Сабақтың тақырыбы: Macromedia Flash программасында бірнеше кадрлармен жұмыс Сабақтың мақсаты



бет1/2
Дата28.02.2020
өлшемі0,57 Mb.
#59230
түріСабақ
  1   2
Атырау облысы,

Қызылқоға ауданы,

Тасшағыл ауылы
Тасшағыл орта мектебінің информатика пәні мұғалімі

Саликова Жанар Естенқызы

Пәні: Информатика

Сыныбы: 10

Сабақтың тақырыбы: Macromedia Flash программасында бірнеше кадрлармен жұмыс

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: Оқушыларға Macromedia Flash программасында бірнеше

кадрлармен жұмыс жасауды меңгерту, білімділікке баулу.

ә) тәрбиелік: Білімін, білігін, эстетикалық талғамдарын қалыптастыру,

шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

б) дамытушылық: Жаңа әдіс-тәсілдерді, қосымша мәліметтерді

пайдалана отырып, сапалық сипаттағы алған, білімдерін

дамыту.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ



Сабақтың әдісі: аралас сабақ

Көрнекілік: интерактивті тақта, презентация, парақша, Дербес

компьютер, дискілер т.б.

Сабақтың жүру барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі.

а)Амандасу, түгендеу, тексеру сабаққа назар аударту



б) топқа бөлу, дискілер арқылы CD, DVD- екі топқа бөленеді (2 мин)

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

-Оқушылар біздер қандай программа мен жұмыс жасап жатырмыз?

-Ол қандай программа?

-біздер қандай жұмыстар жасай аламыз?

-өткен сабақта кадрлармен жұмыс жасауды үйреттім, олай болса осы программаны қалай меңгергендеріңді тексеру мақсатында, тапсырмалар дайындап келдім. Тапсырманы орындай отырып, ұпай жинайсыздар. Ұпайды көп жинаған оқушы «Жас информатик» лауазымы алады. (2 мин)

І кезең: «Кім білімпаз?» (әрбір дұрыс жауап 1 ұпаймен есептеледі) (5 мин)

І топ : CD тобына, тест сұрақтары

ІІ топ: DVD тобына, сәйкестендіру


  1. Macromedia Flash программасы қандай программаға жатады?

а) векторлық

ә) растрлық

б) фракталдық

2. Бұл графикалық редакторда файлдарды қандай форматта сақтай алады?

а) jpg және Gif ә) exe б) docх

3. Қалай сақтаймыз?

а) файл-сақтау ә) файл-сақтау үшін б) сақтау үшін-файл

4. Іске қалай қосамыз?

а) пуск-все программы- Macromedia Flash

ә) бастау-барлық программалар- Macromedia- Macromedia Flash8

б) бастау- Macromedia

5. Macromedia Flash8- программасында сақталған құжатты қалай ашамыз?

а) файл - ашу

ә) файл – жаңа бет

б) файл - сақтау

ІІ топ: DVD тобына, сәйкестендіру






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет