Алматы энергетика


дәріс. Табиғатты пайдалану және табиғат ресрустары үшін



Pdf көрінісі
бет24/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
eoiup 1

8 дәріс. Табиғатты пайдалану және табиғат ресрустары үшін
төлемдер 
 
 
Дәрістің мақсаты: табиғатты пайдалану және табиғат ресурстары үшін 
төлемдермен танысу. 
Дәрістің мазмұны:
1) Табиғат пайдалану төлемдері түрлері мен топтары, атқаратын 
қызметтері.
2) Жер қойнауын, минералды ресурстарды пайдаланғаны үшін 
төлемдер, оларды анықтау әдістері. 
8.1 Табиғат пайдалану төлемдері түрлері мен топтары, атқаратын 
қызметтері 
ҚР табиғат ресурстарын арнайы пайдалану және табиғи ортаға рұқсат 
етілген шамада қалдықтар шығару (тастау, орналастыру) төлемді болып 
табылады. Табиғатты пайдалану төлемдері: табиғат қорғау шығындарын өтеу, 
ресурс иесінің құнын жүзеге асыру, табиғатқа келтірілген зиянның орнын 
толтыру, ренталық табысты бөлісу, ынталандыру, басқару қызметтерін 
атқарады.
 


41 
1 кесте - Табиғат пайдалану төлем топтары
 
Төлем 
тобы 
Негізгі 
түрлері 
Атқаратын 
қызметі 
Анықтау 
көрсеткіші 
Төлем 
көзі 
Төлем 
аудару 






Иелік 
(меншік) 
құқығы 
Пайдалану 
құқығы 
үшін 
Ұқыпты 
пайдалануды 
ынталандыру 
Шикізат құны 
әлеуметтік 
шығындар 
Өнімнің 
өзіндік 
құны 
Бюджет 
Қалпына 
келтіру 
(өсіру) 
Геологиял
ық барлау 
қалпына 
келтіруге 
қор аудару 
Жұмсалатын 
шығындарды 
өтеу 
Жұмсалатын 
шығындар 
Өнімнің 
өзіндік 
құны 
Табиғат 
қорғау 
қоры 
Үлестіру Ренталық 
төлемдер 
Ренталық 
табысты 
бөлісу 
Дифференциал
ды рента 1 
Рента 
Бюджет 
немесе 
рента 
қоры 
Өтем 
Нормалы 
ластағаны 
үшін 
Табиғат 
қорғау 
шығындарын 
қайтару 
Келтірілген 
зиян 
Өнімнің 
өзіндік 
құны 
Табиғат 
қорғау 
қоры 
Өтем 
Табиғат 
пайдалануд
ы 
шектегені 
үшін 
Мүмкін 
табыстың 
орнын 
толтыру 
Алынбаған 
табыс 
Шаруаш
ылық 
шығынд
ары 
Бюджет 
немесе 
зиян 
шеккен
ге 
Айып 
Нормадан 
артық 
ластағаны 
үшін 
Ысырапқа 
ластауға жол 
бермеу 
Зияндарды 
еселеп қайтару 
Таза 
табыс 
Табиғат 
қорғау 
қоры 
Ресурстарды ұтымды пайдалану бойынша төлемдердің ынталандырушы 
рөлі төлемдер өтелетін қорға жатқызылса да соншалықты елеулі бола қойған 
жоқ. Олар көбінесе шығынның орнын толтыру сипатында болды әрі 
ресурстарды ұдайы өндірудің төлемдері болып табылды. Төлемнің бұл түрі 
пайдалы қазбалардың барланған қорларының бағасы ретінде алға шықты.
Қазақстан Республикасының Экология және табиғатты пайдалану 
жөніндегі мемлекеттік комитеті жер қойнауын пайдаланудың нормативті 
төлемдерін өндіріп алудың бірыңғай тәртібін анықтады: 
-
пайдалы қазбаның кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем; 
-
табиғатты қорғаудың, табиғи – ресурстық әлеуетті ұдайы өндірудің 
төлемдері, геологиялық барлау жұмыстарына аударымдар; 


42 
-
минералдық ресрустардың ұқыпсыз пайдаланғаны үшін салынатын 
айыппұл төлемдері.
Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем мемлекеттің жер қойнауы 
меншігін экономикалық тұрғыдан жүзеге асырудың формасы болып 
табылады. Кен орнын әзірлеу құқығы үшін төлем сомалары осы кен орны 
орналасқан территорияның әлеуметтік дамуы үшін пайдаланылады. Әртүрлі 
пайдалы компоненттердің кен орындарын әзірлеу құқығы үшін төлем белгілі 
бір мерзімге (3 – 5 жыл) осы пайдалы қазбадан алынатын түпкілікті өнім 
бірлігі үшін белгіленеді.
Жергілікті мәні бар, жалпылама тараған пайдалы қазбалар (құм, саз 
балшық және т.б.) бойынша базалық мөлшерлемелердің деңгейін табиғатты 
қорғау органдарымен ұсынуымен облыстық әкімшілік белгілейді. Нақты 
пайдалы қазба түрінің кен орнын әзірлеу құқығы төлемінің базалық 
мөлшерлемесі осы пайдалы қазбаның немесе кәсіпорын оны қайта өңдеп 
өткізетін тауарлық өнімнің әлемдік бағасында тіркелген үлесімен анықталады. 
Төлемнің бұл түрі роялти деп аталады.
Роялтидің шамасы, яғни жер қойнауының меншік иесі – мемлекетке 
тікелей түсетін құндағы үлес немесе алынатын шикізат тауарының мөлшері 
көптеген пайдалы қазба түрлері бойынша бағаланады.
Минералдық ресурстардың ұқыпсыз пайдаланылғаны үшін салынатын 
айыппұл төлемі пайдалы қазбаларды немесе жер қойнауының өнімдерін 
өндіру, өңдеу, сақтау және тасымалдау процестерінде жер қойнауын 
қорғаудың нормасы мен ережесінің сақталмау нәтижесінде орын алатын 
пайдалы қазбалар мен өнімдердің шектен тыс ысырап болмауы үшін 
белгіленеді. Әдістемелік ұсыныстарда минералдық ресурстардың ұқыпсыз 
пайдаланылғаны үшін салынатын айыппұл төлемдері пайдалы қазба 
бірліктерінің ысырап болуы нәтижесінде алынбаған кәсіпорынның түпкілікті 
өнімдер құнының бір жарым мөлшерінде немесе олардың өнімдерін қайта 
өңдеуге пайдалы қазба бірліктерінен алынуы тиіс жоғалған құндылықтардың 
мөлшерінде анықталады. Сонымен қатар, айыппұл төлемдері кен орындарын 
іріктеп өңдегені үшін де белгіленеді. Ресурстардың нормадан артық 
пайдаланылуы және кешенді түде пайдаланылмағаны үшін алынатын 
төлемдер табиғатты қорғаудың бюджеттен тыс жергілікті қорларына 
аударылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет