Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Дәстүрлi (традиционное), түсiндiрме-көрнекi (объяс-



Pdf көрінісі
бет175/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Дәстүрлi (традиционное), түсiндiрме-көрнекi (объяс-
нительно-иллюстративное) оқу
– 1) материалды бала са-
насына жеткiзу сөз бен көрнекi құралдардың байланысы не-
гiзiнде орындалады; 2) оқушылардың жетекшi оқу әрекеттерi – 
тыңдау және есте қалдыру; 3) басты талап - өткендi қалтқысыз 
жаңғырту.
Мәселелi (проблемді) оқу
– оқушы бiлiмдi сабақ матери-
алына байланысты мәселелердi өзбетiнше, дербес шешу жо-
лымен жинақтайды. Шәкiрттің шығармашылық ой-өрiсi мен 
танымдық белсендiлiгiне үлкен мән берiледi.


239
Мәселелi оқу технологиясы
– 1) Мәселе қою. 2) Бол-
жамдар жетiлдiру. 3) Мәселенi шешуге қажет бiлiм, ептiлiк, 
дағдыларды, әдіс-тәсiлдер мен құрал-жабдық iздестiру. 4) Тек-
серу. 5) Нәтиже.
Бағдарламаластырылған (программированное) оқу
– алдын ала, жоспарланған нәтижеге бiрiздi (последователь-
ное) амалдар (операции) жүйесi арқылы жету. Мұндай оқу 
ұйымдастырудағы басты мақсат – оқу үдерісiн оңтайластыру.
Жiктеулi (дифференцированное) оқу
– бала мүмкіндiктерi 
мен қажеттiктерiн мүмкіндiгiнше ескерiп бару.
Жекеленген (индивидуальное) оқу
– жiктеулi оқудың әр 
балаға бөлек бағытталуы.
Оқу ұйымдастыру формалары
– мұғалiм мен оқушы 
арасындағы үйлесiмдi оқу iс-әрекеттерiнің сырттай көрiнiсi; 
оқу мазмұнын белгiлi көлемге түсiрiп, оны кезекпен ұсынып 
барудың бiрден-бiр жолы.
Оқу формаларын топтастыру
– 1. Оқушы санына бай-
ланысты (жекеленген, топтық, сынып-ұжымдық); 2. Оқу орны 
бойынша (мектеп, мектептен тыс, сырттай, экстернет); 3. Мер-
зiм, уақытқа орай (дәстүрлi, 45 минут оқу, қысқарған 25-30 ми-
нут оқу, үзiлiссiз, еркiн оқу).
Оқу формалары тарихынан:
1) Ежелгi Грек, Римдегі же-
келенген оқу; 2) Орта ғасырлық мектептердегi жекеленген-
топтық оқулар; 3) Англиядағы белл-ланкастерлiк бiрiн-бiрi 
оқыту жүйесi; 4) Мангеймдiк қабiлет бойынша жiктеп оқыту 
әдісi; 5) Алғашқы кеңес (советские) бригадалық оқу мектептерi; 
6) “Трамп жоспары” оқуы; 7) Баланың толық еркiндiгiн қолдаған 
Дальтон-план оқуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет