Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет164/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Оқудың көрнекi әдістерi
Бастауыш мектептегi көрнекi әдіс мақсаты – балалардың 
табиғи сезiмдiк тәжiрибесiн байыту әрi кеңейту, бақылағыштық 
қабiлетiн дамыту, заттардың нақты қажеттерiмен танысып, 
меңгеру, өзiндiк бiлiм топтап, игергендерiн жүйелестiруге 
сүйенiш болар дерексiзденген (абстракт) ойға өтуде қажет 
жағдайларды жасау. Бастаушы сыныптарда қолданылатын 
көрнекiлiк түрлері: табиғи заттар, суреттер, көлемдi, дыбысты 
және сызылма көрнекi құралдар. Көрнекiлiк құрал-жабдықтар 
саналуан: қоршаған болмыс заттары мен құрал-жабдықтары, 
мұғалiм және оқушылардың қимыл-әрекеттерi, нақты заттар 
мен үдерістер бейнесi (суреттер, картиналар), заттардың өзі
(ойыншықтар, картон бейне кесiндiлерi), рәміздік өрнектер 
(карта, кесте, сұлба және т.б.). Оқушылар бақылауын 
ұйымдастыруда мұғалiмнің өте сақ болғаны лазым. Мұғалiм 
тәжiрибесiнде көп ұшырасатын кемшiлiк – көрнекi құралдың 
шектен тыс бояулы түр-түсi оның оқулық мән-мазмұнын 
көлеңкелеуi. Жеткiлiктi ысылмаған мұғалiм балалар наза-
рын көрнекi құралдың елеусiз тараптарына көп аударып, 
тақырыпқа байланысты мән желiсiн жоғалтып алады. Үлестiрме 
материалдарға қажетсiз түр-түс берiледi. Сұлба, кестелердегі 
бояулы сызу, жазулар безеу үшiн емес, мән-мағынаны ажыра-
та таныту үшiн қолданылады.
Көрнекi әдістер iрi үш топқа бөлiнедi: затты көрнекiлiк (де-
монстрация), суреттi көрнекiлiк (иллюстрация), теле-видео 
әдіс.
Затты көрнекiлiк 
(демонстрация). Бұл әдіс көбiне таны-
сып жатқан құбылыстардың даму жағдаяттары мен сыртқы 
көрiнiстерiн, iшкi құрылымдары мен бiртектi заттар арасындағы 
орналасу мекенiн танып бiлу үшiн қоданылады. Табиғи ны-
сандарды оқушыларға ұсыну, әдетте, оның сыртқы белгiлерiн 
(көлемi, формасы, түр-түсi, бөлiктерi мен олар арасындағы 
байланыстар) көрсетуден басталып, кейiн әдейi ажыралып 


224
көрсетiлетiн iшкi құрылымдар не жеке қасиеттерi (жәндiк-
жануардың тыныс алуы, қондырғының жұмыс бабы және 
т.б.) таныстырылады. Бұл әдістің тиiмдiлiгi: егер зат, үдеріс 
және құбылыспен балалардың өздерi тiкелей зерттеп, таныс-
са, олармен байланысты әрекеттердi өзбетiнше орындап, 
аралық тәуелдiлiктерiн өз тәжiрибесi негiзiнде ашып, көзiн 
жеткiзсе, оқу тиімділігі арта түседi. Оқу жұмысы оқушының өз 
танымдық iзденiс-әрекеттерiн арқау етсе, ол басқалардың 
пiкiр, тұжырымдарын қайталамай, меншiктi бiлiм қорын 
қалыптастырады. 
Белсендi таным әдісi ретiнде затты көрнекiлiктi қарапайым 
көрсетуден ажырата бiлу керек. Нақты затты тiкелей қолға 
алып, онымен белсендi мәселелi не зерттеу жұмысымен ай-
налысу кезiнде оқушы назар-зейiнi кездейсоқ белгiлерден гөрi, 
сапалық мәндi қасиеттерге шоғырланып, оларды жылдам, 
жеңiл әрi толығырақ тану мүмкіндiгiн алады. Бұл әдістi пайда-
лануда ауызекi баянның рөлi онша үлкен емес, солай да болса, 
оқушы бақылаулары сөздік тәсiлдермен үздiксiз байланыста 
жүргізіледi. Бала дербестiгiн (самостоятельность) көтеру үшiн,
одан көрген, байқағандарын ауызша баяндап, түсiндiрудi та-
лап еткен жөн. Затты-көрнекiлiк тиiмдiлiгiнің жоғары болуы ны-
санды дұрыс таңдауға, балалардың зейiнiн дұрыс шоғырлап, 
зерттелiп жатқан зат, құбылыстың мәндi тараптарына аударуға 
бағытталған педагог ептiлiгiне тәуелдi, сонымен бiрге әрқилы 
әдістердің бұл жұмысқа ретiмен, орынды қатыстырылуын да 
естен шығармаған жөн. Заттай көрнекiлiктi қолдану үдерісiне 
қойылатын талаптар:
– көрсетiлiп жатқан нысан толықтай балалар назарында бо-
луы қажет;
– ол тек көзбен бақыланып қана қоймай, барлық сезiм 
мүшелерiнің әсерленуiн қамтамасыз етуі керек;
– балалар өз ықылас-ынтасын нысанның оқу iсiне тiкелей 
байланысты тараптарына аудара бiлу шарт;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   160   161   162   163   164   165   166   167   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет