Алматы энергетика


Жер қойнауын, минералды ресурстарды пайдаланғаны үшін



Pdf көрінісі
бет25/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
eoiup 1

 
8.2 Жер қойнауын, минералды ресурстарды пайдаланғаны үшін 
төлемдер, оларды анықтау әдістері 
Жер қойнауын, минералды шикізатты пайдаланғаны үшін келесі 
төлемдер белгіленген: 
1)
Бонустар: келісілген, коммерциялық ашу. 
2)
Роялти. 
3)
Геологиялық барлауға аударма. 
4)
Үстеме пайдаға салық. 


43 
5)
Өнімдерді бөлісу туралы келісім. 
6)
Эскпортталатын шикі мұнайға ренталық салық. 
Жер ресурстарын пайдаланушылар және иеленушілер: жер салығын, 
арендалық төлемдер төлейді. Жер жеке меншікке сатылғанда, мұраға 
қалдырылғанда және кепілдікке қойылып, несие алғанда жердің нормалық 
құндылығы анықталады. Жер салығы бір жылдың тіркелген төлем болып 
табылады, оның базалық ставкасын парламент бекітеді. 
Су ресурстарын арнайы пайдаланушылар белгіленген лимиттер шегінде 
су қорын қалпына келтіру және су пайдаланғаны үшін төлемдер төлейді. 
Лимиттер артық шамаға төлем 5 есе арттырылады. Суармасы егістікте су 
пайдаланғаны үшін төлемдер екі ставкалы (куб.метрлік және гектарлық)
нормалар төлем төлейді. Су пайдалану төлемдері негізінен су қорғау, 
тұтынуға әзірлеу және беру шығындарын қайтарады. Ауыз суға және өзге 
шаруашылық мақсаттарға пайдаланатын төлемдер арнайы тарифтермен 
анықталады. 
Орман қорын пайдалану түрлері: 
1)
Ағаш дайындау. 
2)
Шайыр, шырын дайындау. 
3)
Қосымша ағаш материалдарын дайындау. 
4)
Орманды жанама пайдалану. 
5)
Орманды, мәдени-сауықтыру, туристік-спорттық, ғылыми-зерттеу 
мақсаттарында пайдалану. 
6)
Орманды аңшылық шаруашылық қажеттілік үшін пайдалану. 
Жануарлар қорына төлемдер: 
1)Жануарлар қорын пайдалану төлемдері. 
2)Жануарлар қорын қорғау, өсіру төлемдері. 
3)Жануарлар қорын шектен артық және ұтымсыз пайдаланғаны үшін 
айып төлемдер. 
Төлемнің маңызды бір түрі – рента төлемдері. Ол тек кен өндіруші 
өнеркәсіптердің бірнеше салаларынан ғана, атап айтқанда, мұнай, газ 
салаларынан, бірқатар құрылыс материалдарының өнеркәсіптері мен 
металлургия өнімдерінен өндіріліп алынады. Тіркелген (ренталық) төлемдер 
бірыңғай бағалардың және бассейндік (аймақтық) бағалардың арасындағы 
айырмашылық ретінде өндіріліп алынады. Орташа бағадан барлық пайданың 
артылуы рентаның шамасына айналды. Бұл ренталық құраушылардың 
толықтай өндіріліп алмауына әкеп соқтырды, өйткені бірыңғай орташа 
салалық бағалар есептеудің негізі ретінде қызмет етті, екінші жағынан, 
пайданың артылуының бәрі бірдей рента болып табылмайды, өйткені үстеме 
пайда кен – геологиялық жағдайдың жақсы болуынан емес, керісінше, 
кәсіпкерлік табыс деп аталатын өндірістің жақсы ұйымдастырылуы есебінен 
алынуы мүмкін.
Төлемдер ставкасын ҚР Үкіметі белгілейді (алыған өнімнің 10% 
шамасында). Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін 
төлемақы оларды ғылыми, мәдени-ағарту, оқыту, туристік, рекреациялық 


44 
және шектеулі шаруашылық мақсаттарда пайдаланған үшін алынады. Төлем 
ставкаларын атқарушы органдардың ұсынысымен өкілетті органдар бекітеді. 
Қоршаған ортаны ластағаны (зиянды заттарды атмосфераға шығарғаны, 
су көздеріне тастағаны (төккені), қатты қалдықтарды жерде орналастырғаны 
үшін белгіленген шекті шамаға және шектен артық шамаға төлемдер алынады. 
Төлем ставкаларын және төлем сомаларын есептеу әдістерін ҚР Қоршаған 
ортаны қорғау министрлігі бекіткен. 
 
Бақылау сұрақтары: 
1) Табиғат пайдалану төлемдері түрлері мен топтары, атқаратын 
қызметтеріне тоқталыңыз. 
2) Төлемдерді анықтау ұстанымдары қандай? 
3) Жер қойнауын, минералды ресурстарды пайдаланғаны үшін 
төлемдер, оларды анықтау әдістері қандай? 
4) Су ресурстарын пайдалану төлемдері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет