Алматы энергетика


дәріс. Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың



Pdf көрінісі
бет9/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

3 дәріс. Жер ресурстарын қорғау және тиімді пайдаланудың 
экономикалық мәселелері 
 
Дәрістің мақсаты: жер ресурстарын қорғау және экономикалық бағалау 
әдістерімен таныстыру. 
 
Дәрістің мазмұны:
1) Жер ресурстары туралы түсінік. 
2) Жер ресурстарын қорғау шаралары.
3) Жер ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалаудың әдістері. 
3.1 Жер ресурстары туралы түсінік 
Жерді пайдаланудың функциялық ерекшелігі оның табиғи ресурстардың 
арасындағы орнын анықтап береді. Ол қоғам мүшелерінің әл - ауқатының 
бастапқы материалдық негізі, адамдарды қоныстандырудың және өндірістік 
күштерді орналастырудың базисі әрі барлық экономикалық өсім факторының 
- еңбек, материалдық - техникалық және табиғи ұдайы өндірістік процестердің 
қалыпты жүзеге асуының негізгі болып табылады.
Құрал ретінде жер өндірісінің, әсіресе, өндірістің қолдан жасалған 
құралымен салыстырып қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Біріншіден, жер - табиғаттың өнімі, сондықтан да бастапқы жағдайда 
оның құны болмайды, өйткені оны жасайтын адам еңбегіне жұмсалатын 
шығын жоқ. Өндірістің басқа құралдары адам еңбегімен жасалатындықтан, 
олардың құны болады. 
Екіншіден, өндірістің қолдан жасалған құралы физикалық тозуына 
қарай ұдайы өндірілуі мүмкін. Жердің топырақ жамылғысы да 
жаңғыртылатын табиғи ресурс болып табылады, алайда оны табиғи жолмен 
қалпына келтіру үшін жүздеген жылдар қажет.
Жерді дұрыс пайдалану, үнемдеу және оны қорғау оның биологиялық 
әлеуеті мен өнімділігін бұрынғы қалпында ұстауға мүмкіндік беріп қана 
қоймай, оны айтарлықтай тыңайтады.
Пайдалану бағыттары бойынша жер ресурстары келесі санаттарға 
бөлінеді: 
1) Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер. 
2) Елді мекендер орналасқан жерлер. 
3) Өндіріс, байланыс, көлік, қорғаныс жерлері. 
4) Сауықтыру, ерекше қорғалатын, тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер. 
5) Орман қорының жерлері. 
6) Су қорының жерлері. 
7) Қосалқы жерлер. 
Ауыл шаруашылығына пайдалы жердің динамикасына толып жатқан 
процестер өз әсерін тигізеді: ғылыми - техникалық прогрестің шапшаң 


16 
қарқыны, урбанизацияның өсуі, қолайсыз табиғи факторлар, жаңа 
территорияларды игеру, аграрлық жер құрылымының және қалалардың дамуы 
пайдалы жердің көбісін кәсіпорындардың, су электр станцияларының, кен 
өнеркәсіптері объектілерінің, көлік коммуникациясының, тұрғын үй 
массивтерінің және т.б. иеленуіне алып келді. Сонымен бірге жердің көп 
бөлігінің су және жел эрозиясына ұшырауы, сай - салалардың, қуаңшылықтың 
пайда болуы, жердің сортаңдануы, батпаққа айналуы жер ресурстарының 
кемуіне және олардың құнарлылығынан айырылуына әкеп соқтырады. 
Жер жағдайының нашарлауы ауыл шаруашылық жұмыстарының 
қарқынын ұдайы арттыруға, жерге салынатын салмақты күрт өсіруге ықпал 
етіп отыр. Ауыл шаруашылығында қуатты машиналарды, тыңайтқыштар мен 
улы химикаттарды пайдалану күннен-күнге артып келеді, оның үстіне 
аграрлық техниканың күрделі құрылымы да жер жағдайын қиындатады. 
Осылардың салдарынан жерге шектен тыс салмақ түсіп отыр.
Жер басты байлық, жердегі тіршілік ортасы. Жер еңбек заты, еңбек 
құралы, өндірісті орналастыру орны болып табылады. Жердің аса маңызды 
қасиеті ауылшаруашылық өнімдерін өндіруге топырағының құнарлылығы. 
Топырақтың құнарлылығы бонитет балдарымен және өлшемдес өнімділік 
көрсеткіштерімен бағаланады. Бонитет балы – топырақтың сапалық 
көрсеткіштерінің сандық өлшемі. Сапалық көрсеткіштеріне қарашірік қабаты, 
органикалық және минералдық құрамы, құрылымы, түйіршіктенуі, ауа, су, 
өткізгіштігі, жалпы өсімдіктер өсуіне қолайлы жағдайлары жатады. 
«Өлшемдес өнімділік» өнімділігі мен сол өнімдерді алуға жұмсалатын 
шығындар қатынасымен анықталады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет