36
- абиотикалық факторлар - бұл өлі табиғаттың тірі организмдерге
тікелей немесе жанама түрде әсер етіп, олардың өмір сүру жағдайын белгілеу
қасиеті (температура, жарық пен басқа сәулелі энергия, ылғалдылық, ауаның
құрамы, атмосфералық қысым, жауын-шашын, жел, су құрамы, топырақ, жер
бедері т.б.)
- тіршілік факторлары - бұл тіршілік иелерінің бір-біріне әсер етудің
барлық формалары. Әрбір организм басқа жеке дараның тікелей немесе
жанама түрдегі ықпалын бастап кешіреді, өздерінің немесе өзге түр
өкілдерімен өзара қатынаста болады немесе оларға тәуелді болып, не болмаса
өздері әсер етеді.
- антропогенді факторлар - организмдердің мекен ортасына, табиғаттың
өзгеруіне, олардың өмір сүру жағдайына тікелей ықпал жасайтын адам
қызметінің барлық факторлары. Мұндай факторларға жататындар: өнеркәсіп,
ауыл шаруашылық өндірістері, көлік пен шаруашылықтың өзге салалары.
Әсіресе, соңғы жылдары антропогенді түрде табиғатқа әсер ету жылдамдығы
арта түсуде.
Экологиялық факторлардың әр алуандылығына қарамастан олардың
организмдерге әсер ету қасиеті мен тіршілік иелерінің жауап беру
реакциясының бірқатар ортақ заңдылықтары бар.
Материалдық өндіріс табиғатпен тығыз байланысты. Оны табиғат →
табиғи ресурстар → материалдық өндіріс → тұтыну өнімдері және қалдықтар
желісі ретінде қарастыруға болады. Материалдың өндіріс артқан сайын табиғи
ортаға жүктемелер, оның ішінде зиянды әсерлерді азайту үшін өндірісті
шектеу, тоқтату мүмкін емес. Мәселені шешудің бір ақ жолы бар, ол өндірісті
экологиялау.
Достарыңызбен бөлісу: