Таубаева ш. Т., Иманбаева с. Т., Берикханова а. Е



Pdf көрінісі
бет109/301
Дата13.09.2024
өлшемі2,62 Mb.
#204308
түріОқулық
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   301
Байланысты:
Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т.,Берикханова А.Е.Педагогика Оқулық. 2018 (1)

Инновациялардың жіктелуі.
Қолдану
ерекшелігі мен 
орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері бар: 
технологиялық, 
әдістемелік
,
 
ұйымдастырушылық, 
басқарушылық, 
экономикалық, 
әлеуметтік, 
құқықтық. 
Инновацияның тәжірибеге және ғылымға қосатын үлесінің сипатын 
теориялық және тәжірибелік деп айыруға болады.
Теориялық инновациялар. 
Теориялық инновацияларға 
тұжырымдамаларды, 
болжамдарды, 
ыңғайларды, 
әдістерді, 
заңдылықтарды, бағыттарды, жіктеулерді, білім мен тәрбиедегі 
зерттеу нәтижесінде алынған ұстанымдарды жатқызады.
Тәжірибелік инновациялар. 
Жаңа әдістер, ережелер, 
бағдарламалар, дидактика саласындағы ұсыныстар, тәрбиелеу 
теориясы, мектептану, білім берудің техникалық құралдары, 
приборлар мен нұсқалар, табиғи объектілер, тәжірибелік 
инновацияларға жатады.
Білім беру және тәрбиелеу саласында 
жаңалықтар енгізуден жаңа білімді ажырата білу 


104 
керек. Бір жағдайда жаңа идея, жаңа білімнің құрылуы 
іске асса, екіншісінде оны қолдану орын алады.
Инновациялар 
уақыттық 
және 
сапалық 
параметрлеріне қарай ажаратылады. Жаңалықтар 
енгізу уақытқа тәуелсіз бағалануы қажет. Бұл көзқарас 
бойынша, белгілі жағдайды іске асырған педагогтарды 
жаңашылдар деп есептеген жөн. Ғылыми жұмыста іс 
басқа. Бұндай басымдылыққа ғылымда жаңа білімді 
алғаш кім
алса, сол мәселеге қоғамның назарын 
аударса, сол ие болады. Белгілі бір дәрежеде техникаға 
тән түсініктер оқыту немесе тәрбиелеу әдістемесіндегі 
жаңалықтарды сипаттауға қолданылуы мүмкін. Идея 
әр оқу ұйымдарында белгілі болып, әр аймаққа 
таралып өз әсерін
тигізгенімен, бірақ арнайы жаңа 
жағдайларда қаралмайтын болады. Білім беру 
саласында жаңалықтар енгізуді бағалау үшін сапалы
талдау керек. Ол алынған білімнің белгілі білім 
қатарындағы орнын және сабақтастығын көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет