiмшiл-
әмiршiл бағыттан бас тартуға мәжбүр етедi. Балаларды 
ойынмен қызықтырып, оған тосындылық пен еркiн таңдау 
элементтерiн енгiзiп, балалардың жазыла, көтеріңкi көңілмен 
iс-әрекетке араласуы үшiн ойынға мұғалiмнің өзi қатысуы тиiс. 
Дидактикалық ойындардағы бала бостандығы мен дербестiгi 
жаңа педагогикада қалыптасып жатқан субъекттің еркiн дамуы 
және тұлғалық бағыттағы оқу идеяларының iске асуына кең 
мүмкіндiктер ашылады. 
Бастауыш мектептегi қазiргi заман 
дидактикалық ойын-
дары
негiзiнен 
ережелер
бойынша өткiзiледі. Ережелердi ба-
лалар ойын шарты ретiнде қабылдайды, сол бойынша ойын 
мазмұны әрекеттерiн орындайды. Ережеден ауытқу мүмкін 
емес, онда ойын бұзылады. Сондықтан ережелер мұқият 
ойластырылып, ойын алдынан хабарланады: бiрiншi рет – 
ойындық тапсырма, содан соң - оны орындау тәсiлдерi.
Ойындардың атқаратын қызметтерi
жан-жақты: 
танымдық үдерiстердің белсендiлiгiн көтередi; балаларда 
қызығушылық пен зейiндiлiк баулиды; қабiлеттер дамытады; ба-
лаларды оқу шарттарына араластырады; ережелер бойынша 
әрекет iстеуге үйретедi; әуесқойлық пен зейiндiлiк тәрбиелейдi; 
бiлiм және ептiлiктердi бекiтедi. Дұрыс ұйымдастырылған ойын 
ойлау үдерісін даралық сезiмдермен байытады; өзiндiк реттеу 
ептiлiгiн дамытады, баланың ерiк қабiлетiн нығайтады. Ойын 
арқылы бала өзбетiнше жаңалықтарға қадам аттап, мәселелер 
шешуге ұмтылыс жасайды. 
Мектеп алды мекемелерi мен бастауыш мектеп 
тәжiрибесiнде келесi ойын түрлері жиi қолданымда: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   164   165   166   167   168   169   170   171   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет