Пiкiр жазғандар: E. Омар – профессор, педагогика ғылымдарының докторы Ш. Оразов


Бiрiгiмдi (интегрированный) сабақ



Pdf көрінісі
бет177/300
Дата09.09.2024
өлшемі2,01 Mb.
#203984
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   300
Байланысты:
Bastauysh mektep pedagogikasy Babaev

Бiрiгiмдi (интегрированный) сабақ 
бiр тақырып 
төңірегiнде әрқилы пән материалдарын қоса ұсыну.
Сабақ дайындау кезеңдерi: 
1. Нақтамалау (диагнстика), 2. 
Болжау (прогнозирование), 3. Жоспарлау (планирование).
Үй жұмыстары қызметi:
игерiлгендi бекiту, өткендердi 
тереңдету, дербестiк дамыту, бақылаулар орындау.
Үй тапсырмаларына талаптар: 
ынталандырушылық, бел-
сендiлiк және дербестiк, түсiнiмдiлiк пен әлжетушiлiк (посиль-
ность), шығармашыл сипат, жекелiк (индивидуальность) және 
жiктеулiлiк (дифференцированность), жүйелi тексерiс.


241
“Оқу – білім қазығы,
Адамның азығы,
Оқу – өмірдің сәні,
Тіршіліктің шамы.”.
Я.Корчак
Оқу түрлері
Дидактикалық жүйелер тарих тұңғиығына iзсiз батып кетпей-
дi. Олар заман талаптарына сәйкес жаңа түрге ауысады, де-
генмен өзгерiске түсе отырып, өздерiнің тектiк белгiлерiн көпке 
дейiн сақтап барады. Осылайша, мысалы, кейiн дәстүрлiк си-
пат алған Гербарт дидактикасы Коменский дидактикасының, 
сонымен бiрге одан да ежелгi догматтық және схоластық жүйе 
элементтерiн өзіне сіңiредi. Дәстүрлi дидактиканы сүйенiш 
етпегенде Дьюи дидактикасы өз аяғына тұрып кетпеген бо-
лар едi. Осылай өткендi арқау етпей бағдарламаластырылған, 
кейiн компьютерлi оқу жүйелерi де мектеп тәжiрибесiне енбес 
едi. Дидактикалық жүйелер 
ұштастығы
– оқу теориясы мен 
технологиясының жалпы даму заңдылықтарынан.
Әрқандай дидактикалық жүйе өмiрге өз ерекшелiктерi 
мен технологиясына негiзделген оқу түрін (типiн) әкеледi. 
Оқу түрі (типi)
– оқу-тәрбие үдерісi ұйымдасуының 
жалпы 
тәсiлi, жолы.
Басты құрылымдық бiрлiктерiн талдау арқылы 
оқу түрін анықтаймыз. Ол бiрлiктер келесiдей: 1) мұғалiм 
iс-әрекетiнің сипаты; 2) шәкiрттер оқып, бiлiм игеруiнің ерек-
шелiгi; 3) бiлiмдердi тәжiрибеде қолдану анайылылығы және 
т.б. Осы жалпыланған белгiлер негiзiнде оқудың бiрнеше тип-
терi ажыралады: Нақтамалық, түсiндiрме – көрнекi, мәселелi, 
бағдарламаластырылған, компьютерлi, қашықтан оқу.


242
Оқудың әрқилы бiрнеше түрі тең бiрлiктi қолданылуы 
мүмкін. Педагогтар оқу теориясы мен тәжірибесінің ежелгi даму 
кезеңдерiндегi жетiстiктерiн пайдаланудан бас тартқан емес, 
көненің көзi болған игiлiктердi жаңа жүйелерге өткiзiп, бүгiнгi 
мектеп тәжiрибесiн байытуда. Қай оқу жүйесiнде де, тiптi өткен 
дәуiрiмiзде түгелдей қараланған догматтық және схоластық 
оқу түрлерінің өзiнде де ұнамды тараптары баршылық, олар-
ды қазiргi мектепке өткiзiп, орынды пайдаланғанымыздан 
келер зиян болмаса керек. Дәстүрлi оқудың да маңызды 
артықшылығы бары педагогикалық қауымға аян.
Көп ғасырлар бойы Еуропаны бiлiмдендiрген догматтық оқу 
болмыс деректерi мен құбылыстарын, олар арасындағы бай-
ланыстарды бұлжымас тұжырым (догма) ретiнде зерттеуге 
бағытталған. Мұғалiм өз шәкiрттерiне белгiлi бiлiмдер тобын 
дайын күйiнде ұсынып, оларға түсiнiктеме берудi қажет деп ес-
кермеген. Оқушылар оларды жаттап алып, сол күйiнде қайта 
жаңғыртуға машықтанады. Игерiлген бiлiмдердi тәжірибеде 
қолдану талабы мүлде қойылмады. Бұл оқу типi механистiк жад 
дамытуға бағышталып, тұлғаның сана-сезiмдiк (интеллектуал) 
дамуын шектедi. Догматты оқу мұғалiм пiкiрiмен толық келiсiмдi 
талап етiп, ол жариялаған ақиқатқа күмән, күдiк келтiруге жол 
бермедi. Уақыт озуымен мектеп догматтық оқудан бас тартты, 
бiрақ оның кейбiр элементтерi әлi күнге дейiн сақталуда.
Қазіргі заман мектебiнде үш салыстырмалы дербес 
ерекшеленген әрi бiр топ белгiлерiмен ажыралған оқу түрі 
қолданылуда:
– 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   300




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет