19
қамтиды. Сондықтан жерді экономикалық бағалау оның экономикалық,
экологиялық және әлеуметтік құндылықтарын анықтау болып табылады.
Жердің өнімділігі мен топырақтың құнарлығы (бонитеті) тура
пропорционалды шамалар. Сондықтан ауыл шаруашылық жерлерін
экономикалық бағалауда өнімділік орнына бонитет балының көрсеткішін
қолдануға болады және жерді табиғи қасиеттеріне сәйкес нақтырақ бағалауға
мүмкіндік туады. Өйткені, өнімділік шамасына топырақтың сапасынан басқа
көптеген табиғи және еңбек факторлары әсер етеді.
Жердің тұтыну құндылығымен қатар қалпына келтіру құнын анықтау да
маңызды. Қалпына келтіру құны, әдетте, жұмсалатын потенциалды
шығындармен анықталады.
Ауыл шаруашылығындағы мақсаттардан басқа жерлер тұтыну
құндылықтарына сәйкес бағаланады. Мұнда жерге сұраныс, әлеуметтік,
экологиялық, жағдайлары бағалау шамасына әсер етеді.
Бақылау сұрақтары:
1) Жер ресурсын қорғау шаралары.
2) «Өлшемдес өнімділік» не?
3) Топырақтың бонитет балы қандай көрсеткіш?
4) Жер рентасы қалай анықталады?
5) Жерді қалпына келтіру құны қалай анықталады?
Достарыңызбен бөлісу: