Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов



Pdf көрінісі
бет172/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

бастапқы ұсыну
тәсiлiне тәуелдi: ол қалай 
өрнектелдi, оқушыларға түсiнiктi ме, мұндай қиыншылық 
деңгейiндегi тапсырмаларға дайын ба, бұл тапсырмаға ұқсас 
жұмыстар бұрын орындалды ма және т.б. Мұғалiм жiктемелi 
және жеке-дара оқуға қажет кестелерді алдын ала дайындай-
ды. Оқушылардың дайындық деңгейiне байланысты бұл кар-
тиналарда күрделендiрiлген не әдейi жеңiлдетiлген тапсырма-
лар берiледi, алгоритмдерi мен талдау жоспарлары көрсетiлуi 
мүмкін. Егер жұмыс баршаға бiрдей бейтаныс болса, бүкiл 
сыныпқа нұсқау, кеңес берiледi, ескертпе көрнекіліктер iлiнедi.
Өзiндiк жұмыстың бiр түрі – жаңа материалмен оқушыларды 
оқулық бойынша таныстыру. Таныса отырып оқушы өзбетiнше 
мақсат белгiлейдi, белгiсiздерiн анықтайды, бастыларын 
бөлiп алып, әрекеттер бiрiздiлiгiн түзiп, олардың орындалуы-
на бақылау қояды. Материалды оқу алдынан мұғалiм жұмыс 
мақсатын хабарлайды, оқылуы қажет материалдарды атайды, 
бақылау сұрақтарын ұсынады, балалар оларға оқу барысында 
жауаптар iздестiредi. 3-4 сыныптарда оқушылар танымына сай 
мәселелi және зерттеу тапсырмаларын беруге болады.
Оқушылардың үй жұмыстары да мұғалiмнің мұқият 
басшылығын қажет етедi. 1-сыныпта үй тапсырмалары берiл-
мейдi, ал 4-сыныпта үй тапсырмаларын орындауға бөлiнетiн 
уақыт 1 сағат мөлшерiнен артпауы тиiс. Үйдегi өзiндiк жұмыстар 
сыныпта өтiлгендердi бекiтуге арналады. Мұндайда мұғалiм 
мiндетi – бұрыннан белгiлi жаттығуларды қарапайым, көшiрiп 
жазумен қайталап, шектелмей, оқушылар дамуына тиiмдi 
шығармашыл элементтердi орындауға бағыттау.
Сыныпта және үйде орындалатын өзiндiк жұмыстарды жос-
парлай отырып, мұғалiм келесi талаптарды ескергенi жөн:
– сабақ құрылымындағы өзiндiк жұмыстар орнын күнi iлгерi 
байыптау;
– өзiндiк жұмыстардың оқу iс-әрекеттерiнің басқа оқу әдістерi 
және формаларымен үйлестiру жолдарын қарастыру;


235
– өз оқушыларының дайындық деңгейiне орай өзiндiк 
жұмыстардың тиiмдi болар көлемiн анықтау, сонымен бiрге 
игерiлетiн материалдардың күрделiлiк дәрежесiне мән беру;
– өзiндiк жұмыстарды орындау барысында туындауы мүмкін 
қиыншылықтарды алдын ала көре бiлу;
– тапсырма формаларын анықтау;
– қолайлы жұмыстың мерзiм ұзақтығын белгiлеу;
– қажеттi дидактикалық материалдарды iрiктеу;
– оқушы жұмыстарын тексеру мен өзiндiк тексерудің тиiмдi 
тәсiлдерiн ойластыру.
Сонымен, бастауыш сыныптағы өзiндiк жұмыс – оқу-тәрбие 
үдерiсiнің мiндеттi құрамды бiрлiгi. Ол рөлi, мазмұны, мерзiм 
ұзақтығы оқылатын материалдың мақсатына, оның ерекшелiгi 
мен оқушылардың дайындық деңгейiне тәуелдi анықталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет