Алматы энергетика


 Табиғи ресурстарды тиімді басқару



Pdf көрінісі
бет19/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

6.2 Табиғи ресурстарды тиімді басқару 
 
Табиғи ресурстарды тиімді басқару және шикізат секторынан түсетін 
табысты пайдалану тұжырымдамасының басты мақсаты мыналар болып 
табылады: 


31 
- табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және 
оларды есепке алу; 
- әлемдік жоғары сұранысты мемлекет мүддесіне пайдалану үшін табиғи 
ресурстарды өндіру мен әлемдік нарықтарға жеткізу қарқынын арттыру; 
- ішкі нарықты жаңа экологиялық стандарттарға сәйкес отандық жанар-
жағармай материалдарымен қамтамасыз ету; 
- шетелдік инвестицияларды шикізатты өндіру мен қайта өңдеудің 
заманауи технологияларын қолдану, сондай-ақ ең жаңа өндірістерді құру 
шарттарында ғана тарту үшін жағдайлар жасау; 
-баламалы энергия көздерінің өндірісін дамыту; 
- өндіруші кәсіпорындардың экологиялық зиянсыз өндірістерді ғана 
енгізуі; 
- көмірсутек шикізатының стратегиялық «резервін» құру; 
- шикізат секторынан түсетін табыстарды оңтайлы басқару. 
Көрсетілген мақсаттарға мына міндеттерді шешу арқылы қол жеткізілуі 
тиіс: 
- табиғи ресурстарды одан әрі зерттеу, жаңа кен орындарын іздеу және 
оларды есепке алу; 
- табиғи ресурстарды тиімді басқару үшін, ең алдымен, олар туралы 
барынша нақты мәліметтерге ие болу қажет. 
Табиғат ресурстарын пайдаланудың ең тиімді жолы кешенді пайдалану, 
табиғатты қорғау шараларында кешенділікті қажет етеді. 
Кешенді пайдалану деп – табиғи ресурстардың барлық тиімді 
қасиеттерін табиғи ортаға зиян келтірмей мейлінше толық пайдалануды 
айтады. Кешенді пайдалану ұғымына өндіріс және тұтыным қалдықтарын 
пайдалану да кіреді.
 
Белгілі бір жағдайда минералдық шикізат қорын кешенді 
пайдалану деп аймақтағы барлық ресурстарды пайдалануды айтады. Бұл 
ұғымға минералдық шикізат кешенді барлау, мейілінше толық өндіру, 
өндірілген қорды кешенді пайдалану, шикізаттың жеке түрлерін кешенді 
ұқсату ұғымдары кіреді. Минералдық шикізатты кешенді пайдалану - 
өндірілген кешендегі пайдалы негізгі және қосымша элементтерді және 
өндіріс қалдықтарын пайдалану.
Минералдық шикізат қорын кешенді пайдалану – кен қорын және 
өндіргенде қосымша өнім болып табылатын тау жыныстарын, жер асты 
суларын, газдарды толық ұқсату. Аймақтағы кен көздерін кешенді пайдалану 
деп - жақын орналасқан кендерді бір-бірімен байланысты ортақ игеруді 
айтады. Жеке-дара игеруге тиімсіз ұсақ кеніштерді бірге пайдаланғанда тиімді 
болуы мүмкін. Өйткені, ортақ байыту фабрикалары, ортақ өндірістік және 
әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады. Минералдық шикізатты кешенді 
пайдалануды бірнеше натуралдық және құндық көрсеткіштермен сипаттауға 
болады.
Кешенді пайдалану дәрежесі: тауарға алынған элементтер саны, 
шамасы, кеннің құрамындағы пайдалы элементтерді айырып алу дәрежесі, 


32 
тауарға алынған элементтер мен компоненттер құны, экономикалық тиім және 
тиімділікт.б.
Минералдық шикізатты кешенді пайдалану көрсеткіштері:
-кешенді пайдалану дәрежесі, тауарға алынған элементтер саны;
-минералдық 
шикізат қорын пайдалану, кеннің құрамындағы 
элементтерді айырып алу; 
-жалпы көрсеткіш – тауарға алынған элементтер құнының кеннің 
құрамындағы элементтер құнына қатынасы, кешенді пайдалану тиімділігі- 
экономикалық тиімдер соммасының шығынға қатынасы. 
Натуралдық көрсеткіштер: алынған элементтер мен компонентер саны 
және сапасы, алыну дәрежесі, ұқсатылған қалдықтар мөлшері, т.б. 
Құндық көрсеткіштер: өндірілген құндылықтар, тиім, пайда, өнімнің 
өзіндік құны бағасы, рента, т.б. 
Салыстырмалы көрсеткіштер: экономикалық тиімділік, рентабелділік, 
нормалармен, жобамен және озық тәжірибелермен салыстыру. 
Жиынтық көрсеткіші кешенді пайдалану коэффициенті. 
K
K
=


h
i
i
i
h
i
i
i
i
p
k
a
p
k
a
2
1
, (6.1) 
мұнда a-алынған пайдалы элементтер мен компоненттер (өнімдер); 
К-олардың алыну дәрежесі (нормасы); 

Р-сәйкес бағалары. 


Бөлшектің алымы нақты алынған құндылықты көрсетеді, ал бөлімі-
тиімді алуға болатын құндылықты білдіреді. Оның мөлшері ғылыми-зерттеу, 
жобалау жұмыстарымен анықталады. 
Минералды ресурстарды кешенді пайдалану бағыттарын (жолдарын) 
таңдау әдістері: 
1)
Баланстық әдіс. 
2)
Келтірілген шығындарды салыстыру. 
3)
Компенсация шығындарын ескеріп толық шығындарды салыстыру. 
4)
Рента саласымен анықтау. 
5)
Кешенді пайдалану жолдарын таңдау әдістері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет