254
Сабаққа қойылатын
тәрбиелiк
талаптар:
– сабақтағы оқу материалдары мен танымдық iс-әрекеттердің
тәрбиелiк мүмкіндiктерiн анықтау, орындалуы нақ тәрбие-
мақсаттарын
қалыптастыру және көздеу;
– оқу жұмыстарының мақсаттары мен мазмұнына тiкелей
байланысты тәрбиелiк мiндеттердi жоспарлау;
– балаларды жалпы адамзаттық құндылықтар аясында
тәрбиелеп, өмiрлiк қажет сапалар:
ынталылық, ұқыптылық,
жауапкершiлiк, тыңғылықтылық, дербестiк, еңбеккерлiк, зейiн-
дiлiк, адалдық, ұжымдылық және т.б. – негiзiн қалау;
– оқушыларға iлтипат және ықылас танытып, педагогикалық
әдеп талаптарын орындау, балалармен қызметтестiк қатынасқа
түсiп, олардың табыстарына қызығушылық бiлдiру;
– сабақты
адамилық қатынастар, бiрлiктi қызмет, нақты
тұлғалық тәрбие ошағына айналдыру.
Барша сабақ түрлері мен формаларында ұдайы iске асыры-
латын
дамытушылық
талаптары:
– балалар оқу-таным iс-әрекеттерiнің, қызығуларының
шығармашылық ынталылығы мен белсендiлiгiнің ұнамды сеп-
түрткілерiн
қалыптастыру әрi дамыту;
– оқушылардың даму деңгейiн зерттеу және оны ескерiп
бару, олардың “жақын уақыттағы даму аймағын” жобалау.
– оқу дәрiстерiн “iлгерiлестiрiлген” деңгейде жүргізу,
оқушыларды өз даму барысындағы жаңа сапалық өзгерiстерге
ынталандыру;
– оқушылардың сана-сезiмдiк, көңіл-күй және әлеуметтiк
дамуындағы “секiрiстерді” алдын-ала болжастыру, заман ауы-
суларына орай оқу сабақтарын нақтылы
әрекеттерге келтiрiп
бару.
Жоғарыда аталғандарға қосымша сабаққа басқа да та-
лаптар тартылады. Олар – психологиялық, басқару, санитар-
гигиеналық, эстетикалық, этикалық, сонымен бiрге мұғалiмнің
оқушымен оңтайлы қатынасы және қызметтестiк талаптары.
Сонымен, сабақ - мектептiк оқу жұмысының ең көрнектi
формасы, оқу үдерiсiнің мағыналық, мерзiмдiк және ұйымдасу
бiтiмiне ие бөлiгi. Сабаққа қосымша формалар қолдау,
көмек
бередi. Сабаққа қойылатын талаптар өте жоғары. Әр сабақта
үш бiрлiктi мақсат орындалады: оқытып үйрету, тәрбиелеу, да-
мыту.