Алматы энергетика


Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен



Pdf көрінісі
бет5/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

1.3 Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен 
мәселелері 
Әлемдік экономиканың тоқтаусыз дамуы ғаламдық экологиялық 
көкейкесті мәселелердің туындауына себеп болып отыр. Жердің шөлге 
айналуы, орманның құрып кетуі, табиғи қордың сарқылуы, озон қабатының 
бұзылуы, жылыжай буының әсері, тұзды жауын, ауыз судың тапшылығы, 
мұхиттардың ластануы, өсімдік пен жануарлар түрлерінің жойылуына және 
және жердің азуына әкелуде. Жоғарыда аталған осы мәселелер қайткенде де 
адамзат өркениетінің болашағымен тығыз байланысты.
Тұтастай алғанда табиғат экологиялық мәселелерді білмейді. Егерде, 
олар кейбір организм топтарында туындай қалса, әдеттегідей эволюциялық 
байқау жолымен, біршама уақыт аралығында бір түрдің екінші түрге 
ауысуымен табиғатта білінбестен өте береді. Оларға қарағанда адамдардың 
экологиялық мәселелері жер шарындағы бар табиғаттың өзекті мәселелеріне 
айналып отыр.
1.
 
Табиғат пен қоршаған ортаға адамның антропогендік әсер етуінің 
шамасы үлкен болды. Қалыпты биосфераның шегіне жақындап қалды, тіпті 
кейбір параметрі бойынша асып кетіп жатыр. Әрине мұның көрінісі әртүрлі:
- бұзылмаған жер көлемінің күрт азайып кетуі, олардың тозуы, 
биологиялық түрлердің азаюы, биосфераның сандық және сапалық жағынан 
да азуы; 
- тұщы су, топырақ және өсімдік өнімдерінің орнын толтыруға «мұрша» 
бермей бәрін алып, тұтынып жатыр;
- орны толмайтын минералдық және отындық қорлардың тез азайып, 
сарқылуға жақындауы өз кезегінде қиын экономикалық проблемаларды 
тудырып отыр;
- құрамындағы заттар мен материалдар табиғат айналымында еш 
пайдаға аспайтын шаруашылықтағы қалдықтар ортаны ластайды, экожүйенің 
бұзылуына әкеліп, адам денсаулығына қауіп төндіреді; 
- ортаны реттеп тұратын биосфераның қызметі әлсізденіп, экологиялық 
тепе - теңдіктің бұзылуына әкеледі.
2. Өсіп отырған антропогендік қысымға табиғат бұрын-соңды көрмеген 
экологиялық қауіпті өзгерістермен жауап беруде:
- ортаның химиялық және радиациялық ластануының әсерінен 
мутацияны тездетіп және жаңа биологиялық түрлердің пайда болуына әкеліп 
отыр. Олардың бейімделуі мен тұрақтылығы өте жоғары, ал кей жағдайда 
адамға қауіпті қасиеттерге де ие;
- микроорганизмдердің, өсімдіктердің немесе жануарлардың жеке 
түрлеріне таңдап жүріп әсер етуі, олардың табиғи бірлестіктен жойылуы 
көптеген түрлерді жанап өтетін, экожүйелердің тұрақтылығын бұзып және 



олардың ішінен көбін бүлінуге әкелетін бақылауға еш келмейтін тізбекті 
реакцияларға жол ашады;
- ландшафтардың антропогендік тұрғыдағы қайта құрылуы мен 
ортаның ластануы экологиялық апаттар мен экономикалық шығындарға, 
экологиялық қауіп-қатері жоғары зоналардың пайда болуына әкелетін 
бақылауға еш келмейтін салдары да жоқ емес. Табиғат жауаптарының адам 
табиғатына тікелей қатысы бар.
3. Адам өзінің консервативті биологиялық мәнінің және табиғаттан күн 
санап өсе түскен өгейсінудің арасындағы қайшылықтардың торында 
шырмалғандай күй кешуде.
Ғылым ретінде экологияның міндеті: көптеген нақты материалдардың 
бірегей теориялық платформаға өзара қатынасын барлық қырынан көрсетіп, 
осы мәліметтерді бір жүйеге келтіріп, біріктіруі керек.
Ғаламшардың экологиялық мәселесін түсіну үшін, экологияның жаңа 
идеологиясы мен әдіснамасын жасау үшін табиғатты пайдаланудағы 
тәжірибелік істерді, экологиялық білімді дұрыс ұйымдастыра білу қажет. 
Экологияның міндеттерін ғылыми іс-тәжірибелік жоспарда ауқымды түсінік 
бойынша төмендегідей қалыптастыруға болады: 
1) Ғаламшар табиғаты жағдайының және оның ресурстарының жан-
жақты диагностикасы, ортаның ластануы мен адамзат әрекетінен биологиялық 
қорлардың алынуына себеп адамның ісінен, антропогендік қысымға қатынасы 
бойынша биосфераның шыдамдылық шамасын анықтау. 
2) Биосферасы ең маңызды өнім әулетінің табиғатын кешенді түрде 
толығымен қалыпты өзгеруінің, сонымен қатар қоршаған ортаның аймақтық 
және ғаламдық жай-күйін, аймақтың және адамзаттың толық әлеуметтік 
дамуының әр түрлі елдердің түрлі сценарийі негізінде болжауын жасау. 
3) 
Табиғатты күштеп бағындыру идеологиясынан алшақтау, 
эксцентризм әдіснамасы мен жаңа идеологияны қалыптастыру, өнеркәсіп 
өркениетіне өтуге байланысты білімді, саясатты, техниканы, өндірісті, 
экономиканы экологияландыруға бағытталған шаралар. 
4) Оңтайландыру критерийлерін орындау - экологиялық өктемдік пен 
анағұрлым келісімді таңдау мен қоғамның әлеуметтік-экономикалық 
дамуының экологияға қарай бет түзеуі.
5) Адамзат қоғамының стратегиялық әрекетінің экономикасы мен 
технологиясы, табиғат шыдамдылығы шегінің экологиясына сәйкес 
шаруашылық қызметінің сипаты мен көлемін қалыптастыру ғаламдық 
экологиялық дағдарысты болдырмайды.
Бақылау сұрақтары:
1) Табиғатты пайдалану экономикасы пәніне анықтама берініз. 
2) Табиғи орта дегеніміз? 
3) Табиғат ресурстарына тоқталыңыз. 
4) Табиғатты пайдалану экономикасының міндеттері мен мәселелері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет