Алматы энергетика


 дәріс. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және бағалау



Pdf көрінісі
бет18/26
Дата13.09.2024
өлшемі0,77 Mb.
#204231
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26
Байланысты:
eoiup 1

6 дәріс. Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану және бағалау. 
 
Дәрістің мақсаты:
 
табиғат ресурстарын кешенді пайдалануды, 
бағалауды және табиғи ресурстарды тиімді басқарудың әдістерімен танысу 
Дәрістің мазмұны:
1) Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану мағынасы. 
2) Табиғи ресурстарды тиімді басқару 
3) Кешенді пайдалану жолдарын таңдау әдістері. 
6.1 Табиғат ресурстарын кешенді пайдалану мағынасы 
 
Нарықтық қатынастар жағдайында табиғи ресурстарды қорғау мен 
пайдалануда мемлекеттік баскарудың рөлі едәуір өседі. Табиғи ресурстар 
мемлекет меншігіне жатады және олардың Қазақстан Республикасының 
экономикасы үшін маңызы зор. Табиғи ресурстарды басқару Қазақстан 
Республикасында мемлекеттік басқарудың жалпы тетігінің ажырамас бөлігі 
және маңызды құраушысы болып табылады. Жалпы мемлекеттік басқару 
реформасы шеңберінде табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа 
жүйесін енгізу қажет.Табиғи ресурстар экономиканың өсуін, ауқымды сыртқы 
экономикалық және сыртқы саяси уағдаластықтарды қамтамасыз ету үшін 
Қазақстан Республикасының маңызды стратегиялық басымдығы болып 
табылады. Олар қазіргі және болашақ ұрпақтың игілігіне пайдаланылуы тиіс. 
Табиғи ресурстарды басқару, оларды есепке алу, қорғау, жалпы 
мүдделерде 
пайдалану 
мемлекеттік 
басқаруды 
дамытудың 
жалпы 
бағыттарына сәйкес, сол сияқты озық халықаралық практикаларды, әлемдік 
және өңірлік талаптарды ескере отырып, тиімді жүзеге асырылуы тиіс. 
Табиғи ресурстарды қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік 
басқарудың объектісі – жер, жер қойнауы, су, орман және өзіндік 
ерекшеліктері бар табиғи ресустар. Басқарудың негізгі мақсаты – бүгінгі және 
келешек ұрпақтың мүддесіне сай олардың минералды шикізатқа, су және 


30 
орман ресурстарына, таза ауаға т.б. мұқтаждықтарын өтеу үшін осы байлықты 
ұтымды пайдалану және қорғау болып табылады. 
Сонымен бірге, нақтылы объектілерді алғанда, негізгі мақсаты әртүрлі 
болуы мүмкін. Мысалы, қазба байлықтарды пайдалану мен қорғау саласында 
мемлекеттік басқарудың негізгі мақсаты – пайдалы кендердің толық 
өндірілуін қамтамасыз ету. Тіпті кейбір пайдалы кен орындарының 
шаруашылық есеппен жабылуы жағдайында мемлекеттік басқарудың негізгі 
мақсаты – олардың сақталуын көздейді. 
Су ресурстарын басқарудың негізгі мақсаты – суды пайдалануды 
ғылыми тұрғыдан негіздеп, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, судың 
ластануын, сарқылмауын қадағалау болып табылады. Хайуанаттар әлемін 
қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік басқарудың ерекшелігі – 
жабайы жануарлардың табиғи жағдайда сақталуымен байланысты. Орман 
ресурстарын басқару – орманды дұрыс пайдалану, қорғау, күзету, өсіру. 
Табиғи ресурстарды пайдалану мен қорғау саласындағы қоғамдық 
қатынастарды дамытып жетілдіру үшін мемлекеттік басқару органдары 
құқыктық құралдарды кеңінен қолданады. Қазіргі заңға сәйкес табиғатты 
пайдалану ережелерін бұзушылар қылмыстық, тәртіптік және материалдық 
жауапкершілікке тартылады . 
Кәсіпорындар, ұйымдар, мекемелер мен азаматтар «Жер қойнауы және 
жер қойнауын пайдалану туралы» Заңның бұзылуы салдарынан келтірілген 
шығынның орнын толтыруға міндетті. Лауазымды адамдар мен басқа да 
қызметкерлердің жіберген қателіктерінен пайда болған шығын үшін 
белгіленген тәртіппен материалдық жауапкершілікке тартылады. 
Басқару объектілеріне байланысты мемлекеттік басқарудың мынадай 
түрлерін бөліп көрсетуге болады: 
1) Атмосфералық ауаның қорғалуын мемлекеттік басқару. 
2) Жердің қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару. 
3) Орманның қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару. 
4) Судың қорғалуы мен пайдаланылуын мемлекеттік басқару. 
5)Хайуанаттар әлемінің қорғалуын, өсуін және пайдаланылуын 
мемлекеттік басқару. 
6) Жер қойнауының қорғалуын және пайдаланылуын мемлекеттік 
басқару. 
7) Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарды мемлекеттік басқару. 
Мемлекеттік басқарудың жоғарыда аталған барлық түрлерінің өз 
объектілері бар және олар «өзіндік мәселелерді» шешуге бағытталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет