238
9-ТАРАУ
БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ
ОҚУ ТҮРЛЕРI МЕН ФОРМАЛАРЫ
Жоспар:
Оқу түрлері
Жiктеме оқу
Оқу формалары
Сабақ типтерi мен құрылымдары
Аралас сабақтар
Сабақ дайындығы
Үй тапсырмалары
Тiрек конспект-сөздік
Оқу түрі
(тип) – оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың
жалпы әдіс-тәсiлдерi (способы): 1) мұғалiм әрекетiнің сипа-
ты; 2) оқушылардағы бiлiм игерудің ерекшелiктерi; 3) бiлiмдi
тәжірибеде қолданудың өзiндiк пайымы (специфика).
Жаттанды (догматическое) оқу
– болмыс деректерi
мен құбылыстарын, олар арасындағы байланыстарды бiр
қалыпты, бұлжымас заңдылықтарға (догмаларға) негізделген
тұжырымдар ретiнде қабылдауға баулу үдерісi. Мұғалiм бiлiм
тобын дайын күйiнде, түсiндiрместен ұсынады. Оқушы оны
сол күйiнде жаттайды және қалтқысыз қайта айтып бередi.
Тәжірибелік қолдану қажет емес.
Достарыңызбен бөлісу: